1.1. Бос жүріс сипаттамасы– бұл жүктеусіз жұмыс кезінде статор орамасында индукцияланатын Е10нің айналу жылдамдығы тұрақты, қалыпты, кездегі қоздыру орамасының тоғына Ів тәуелділігі, демек; n= nн = Const (3.8-сурет) кезінде Е10=ƒ(І2).
Бос жүріс сипаттамасы ЭҚК пен қоздыру тоғы арасындағы сызықты емес тәуелділік болып табылады. Мұның сызықсыздығы машиненің магнит өткізгіштеріндегі болат бөліктерінің қанығу құбылысына байланысты. Магниттегіш тоқтың шамасы, белгілі мөлшерге жеткенде, магнит ағынының өсуі баялайды, ал содан кейін, іс жүзінде, мүлде тоқталады. Қоздыру орамасындағы тоқтан ЭҚКтің өсу сипатының тәуелділігі, болаттағы магниттену қисығына ұқсас: В=ƒ(Н). Болаттың қанығуына қарай магниттендірудің өсуі баяулайды да, одан соң тоқталады. Қоздыру орамасындағы тоқтың одан кейін өсуі, магнит ағынының айтарлықтай өсуіне әкелмейді. Іс жүзінде, статор орамасында қоздыру тоғы болмағанның өзінде болат полюстеріндегі қалдық магнетизмнің магнит ағынан шамалы ЭҚК индукцияланады.
3.8-сурет. Синхронды генератордың жүктемесіз жұмысының тәжірибе жасау жолымен алынған сипаттамасы.
|
3.9-сурет. Синхронды генератордың жүктемесіз жұмысының қорытынды (қалыпты) сипаттамасы.
|
Бұл болатты жасанды магниттендіргенде, болаттың магнитизмді жарым-жартылап сақтап қалу қабілетіне байланысты. Турбогенератор статоры орамасының қысқыштарындағы кернеу (0,4…15) кВ, әдетте, гидрогенератордағыдан жоғары (0,4…10) кВ.
Бос жүріс сипаттамасын есептеу тәжрибе жолдарымен немесе магниттену қисықтарын пайдаланып алуға болады. Әр бөлімнің материалдары үшін берілген мөлшердегі магнит ағынын туғызуға қажетті, магниттегіш күш есептеледі. Магниттегіш күш полюстер орамасындағы қоздыру тоғына Ів, ал ЭҚК Е10 өз кезегінде қоздыру тоғына Ів пропорционал болғандықтан Е10=ƒ(Ів) қисығы масштабына сәйкес Ф=ƒ(Н) магнит сипаттамасы болып табылады.
Бос жүріс сипаттамасын, тәжрибе мәліметтері бойынша тұрғызуға болады. Есептеумен немесе тәжрибе жолымен алынған жүктеусіз жұмыс сипаттамасы, синхронды мәшиненің алмастырма эквивалентті электр телсімінің өлшемдерін анықтау кезінде пайдаланылады. Инженерлік тәжрибеде бос жүріс сипаттамасын анықтау үшін, өлшемдері тәжрибе мәліметтерімен жақсы үйлесетін синхронды генератордың "қалыпты" сипаттамасы деп аталатын, салыстырмалы бірлікті пайдаланады (3.9-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |