Белгісіздікті және тәуекелді есебке алу.
Белгісіздік деп ақпараттың жетпеуін немесе толық еместігін айтады. Тәуекел кәсіпкердің өз қаржысын жоғалту ықтималдылығын көрсетеді.
Белгісіздік пен тәуекелдің келесі түрлерін ескеру қажет:
Экономикалық заңдылық, ағымдағы экономикалық жағдай, инвестиция жасау жағдайлары.
Сыртқыэкономикалық тәуекел.
Саяси жағдай тұрақсыздығы, қолайсыз әлеуметтік-саяси өзгерістер.
Бағалардың валюталық курстарының өзгеруі, нарық конъюнктурасының өзгеруі.
Табиғи-климаттық факторлар.
Өндірістік-технологиялық тәуекел.
Тәуекелді арнайы экономикалық-математикалық әдістер көмегімен компьютермен есептеуге болады.
Егер тәуекел ықтималдлығы белгілі болса, инвестициялардан болатын жалпы нәтиже математикалық күтім формуласы бойынша анықталады:
Эi – іске асырудың i-й шарты бойынша интегральды нәтиже.
pi – i-й шарттың іске асу ықтималдылығы.
Жобаны таңдау белгілері: мақсаты, сыртқы және экологиялық белгілер, жобаны іске асыратын инвестордың белгілері, ғылыми-техникалық белгілер, коммерциялық белгілер, өндірістік белгілер, нарық белгілері, аймақтық ерекшеліктерді есебке алатын белгілер.
Достарыңызбен бөлісу: |