Кіріспе Микробиологияның даму тарихы


Тақырыбы 12. Венерологиялық, урогениталдық инфекциялар қоздырғыштары. Бактериалық трансмиссиялық инфекция қоздырғыштары



бет64/69
Дата18.12.2023
өлшемі206,68 Kb.
#197486
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
Байланысты:
микробиология лекция

Тақырыбы 12. Венерологиялық, урогениталдық инфекциялар қоздырғыштары. Бактериалық трансмиссиялық инфекция қоздырғыштары

Жыныс жолдары арқылы жұғатын қоздырғышы қазіргі кең таралып, негізгі өзекті тақырыбына айналды. Соңғы он жылда Қазақстанда мерез, соз (іріңді қабыну) және басқа да инфекциялық аурулар, сонымен қатар жыныс жолдарымен жұғатын, • яғни урогенитальді хламидиоз бен микоплазмоз ауруының таралуы өсіп келеді. Қоздырғыштың сипатын, патогенезін және клиникасын, инфекция тудыратын диагностикалык эдісін білу болашақ дэрігерге оның профилактикасын және емдеу тәсілін анықтау үшін көмегін тигізеді.


Патогенді спирохеталар
Спирохеталар (Speira – иілген /изгиб/, chaite - шаш) – спиральға ұқсас иілген, өте жіңішке (шаш сияқты) қозғалғыш бактериялар. Берджи анықтамасы бойынша Srirochaetalis қатары Srirochaetaetaceae тұқымдастығында адамға патогенді 3 туысы бар – Borrelia, Treponema, Leptospira.
Трепонемалар Treponema (trepo – айналдырамын, nemo - жіп) Трепонемалардың 3 патогендік түрлері анықталған:
 Tr. pallidum – мерездің қоздырғышы
 Tr. pertenie – фрамбезияның қоздырғышы
 Tr. caratium – пинтаның қоздырғышы
Мерез (сифилис, люэс).
Мерезбен тек қана адамдар ауырады. Ол циклдарымен өтетін венерологиялық (соз) ауру. Адамға көбінесе жыныстық жол арқылы беріледі немесе қатынастар арқылы – ыдыс, темекі, орамал (тұқым себілген заттар)арқылы беріледі. Туа пайда болған түріде кездеседі. Инкубациялық кезең (жасырын) 10күннен бастап 90 күнге дейін созылады. Көбінесе инфекцияны жұқтырғаннан 3-4 аптадан кейін алғашқы мерез басталады. Қоздырғыштың өлген жерінде қатты шанкр пайда болады. Трепонемалар сол жерде көбееді. Сол жолдар арқылы лимфа регионарлық түйіндеріне жетеді, ал әрі қарай қан арқылы бүкіл ағзаға тарайды. Сол уақыттан бастап екіншілік мерез басталады – инфекция жайылуына байланысты бөртпе пайда болады. Бөртпелер әртүрлі (полиморфты), розеола, папула, пустула, везикула болады. Екіншілік мерезде қоздырушысына қарсы антиденелер түзіледі. (IgG, IgM). Егер ауру адам емделмесе 3-4 жылдан кейін үшіншілік мерез басталады, бұл кезде тері асты клетчаткасында, ішкі органдарда, аортада гуммалар пайда болады (гуммалар лимфоциттерден, плазматикалық клеткалардан, моноциттерден тұрады). Гуммалар аллергияның көрсеткіштері. Олар ағзада бірнеше жылдар бойы сақталуы мүмкін. Төртіншілік мерез – нейромерез, трепонемалар жүйке жүйесіне әсер етіп прогрессивтік паралич пен жұлын сухотканы тудыруы мүмкін. Иммунитет. Мерез кезінде пайда болған иммунитет стериьді емес.Екіншілік мерезден бастап антиденелер түзіледі. Мерез кезінде G, M, E иммуноглобулиндері пайда болады. Аурудан жазылған соң, иммундық есте ешқандай хабар сақталмайды. Сондықтан неше рет жұғады сонша рет ауырады. Лабораторлық диагностикасы. Зерттеу материалы – шанкрдің, бөртпенің бөлінділері, қан. Зерттеу әдістері – микроскопиялық, серологиялық. Микроскопиялық – трепонемалар анилинді бояуларды нашар қабылдайды. Грам әдісімен бояғанда грам теріс, Романовский –Гимзе әдісімен бояғанда (2 сағ) ашық – қызғылт түске боялады. Формасы спираль тәріздес (бұрандаға ұқсас), 8-12 дұрыс формалы иірімдері (айналымдары) бар. Спора, капсула түзбейді, талшықтары жоқ. Қозғалғыш Ілінген немесе езілген тамшыда қозғалғыштың 4 түрі анықталады: алға қарай жүру, айналу, ирелеңдеп жүру және толқындап жүру. Қозғалғыштық кіндік жіпшелердің (осевая фибрилла) барысымен бағытталған, жиырылу арқылы қозғалады. Физиологиялық қасиеттері: Қатал анаэроб. Қоректік орталарда нашар өседі, тек ми қосқан қоянның қан сарысуында, оттегісіз жағдайда 370С жақсы өседі. Өскен трепонемалар мінездік, морфогендік, иммуногендік және патогендік қасиеттерін жоғалтады. Сондықтан диагностика үшін биологиялық әдіс қолданбайды. Емдеуі – пенициллин және оның дюрантты препараттары (бициллин-1,3,5; тетрациклин, олететрин, эритромицин, сифлокс, клофоран). Антибиотикке қосымша висмут және йод препараттары ұсынылады (бийохинол, бисмоверил, пентабисмол, йодид натрии, йодид калии, кальцийодин).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет