НЕГІЗГІ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАР
1.
Әйел жыныс мүшелерінің аумағы күрделі анатомияға ие. Бұл ішкі және сыртқы жыныс мүшелеріне
бөлінеді.
2.
Гликогенмен және қышқыл pH-мен қатар бактериялардың болуы қынаптың сау күйіне алғышарт болып
табылады.
3.
әйелдерге арналған тазалағыш және хош иістендіргіш өнімдер тазалағыш заттың түріне байланысты
сыртқы жыныс мүшелерінің аймағына немесе қынапқа жағылады. Бұл өнімдер әйелдерге арналған
жуу құралдарын, майлықтарды, сеппелерді, ерітінділер мен спрейлерді қоса алғанда, түрлі нысандарда
қолжетімді.
4.
Лубриканттар мен әйелдерге арналған ылғалдағыштар құрғақтықты азайтуға көмектеседі және әдетте
жыныстық қатынас кезінде ләззат алып, жарақатты барынша азайту үшін қолданылады.
5.
Спермицидтер – спермицид (яғни сперманы өлтіретін) ингредиенттері бар жергілікті бала көтертпейтін
дәрілер.
6.
Қышуға қарсы және саңырауқұлаққа қарсы дәрілік зат әйелдердің сыртқы жыныс мүшелерінің және
қынаптағы қышуды, тітіркенуді, ашытуды, бөлінетін заттарды және инфекцияларды жеңілдету үшін
қолданылады.
7.
Әйелдер гигиенасы өнімдерінің сапасына байланысты әдеттегі проблемаларға: аэрозольдік өнімдердің
клапандарының бітелуі, әйелдер шайғыштарының нашар көбіктенуі, эмульсияның бөлінуі, вагиналық
суппозиторийлердің дұрыс емес нысаны, микробиологиялық ластану, түйіршіктену және ашып кету
жатады.
8.
Әйелдердің гигиеналық өнімдерінің сапасын бағалау үшін әдетте тексерілетін параметрлер осмолялдықты;
тозаңдану қабілетін; аэрозоль баллондары мен аэрозоль өнімдері үшін қысыммен сынауды; лосьондар
мен кремдердің ағылуын, қысылымдануын, құрылымы мен мықтылығын; әйелдерге арналған тазалағыш
өнімдері үшін көбіктенуді, көбіктену тұрақтылығын, көбіктің тығыздығын, көбіктің тұтқырлығы мен
көбіктің құрылымын; іске қосу күшін; түсін; тұтқырлығын; осмолялдығын; консерванттың тиімділігін;
және рН-ты қамтиды.
9.
Әйелдер гигиенасы құралдарының өнімділігіне (тиімділігіне) қатысты ең жиі тестіленетін параметрлер
презервативтердің вагиналық лубриканттармен үйлесімділігін, спермицидтік тиімділікті және зеңге
қарсы тиімділікті тестілеуді қамтиды.
10.
Кейбір қауіпсіздік мәселелері әйелдер гигиеналық құралдарының қауіпсіз пайдалануына қатысты
бұрын туындаған. Негізгі проблемалар cеппелердегі талькпен және
Lactobacillus
қалыпты флорасына
майлардың теріс әсерімен байланысты болды.
Кіріспе
«Гигиена» термині сау жағдайларды қолдауға арналған рәсімдер мен қағидаттарға жатады.1 Әрбір әйелдің
гигиена бойынша ол әрбір цикл кезінде сезіне алатын жеке қалауы мен симптомдарына негізделген әйел
күтіміне қатысты өзінің бірегей қажеттіліктері бар. Әйел жыныс мүшелерінің денсаулығы мен жақсы күйінің
маңызы зор. Көптеген әйелдер әйелдерге арналған күнделікті гигиеналық өнімдерін пайдаланады. Әйелдер
гигиенасы құралдарына тазалағыш және хош иістендіргіш заттар, жергілікті маңызы бар кремдер және
бактериялық және саңырауқұлақ инфекцияларын емдеуге арналған лосьондар, жергілікті контрацепция үшін
спермицидтер, құрғақтық симптомдарын жеңілдетуге арналған майлайтын және ылғалдандыратын құралдар,
сондай-ақ гигиеналық төсемдер, күнделікті төсемелер, тампондар мен зәр ұстамаудан төсемдер кіреді. Бүгінгі
күні түрлі мөлшерленге түрде көптеген өнімдер бар.
Бұл бөлімде әйелдердің жыныс мүшелері, гигиена құралдарының артықшылықтары мен кемшіліктері,
сондай-ақ өнімдердің кең таралған түрлері, олардың ингредиенттері мен рецептуралық шешімдері туралы
шолу ұсынылған. Сонымен бірге бұл жерде сапаны бақылаудың негізгі мәселелері мен әдетте осы өнімдердің
өнімділігі мен сапасын бағалау үшін пайдаланылатын тесттер қарастырылады. Және де ең көп таралған
қауіпсіздік мәселелері талқыланады.
Достарыңызбен бөлісу: |