Кэролайн Уилсон Алтон Гриззл Рамон Туазон Кваме Акьемпонг Чи-Ким Чун медиa және ақпaрaт тық сaуaт тылық: ОҚытушыларға көмекші қҰР



Pdf көрінісі
бет86/158
Дата06.10.2022
өлшемі5,13 Mb.
#151884
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   158
Байланысты:
Султанбаева ЮНЕСКО 23,11,18


5-мо
ду
ль


112
Нақты бір станцияны таңдап, 1-2 сағат ішінде болатын бағдарламаларды көріңіз неме-
се тыңдаңыз. Бұл уақыт ішінде берілген жарнамалық жолдаулардың тізімін құрыңыз. 
Нақты бағдарламалар беріліп жатқан кезде жарнама беру себебін түсіндіріңіз. Со-
нымен қатар, жарнамалық жолдауларға назар аударыңыз. Жоғарыда көрсетілген 
уақытта жарнамалық стратегиялардың әсеріне баға беріңіз де, олар өздерінің 
мақсатты аудиториясына жететінін анықтаңыз. 
Сіздің аймақтағы бірінші ондыққа кіретін телебағдарламалардың рейтингтерін 
қарастырыңыз. Бір телевизиялық бағдарламаны таңдаңыз да, осы бағдарлама аясын-
да беретін қандай жарнама түрін беретініңізді шешіңіз. Бұл уақытта қамтуға мүмкін 
болатын мақсатты аудиторияны анықтап, таңдауыңызды түсіндіріңіз. Осы уақытта
30 секундтық жарнамалық жолдаудың табыс көлемін анықтау үшін зерттеу жүргізіңіз.

Медиадағы басты табыс көзі жарнама болғандықтан, басылым еркіндігін, 
сөз еркіндігін ысырып қою керек пе? Бұл саясаттың мүмкін салдары қандай? 
Мемлекеттік субсидияларды мемлекеттік медиа мен өзге де ақпарат тасымал-
даушыларға беру керек пе? Мемлекеттік немесе жекеменшік медиа және өзге де 
ақпарат тасымалдаушылар жарнамадан алынатын табыс жайлы мемлекет алдын-
да есеп берулері керек пе?

Медиа мен өзге де ақпарат тасымалдаушылардың басты мақсаты – пайда табу. 
Бұл сөзді талқылаңыз. Медиа және өзге де ақпарат тасымалдаушылар жарнама-
сыз өмір сүре ала ма? Медиа және өзге де ақпарат тасымалдаушылар жарна-
мадан келетін табысқа бола қоғамдық қызығушылықтарды ысырып қоятынын 
білген азаматтар қандай әрекет жасау керек?
ЕСКЕРТУ:
Бұл жaттығу гaзеттер, журнaлдaр, сaйттaрға да бейімделген болуы мүмкін.
 БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
стaндaрттaр мен нормaлaрғa сәйкес жaрнaмaлық жолдауларды тaлдaу және бaғaлaу;
телевизиялық бағдарлама, жарнама және табысты қарастырып, баға беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет