Ферментативті қасиеті – қантыдырату қасиеті белсенді – сахарозаны, мальтозаны, арабинозаны, рамнозаны, глюкозаны, маннитті қышқылға дейін ыдыратады.
Оба бактерияларының 2 варианты бар – глицеринді бөлетін және бөлмейтін.
Белокыдырату қасиеті аз дамыған: желатинді ерітпейді, сүтті ұйытпайды, күкірттісутек құрады.
Оба бактериялары фибринолизин, гемолизин, гиалуронидаза, коагулаза өндіреді.
Токсинтүзуі. Оба таяқшасының токсині экзо – және эндотоксиннен тұрады. Ол адамға өте улы. Оны тышқан уы деп атайды, себебі тышқандар оған өте жоғары сезімтал.
Антигендік құрылымы – өте күрделі.
Қоршаған орта факторына төзімділігі. 100 градус температурада оба таяқшаларын бірден өлтіреді, 80 градус температура 5 минуттан кейін өлтіреді. Төмен температураға төзімді: 0 градус температурада 6 айға дейін сақталады, қатырған өлікте 1 жылға дейін сақталады. Күн сәулесі 2-3 сағаттан кейін өлтіреді. Кептіруге сезімтал. Тағамдарда 2 айдан 6айға дейін сақталады.
Дезинфекциялаушы ерітінділер 5- 10 минуттан кейін өлтіреді, әсіресе сулема мен карбол қышқылына сезімтал.
Жануар қабылдаушылығы. Негізгі тасымалдаушылар- кемірушілер: сарышұнақтар, суырлар. Олар обаның табиғи ошақтық көзі. Обаға егеуқұйрықтар, тышқандар, түйелер, түлкілер, мысықтар сезімтал.
Инфекция көзі. Ауру жануарлар, кемірушілер.
Таралу жолдары.
1) негізгі таралу жолы – трансмиссивтік
. Тасымалдаушылар- бүршелер. (кеміруші- бүрше- адам)
2) ауа- түйіршіктері (обаның өкпе түрінде ауру адамнан ауа түйіршіктері арқылы жұғады)
3) тағам арқылы (сирек кездеседі)
Патогенез. Тері және тыныс жолдарының, асқорыту жолдарының кілегей қабаты арқылы енеді. Енген жерде папула пайда болып, ол қанды – іріңді пустулаға айналады. Лимфа түйірлері арқылы микробтар қанға өтіп, бактериемия тудырады. Қан арқылы ішкі мүшелерге түседі. Түскен жеріне байланысты әртүрлі болады: тері, тері- бубонды, ішектік, өкпе, I- септикалық . Көбінесе бубонды түрі кездеседі. Ауру жедел түрде басталады: интоксикация, қызу, бас ауру, т.б.
Иммунитет – тұрақты.
Алдын-алу шаралары. Жалпы шаралар- дер кезінде анықтау, ауруды оқшаулау, жанасуда болған адамдарға карантин салу. Ошақта дезинфекция, дезинсекция, дератизация жасау. Жанасуда болған адамдарға стрептомицин беріледі. Мемлекеттік шекараны қорғау.
Емі. Стрептомицин , тетрациклин, арнайы фаг, обаға қарсы иммуноглобулин.
Микробиологиялық мәселелер.
Зерттеу мақсаты. Оба қоздырғышын анықтау.
Зерттеу материалы. 1. Тері түрінде- жараның ішіндегісі
2. бубонды түрінде- бубонның ішіндегісі
3. өкпе түрінде – қақырық
4. ішек түрінде- нәжіс
5. қан – барлық түрінде
6. секциялық материал
7. бүршелер- ішегінің ішіндегісі
8. өлген тышқандар, егеуқұйрықтар –
қанын және мүшелерін зерттейді.
Негізгі зерттеу әдісі. 1. Микроскопиялық
2. бактериолоиялық
3. биологиялық
4. люминесценттік серологиялық әдіс.
Достарыңызбен бөлісу: |