7.ЗЫРЛАП КЕЛЕ ЖАТЫР... Велосипедіммен төбеден төмен қарай зырлап келе жатыр едім... бір шетімнен машина шыға келді. Ол тоқтап үлгермеді, мен машинаның астынан бірақ шықтым. Одан арғысы есімде жоқ Көзімді ашсам ауруханада жатыр екем, басымды, аяғымды таңып тастапты...
Әкем қайтыс болғаннан кейін түрмыстың бар тауқыметі анамның мойнына түсті де мен ұзақты күнге үйде жалғыз қалатын болдым. Сосын ермек етіп, ойнап жүрсін деді ме, анам маған үш дөңгелекті велосипед сатып әпереді. Велосипед болғанда, керемет енді! Аргқы дөңгелектерін қозғайтын пынжыры, ортасында аяқ қоятын басқышы бар мүндай ыелосипед бүл ауылда некен-саяқ еді.
Балалардың бәрі менің соңымда. Қызығады. Айдағысы келеді. Көңілім түскенде ішіндегі өзім тәуір көретін Нұрқанат, Ербол сияқты балаларға кішкене беріп, тепкізіп алатынмын. Нұрқанаттың шешесі Нұрғаным мұнымды жақтырмайды. -«Өзі де жұмыс істемейді, өзге балаларға да, жұмыс істеткізбейді » деп Жарқынай апайға пыш- пыштап жатқаны.
«Әлден баласының айтқанын істейді. Ертең мәшине әпер десе қайтер екен» деп оған Жарқынай апа қосылады.
Міне, сол велосипедті көзге күйік қыла бермей көрші ауылдан келген бір мас жүргізуші машинасымен мыжып өте иықты, ал мен алыстағы ауруханадан бір-ақ шықтым.