Лекция Кіріспе. Сумен жабдықтау және суды әкетудің негізгі мақсаттары



бет18/56
Дата12.10.2019
өлшемі4,02 Mb.
#49759
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56
Байланысты:
умк транспортирование каз


2 Көп айналмалы торды есептеу
Айналмалы тордағы нүктеде алынатын шығынды қамтамасыз ету үшін суды әртүрлі бағытпен алып келуге болады, өйткені олардың жеке учаскелері тек тізбекті ғана емес, сонымен қатар шырмалып та жалғанған. Бір көшенің бойынан өтетін судың көлемі сәл ғана өзгеретін болса, онда ол міндетті түрде басқа көшелерден өтетін су көлеміне әсерін тигізетін болады. Сондықтан тармақталған тордан бұлардың айырмашылығы олардың учаскелеріндегі шығындарды табу қиынға түседі. Мұндай тордың әр учаскесінде диаметр және шығын белгісіз.

Егерде айналымдар санын n, түйіндерді m, ал учаскелер санын P деп белгілесек, онда қандай айналмалы тор болмасын барлық кезде m+n=p+1 өрнегі сақталатын болады. Бұдан учаске белгісіздерін анықтау теңдеуінің p=n+m-1 белгісіздер санынан екі есе кем екенін байқаймыз.



Практикалық есептеу жұмыстарында құбырлардың диаметрін анықтау үшін, әдетте учаскелердегі су шығынын жорамалмен өткізу жолдары қолданылады. Бірақ су құбыры тораптарының учаскелеріндегі су шығыны Кирхгофтың екінші заңы бойынша әрбір тұйық контурда (айналымда) сағат тілі бағыты бойымен ағатын учаскелердегі арынның жоғалуы сағат тілінің бағытына кері ағатын учаскелердегі арынның жоғалуына тең болуы тиіс, яғни кез келген айналымдағы арын жоғалуларының алгеьралық қосындысы нөлге тең болады

(Кирхгофтың 2-заңы)

әрине, әр айналымдағы арын жоғалуының алгебралық қосындысы бірден нөлге тең болмайды. Қайсыбір тармақтарынан көбірек, ал қайсыбірінен азырақ өтетіндіктен тең болады. Мұндағы Δһ – «үйлесімсіздік» деп аталады.

Үйлесімсіздіктің мәні мен таңбасына қарай тармақтардың қайсысының су өткізуде қаншалықты ауырлап немесе жеңілдеп кететінін білеміз. Сондықтан тармақтар арқылы өтетін шындыққа жуық су шығынын анықтау үшін қандай да бір «түзетуші» шығынын су көбірек тармақтардан алып азырақ өтетіндеріне қосуымыз керек. Осылайша үйлесімсіздік дейін кемігенше есепті шыңындарға түзету енгізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет