Казахстан



Pdf көрінісі
бет29/86
Дата06.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#195374
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   86
Байланысты:
дек. Нейрохирургия
Лекция-СД-2курс-каз, Макро- мен микропрепаратар №1, Лейкозы
Субдуралдық гематомалар.
Бассүйек қуысындағы жедел 
гематомалар ішіндегі 40% жедел субдуралық гематомалар. Бұл 
термин субдуралдық кеңістіктегі қанның және қан сұйықтығының 
көп мөлшерде жиналуын түсіндіреді. Көптеген субдуралық 
гематоманың этиологиялық жарақатын, сирек жағдайда олар қарт 
адамдарда, маскүнемдерде немесе артериосклероз кезінде ми 
қабықшасының қабынуы салдарынан, зақымдалуынан пайда 
болады. Субдуралдық гематомалар көбінесе жабық бас-ми 


61 
жарақаттануы себебінен болады. Жарақат алған кезде мидың 
қозғалысының себебінен мидың конвекситалды сагитталды 
синусқа баратын көктамырлар үзіліп субдуралдық гематомаларды 
тудырады. Көктамыр синусқа қосылатын жерде үзілгенде тесігі 
ашық қалып, субдуралдық кеңістікке қан ағады. Көлденең синусқа 
баратын көктамырлардың зақымдалу себебінен қан ағу өте сирек 
кездеседі. Нәрестелердің миын қысатын үлкен көлемді 
гематомалар босану жарақаты салдарынан, әсіресе қысқыштарды 
дұрыс қолданбағаннан болады. 
Клиникалық көзқараспен қарағанда субдуралдық гематома- 
ларды келесі ретпен бөлген жөн: 
1. Мидың шайқалуы және соққыға ұшырауымен қатар 
кездеседі. Ауыр дәрежедегі жедел гематома жарақаттан кейін 
алғашқы 3 тәуліктен кейін көрінеді. 
2. Мидың шайқалуынан және соққыға ұшырауымен қатар 
кездесетін орта және жедел жеңіл дәрежедегі жедел гематомалар. 
3. Жарақаттан кейін 4-14 тәуліктен соң белгілері көрінетін 
жеделдеу гематомалар. 
4. Жарақаттан соң 3 аптадан немесе бір айдан кейін белгілері 
айқын көрінетін созылмалы гематома. 
Субдуралдық гематомалар әдетте мидың үлкен жарты 
шарының конвекситалды беткейінде үлкен көлемде орналасады. 
Олар көбінесе бір жақты болады. Кей жағдайда екі жақта да 
кездеседі. Айқын клиникалық белгілері әдетте үлкен көлемді 
түзіліс дамыған кезде кездеседі. Жедел субдуралдық гематомалар 
кезінде эпидуралдық түрімен салыстырғанда мидың ауыр соққысы 
негізінде гематоманың белгілерін тамырға қалдырады. Тіліп жару 
деректері бойынша субдуралдық гематомалары бар 80% 
науқастарда үлкен көлемде мидың контузиялық ошақтары 
анықталған. Жедел және созылмалы гематомалардың клиникасы 
белгілі бір дәрежеде эпидуралдық гематоманың клиникасына ұқсас 
келеді. Гематомаларды екі жағдайдың болуымен айырады. 
1. Эпидуралдық гематомалар кезінде артериялық қан кетумен 
байқалады. Сондықтан ми компрессиясының клиникалық көрінісі 
жылдам байқалады. Жарты және бір жарым тәулік ішінде 
субдуралдық гематомаларда веналық қан кету, бұл мидың 


62 
басымды белгілеріне жатады және бұлар бірнеше күн немесе 
бірнеше апталар бойы байқалады. Бірақ кей жағдайда айқын 
компрессия жарақаттан соң алғашқы тәулікте байқалуы мүмкін. 
Субдуралдық гематомалар әдетте үлкен көлемде болады. Ал 
эпидуралдық гематомалар мидың шектелген, терең шұңқыр- 
ларында құралады. Субдуралдық гематомаларда ашық үзілістер 
эпидуралдық гематомаға қарағанда айқын байқалады. Жедел 
субдуралдық гематома кезінде, жалпы ми қабықшаларымен бірге 
жергілікгі белгілерімен бірге жүреді, көбінесе қан көп жиналған 
аймақта болады. Субдуралдық гематомалардың клиникасын, 
эпидуралдық гематомалардың клиникасымен салыстырғанда 
жергілікті белгілері айқын байқалады. Олар көз қарашығының 
кеңеюі, субдуралдық гематомалар бөлігінде көп кездесіп, 
эпидуралдық гематомаларда аз кездеседі. 
Ауыр жедел ағымды бас ми жарақаттарында, кейде 
пирамидалық айқын белгілерінде де субдуралдық гематомалар 
орналасқан жағын анықтайды. Бірақ парез қарама-қарсы жағында 
60% жуық, ал гематома жағында 30% болады. Гематомалар 
жағындағы пирамидалық белгілердің жиілігі мидың шетіне қарай 
айқын ығысуына, ми аяқшаларының контралатералды ығысуы 
әсерінен гематома тенториумдық ойықтың өткір қырына 
басылады. Керісінше субдуралық гематома кезінде пирамиданың 
белгілері гематоманың қай бағытта орналасқанын көрсетеді. 
Неврологиялық талдау кезінде пирамидалық белгілердің болуы 
көп жағдайда мидың жарақаттануын және үдемелі субдуралдық 
гематоманың болуын көрсетеді. Осы кезде мидың жарақаттануы 
әсерінен болатын пирамидалық белгілерге сәйкес гематоманың 
белгілері де қатар жүреді. Созылмалы субдуралық гематома 
белгілері қатерсіз ісікке ұқсас болады және бассүйек іші 
қысымының жоғарылауымен сипатталады. Мидың қатты 
қабықшасы синустарының жарақатталуы кезінде жоғары 
сипаттағыдай синусқа енуі, қатты немесе торлы қабықша асты 
аралығының геморрагия туғызуы мүмкін. Біртіндеп гематоманың 
инкапсуляциясы болады. Бұл кезде қабық жағынан да, торлы 
қабықша жағынан да мембрана түзіледі. Субдуралдық 
гематоманың жарақаттан кейін бірнеше уақыттан соң көлемінің 


63 
үдемелі ұлғаюы туралы бірнеше көзқарастар кездеседі. Бірқатар 
авторлардың көзқарасы бойынша бұл ұлғаюы гематома 
мембранасында түзілген жаңа қан тамырларына және гематома 
қуысына қан құйылудан болады. Гарднер (1932) гипотезасы 
бойынша, субдуралық гематома мембранасының жартылай 
өткізгіш қасиеті болады. Сондықтан гематома қуысына қан 
құйылып, жарақаттан кейінгі бірнеше уақыттан соң ұлғаюы 
болады. Осы гипотезаға сәйкес гематома қуысында әр түрлі заттар 
болады. Ұйығыш заттар, қан сұйықтығы, бұлар шоколад түсті, 
құрғақ және ашық қоңыр сулы болады. Айқын болмаған жағдайда 
ангиограмма жасайды. Субдуралық гематома кезінде ангиограмма 
жасағанда ортаңғы ми артериясының тармақтарының доға тәрізді 
иілуі және қан тамырсыз зоналарда қан құйылуға сәйкес, 
консекситалды
аймақтарды көруге болады. Келесі гематомалар 
артерия тармақтарын шектеген аймақта ғана ығысады, ал массивті- 
ми артерияларының бүкіл жүйесіндегі субдуралдық гематоманы, 
барлық кезеңдерінде де ангиограммалық сурет бойынша мидың 
ісінгенін ажыратуға болады. Толық бастың компьютерлік 
томографиясы көмегімен қояды. 
Емі.
Жедел және жеделдеу субдуралдық гематома кезінде бір 
немесе бірнеше трепанациялық тесіктер жасау көрсетілген. Әдетте 
бір тесікті коронарлық тігістен 1 см артқа немесе сагитталды 
тігістен 7 см сыртқа қарай жасайды. Керек жағдайда, тесікті 
сагитталды сызықтан 5 см ара қашықтықта төбе- шүйде аймағында 
жасайды. Субдуралдық гематомаға күдіктеніп, бірақ қай жағында 
екенін анықтамаған жағдайда 2 жағынан да 2 диагностикалық тесік 
жасайды. Әдетте, субдуралдық гематома мидың қатты 
қабықшасынан көрінеді және оны анық диагностика жүргізген 
кезде анықтайды. Жалпақ, үлкен гематоманың болуы сүйектік 
жамаумен болады. Науқастың ауыр жағдайы кезінде жедел 
операциялық көмек көрсету, фрезалық тесіктерді үлкейтумен 
(диаметрі 4-5 см) гематома қуысына жалпақ шпатель енгізумен 
жүргізіледі. Мидың қатты қабықшасын ашқаннан кейін 50-100 мл, 
кейде 200 мл сұйық қан және қою қан құю керек. Ісінген миды 
шпатель көмегімен мұқият ығыстырып, барлық гематоманы алу 
керек. NaСІ-нің жылы изотониялық ерітіндісімен қуысты жуып, 


64 
қалдықтарды жіңішке сорғыш ұштықпен сорып алады. Қан резина 
баллоны көмегімен фрезалық тесік арқылы гематома қалдықтарын 
сорып, оның қуысын көрсетілген ерітіндімен жууға болады. 
Гематома қалдықтарын толық алу үшін жалпақ сүйек пластикалық 
трепанация әдісімен бірге бір тесік салу керек, бірақ бұл кезде 
гематома толығымен алынбайды. Бұл әдіс өте кәрі адамдарда және 
комалық жағдайдағы науқаста, жеңіл орындалатын операция 
көрсеткіші болған кезде қолданылады. Бұл науқастарды қорқыныш 
жағдайынан шығаруға көмектесіп, көп жағдайда пластикалық 
емдеумен аяқталады. 
Созылмалы субдуралдық гематоманың хирургиялық емі 
сүйектің жыртылып ашылуына, содан соң оның қара түсті мидың 
қатты қабықшасының көрінуіне әкеледі. Мұны субдуралдық 
гематомалардан бірден ажыратады. Мидың қатты қабықшасын 
ашқан соң гематоманың сыртқы қабырғасы ісінеді - оны ашып 
тастап қуысын босату керек. Содан соң гематоманың сыртқы 
қабырғасын, оның периферияда жабысып орнынан кесіп алады, 
ішкі қабырғасын да ашылатын шамаға дейін тазартады. Қуысты 
тазалап жатқанда перифериялық көктамырды кесіп кетпеу керек, 
осыны біліп мембраналық бір бөліктерін қалдырады. Кейде 
операциядан соң гематоманың қуысына қайтадан қан кетуі мүмкін. 
Мембрананың ішкі бөліктерін алғанда қыртыстағы артериялық 
тамырларын зақымдайды. Содан соң мидың қатты қабықшасын 
тігіп, сүйек сынығын артқа қояды және қабат аралық тігіс салады. 
Жедел және жеделдеу субдуралдық гематомалардың отадан 
соң өлімге көп әкеп соқтыруының себебі мидың ішкі 
геморрагиясымен ми жарақатының бірге қосылып жүруіне 
байланысты. 
Нәрестелердегі үлкен субдуралдық гематомалар, босанғанда 
қысқыштарды дұрыс қолданбаудың әсерінен пайда болады. Ол 
гематоманы үлкен еңбектің бүйір бөлігін пункциялау арқылы 
алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет