Лекция 1 Трансформаторлар


-дәріс 1. Үш фазалы трансформаторлар



бет20/72
Дата07.02.2022
өлшемі2,65 Mb.
#97606
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   72
Байланысты:
Техн қонд эл маши лекция казакша

5-дәріс


1. Үш фазалы трансформаторлар.
1.1. Үш фазалы трансформаторлардың магнит өткізгіштігішінің құрылыс ерекшеліктері.
1.2. Үшфазалы трансформаторлар орамдарының белгіленуі және жалғану топтары.
1.3. Үшфазалы трансформаторлардың орамаларын жалғау топтары.
1.4. Үшфазалы трансформаторларды пареллель жұмысқа қосу.
1.5. Үшфазалы үшорамалы трансформаторлар.
2. Арнайы қызметтерге арналған трансформаторлар.
2.1. Автотрансформаторлар.
2.2. Пісіру трансформаторлары.
2.3. Өлшеуіш трансформаторлар.


1. Үш фазалы трансформаторлар. Үш фазалы трансформаторлар фазалық құрлымы жағынан екі немесе үш орамалы болады да, оларды екі немесе үш орамалы дейді.


1.1. Үш фазалы трансформаторлардың магнит өткізгіштігішінің құрылыс ерекшеліктері. Үш фазалы кернеуді (ЭҚК) трансформациялау үшін үшфазалы трансформатор қолданылады. Ең көп тарағандары өзекшелері бір жазықтықта орналасқан (1.11-сурет) үш фазалы үш өзекшелі трансформаторлар.
Мұндай трансформаторлардың сипаттамалық ерекшелігі оның магнит жүйесінің симметриялы болмауы, ортадағы магнит өткізгіштің өзекшесі шеткілерінікінен қысқа. Бұл ең бастысы бос жүріс кезінде білінеді.
Кіші қуатты трансформаторлар үшін симметриясыздық 50% жетуі мүмкін ІАхх схх=(1,2…1,5) вхх. Мұндай жағдайда бос жүріс тоғы үш фазаның тоқтарының орташа арифметикалық мәніне теңеп алынады. Аталып өткендегідей бос жүріс тоғы (0,02…0,1)Ін болғандықтан қуаттылығы шағын трансформаторлар үшін тоқтардың симметриясыздығы екінші ораманың магнит ағынының магнисіздену факторлары есебінен аз жүктеме кезінде де әсер етпейді. Фаза тоқтарының жүктелудегі симметриясыздығынан туған табиғи немесе жасанды симметриясыздық, ЭТН курсынан белгілі болғандай, трансформатордың құрлыс бөлігінде ,бактың қабырғасына және тартпа болттар арқылы еріксіз тұйықталуынан магнит ағынының үшінші гармоникалық құраушысы пайда болады.

1.11-сурет. Өзекшелері бір жазықтықта орналасқан үшфазалы үшөзекшелі кернеу трансформаторы: 1 – магнитөткізгіш; 2 – төменгі кернеу орамасы; 3 – жоғарғы кернеу орамасы.

Нәтижесінде бұл бөлшектерде, гистерезис құблысынан құйынды тоқтардың әсерінен, қосымша шығындар болады. Іс жүзінде трансформатордың бактарындағы шығын, олардың магнит өткізгіштіктеріндегі шығынның (50…60%) на жетуі мүмкін. Бос жүрістоқтарының симметриясыздығын, тәуелсіз магнит жүйесі бар үшфазалы трансформаторды пайдалану немесе брон типті трансформаторды пайдалану арқылы болдырмауға болады.



1.12-сурет. Тәуелсіз магнит жүйелі топтық үшфазалы кернеу трансформаторы.


Тәуелсіз магнитті жүйелі трансформаторлар- топтамалы үшфазалы трансформатор, ол үш бір фазадан тұрады (1.12-сурет). Мұндай трансформаторлар,әсіресе брон типтері АҚШ-та, сондай-ақ тоқ беретін үшфазалы желілерде, тарату жүйелерінде кеңінен қолданынылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет