Кіріспе Микробиологияның даму тарихы


Морфология. Көлемі 1,6 – 3,1 * 0,6 – 1 мкм таяқшалар. Қозғалмалы перитрихтар. Споралары субтерминалды орналасқан. Грам оң. Культивирлеу



бет55/69
Дата18.12.2023
өлшемі206,68 Kb.
#197486
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция

Морфология. Көлемі 1,6 – 3,1 * 0,6 – 1 мкм таяқшалар. Қозғалмалы перитрихтар. Споралары субтерминалды орналасқан. Грам оң.
Культивирлеу. Факультативті анаэробтар. Ет және казеин ортасында өседі. Қанды агарда жылтыр, шеттері тегіс колония құрайды, айналасында гемолиз аймағы бар.
Ферментативті қасиеті. Қантыдырату қасиеті жоқ. Белокыдырату қасиеті: желатинді ерітеді.
Токсинтүзуі. λ - токсин – некроз және қаза тудырады. β- фактор – коллагенді бұзады.

Clostridium sordellii
1922 жылы Сорделли анықтаған.
Морфология. Көлемі 3 – 4 *1,1 – 1,5 мкм таяқшалар. Қозғалмалы перитрихтар. Споралары сопақ, субтерминалды орналасқан. Грам оң.
Культиверлеу. Факультативті анаэробтар. Тығыз қоректік ортада ақ – қоныр томпақ колониялар құрады. Қанды агарда жіңішке гемолиз аймағы болады. Сұйық ет және казеин қоректік ортасында кілегей құрып тез өседі.
Ферментативті қасиеті. Қантыдырату қасиеті: глюкозаны, мальтозаны, фруктозаны ыдыратады. Лактоза мен сахарозаны ыдыратпайды.
Белокыдырату қасиеті : желатинді жәй ерітеді, сарысуды ұйытады, олар индол, күкірттісутек, уреаза құрайды.
Clostridium sordellii лецитиназа, гиалуронидаза, гемолизин, фибринолизин құрайды.
Токсинтүзуі. Қазаға келтіретен белсенді токсин бөледі.
Қоршаған орта факторына төзімділігі. Споралары топырақта көп жылдар сақталады. Жануарларда ауру тудырады.
Инфекция көзі. Қоршаған ортаға клостридилер жануарлардың ішегінен түседі.
Таралу жолдары. Тері зақымданғанда жарақатқа топырақ т.б. лас заттар түсіп ауру қоздырады. Сонымен қатар газды гангрена операциядан кейін, егілуден кейін, аборттан кейін де болуы мүмкін.
Патогенез. Жарақатқа түскен споралар мен вегетативті формалары көбейіп, экзотоксин бөлінеді, ол тканьдерді жансыздандырады.
Иммунитет. Аурудан кейін иммунитет әлсіз. Белсенді иммунитет анатоксинмен иммундаудан кейін пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет