Рецепт үлгісі
0,9 % 500 мл залалсыздандырылған изотонды натрий хлоридінің (Solutio Natrii chloride isotonica 0,9 %) изотонды ерітіндісіне жазыңыз. Тері астына тамшылатып енгізу үшін белгілеңіз,
Rр.: Solutio Natrii chloridi isotonica 0,9 % - 500ml
Sterillisetur!
D.S. Тамшылатып енгізу үшін.
|
Әртүрлі дәрілік түрлер
Көз қабықшалары мен аэрозольдер жаңа дәрілік түрлер болып табылады, сонда да қазіргі медициналық тәжірибеде өте кеңінен қолданылады,
Көз қабықшалары – Membranulae ophthalmicae (көз пленкалары – Nom. sing. Membranulae ophthalmicae s. s. LаmеІІае. Асс. sіng. Membranulae ophthalmicas. s. Lamellas). Көз қабықшалары - белгілі бір мөлшердегі және құрамындағы дәрілік заттардың көз сұйықтықтығында еритін, өлшемі 9 х 4,5 х 0,35 мм залалсыздандырылған көз пленкасы. Тығындалып жабылған флакондағы пленкаларды 1 жылға дейін сақтауға болады. Көз қабықшалары рецепте қысқартылған түрде жазылады:
Рецепт үлгісі
Құрамында пилокарпин гидрохлориді бар (Membranulae ophtalmicae сum Ріlосаrріnі һуdrосһlоridо) 30 көз пленкасына жазыңыз. 1 пленкадан қабақтың төменгі жағына тәулігіне 1 рет белгілеу үшін.
Rр.: Membranulae ophtalmicae сum Ріlосаrріnі һуdrосһlоridо N.30
D.S. 1 пленкадан қабақтың теменгі жағына күніне 1 рет.
Достарыңызбен бөлісу: |