№13 Практикалық тапсырма. Шынжыр жасау
CorelDraw графикалық редакторын іске қосып, Rectangle (Прямоугольник) құрал-сайманын алып, төртбұрыш салыңыз. Оның бұрыштарын Shape (Форма) құрал-сайманымен дөңгелектеңіз (178-сурет)
178-сурет
Пайда болған фигураның көшірмесін жасаңыз.
Бірінші фигураны белгілеп, Outline (Обводка) құрал-сайманын алып, жиегінің қалыңдығын 24 Point Outline (24 пункт) деп беріңіз.
Енді фигураның түсін алып тастаңыз. Ол үшін Fill (Заливка) құрал-сайманынан No Fill (Удалить обводку) таңдап алыңыз (179-сурет).
Шынжыр “алтын” болғандықтан, фигураны белгілеп, Outline (Обводка) құрал- сайманынан Outline Color Dialog (Диалоговое окно цвета обводки) таңдап алыңыз. Ашылған сұхбат терезеде келесі параметрлерді беріңіз: С 5; М 2; У 63; К 8 (180-сурет).
Енді екінші фигураны алып, оны бірінші фигураның үстіне орналастырыңыз да, Порядок → На передний план.
179-сурет 180-сурет
Екінші фигураны белгілеп, ақ түс беріп, жиегінің мөлшерін 1-пункт-қа өзгертіңіз (181-сурет).
Екі объектіні де белгілеп, Interactive Blend (Интерактивное перетекание) құрал- сайманын пайдаланып объектіге көлем беріңіз (182-сурет). Объектілерді біріктіріңіз (группировать).
181-сурет 182-сурет
Енді Bezier (Кривая безье) құрал-сайманын пайдаланып, сызық сызыңыз. Ғ12 клавишасын басып, Outline Pen (Форма обводки) сұхбат терезесін шақырып, келесі параметрлерді беріңіз: Color (Цвет) - сары, Width (Ширина) - 8,467 мм
кіші (максималды) мәнін беріңіз. Line Caps (Оформление конечных точек линий) деген жерде ұштары дөңгелектенген типті таңдаңыз (183-сурет).
Бірінші жағдайдағыдай көшірмені құрылған фигураның үстіңгі жағына орналастырып, ақ түске бояп, Interactive Blend (Интерактивное перетекание) құрал-сайманын пайдаланыңыз (184-сурет). Пайда болған объектілерді біріктіріңіз.
183-сурет
Енді шынжыр салуға көшеміз. Ол үшін ең алдымен
Достарыңызбен бөлісу: |