Қоғам өмірінде орын алатын әлеуметтік үрдістер мен проблемаларға, оның даму тенденцияларына жан-жақты талдау жасап, ғылыми тұрғыдан түсіндіруде әлеуметтанудың алатын орны зор. Бұл түсінікті де, өйткені, адамзат қоғамы үнемі өзгеріп, дамып отырады. Ал даму, өзгеру барысында әр заманда қоғамда шешілмеген проблемалар, қиындықтар, қайшылықтар орын алады. Сол себептен ғылым, әсіресе, әлеуметтану ғылымы, қоғам өміріндегі қиындықтардың, қайшылықтардың себептерін ашып,оларды шешуге байланысты ұсыныстарды негіздеумен айналысады.Қоғам өмірінде әлеуметтану ғылымының назарынан тыс қалатын объектілер кемде-кем. Әлеуметтану ғылымы жекеленген индивидтер арасындағы қарым-қатынастарды, байланыстарды одан әрі нығайтып, олардың сана-сезімдерін жетілдіріп, мінез-құлықтарын, іс-әрекеттерін реттеуде маңызды рөл атқарады. Сөйтіп, ол қоғамдық қатынастардың барынша дамуына, қоғам мүшелерінің өзара түсіністікте, келісімде өмір сүрулеріне ықпал етеді.