Бесін әлеті. Бірінші бөлімдегі көрініс. Орындықта Жамал отыр. Кірмеден Рауза шығады.
Рауза(Жамалға жақындап). Ерте шығыпсыз ғой, Жамал Ахметовна.
Жамал. Үйден аула жақсы. Үйде біраз отырсам, өпкем қысылып кетеді. Аулаға шықсам, тынысым ашылып, көңілім көтеріледі.
Рауза. Мен де сөйтем.
Жамал. Онда әңгіме баста.
Әріден жанында жұпыны киінген кейуана бар орта жастағы кісі келе жатады. Бұл – келесі кірмеде тұратын Шотай.
Жамал.Шотай – ау, қайдан келесің? Мына кісі кім?
Шотай. Папамының қарындасы. Қарттар үйінде тұрады. «Демалыс күндері үйлеріңе алып кет» – деп телефон соққан соң барып, әкеле жатырмын.
Кейуана ештеңені елемей, ақыл – есі түгел емес адамның кейіпімен күлімсіреп барып орындықтың шетіне отыра кетеді.