2.22 сурет.
Көрсетілген сұлбалардың екеуінде де Кирхгофтың бірінші және екінші заңдары орындалады.
Гидравликалық жүйелерді моделдеугі қиыншылық, мысалы, электр сұлбалардағы потенциалдың төмендеуі ток күшіне сызықты байланысты болатын болса, ал су құбырының сұлбамаларында арынның жоғалуы шығын квадратына пропорционал енгізе отырып, айтылған қиыншылықты түзетуге болады.
ВНИИ ВОДЕО аналогтық машиналары учаскелер саны 500 немесе 100-200 айналымнан тұратын су құбыры торабтарын есептей алады.
Электрондық есептеуіш машиналары (ЭЕМ) әмбебап болғандықтан, олар ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында қолданылады.
Адам ЭЕМ-мен есепті шешудің бастапқы және соіңы кезендерінде, яғни тапсырма берерде және нәтижесін аларда «тілдеседі». Сондықтан су құбыры торабын үйлестірудің әр кезеңінде есептеуге (қолмен есептеу) өзгерістер енгізе алатын адамдар енді машинамен есептеу кезінде тапсырманы мұқият талдап, бағдарламада мүмкін болатын өзгерістерді алдын ала жоспарлағаны жөн.
Элетрондық машина әріппен, санмен берілген мәліметтерді науаулы кодпен қабылдап, жаттап, жадында сақтап және оларды адамның нұсқауымен өзгертіп, соңында адамға түсінікті түрде есептеу нәтижелерін бере алатын қондырғы. Мәліметтер машинаға жүктелген жұмыстардың атқарылу жолы (алгоритм) және жүйе жөніндегі жалпы анықтамалардан тұрады. Мәліметтер машина түсінетін тілде ЭЕМ енгізіледі.
Электрондық қондырғыда есепті шешу жұмыстары төмендегіше жүргізіледі. Алдын ала есепті шешу бағдарламасы және бастапқы мәліметтер машинаның есте сақтайтын (ЕС) бөліміне кіргізіледі. Шағын мәліметтер машинаға тікелей енгізіледі, ал егер олар күрделі де әрі көп болса біразын сыртқы ұяшықтарда сақтап, есептеуге керек болған мезетте « шақырып» алып отырады. Енгізгеннен кейін бағдарманы белгіленген кезекпен бұйрық беру арқылы шешуге кіріседі. Басқарушы қондырғы (БҚ) есте сақтау бөлімінен кезекті бұйрықты таңдап алып, оны талқылап арифметикалық қондырғыны (АҚ) операцияны бастауға дайындайды да, оған есте сақтау бқлімінен (ЕС) осы операцияны жүргізу жолдарының кодтарын немесе сандарын береді. Бір бұйрық аяқталғаннан кейін есеп нәтижелері ЕС ұяшықтарында қалдырылып, БҚ кезекті бұйрықты атқаруға кіріседі.
Мұндай режиммен істеу бұрын шыққан машиналарға тән болатын, себебі олардың (Урал-2, Минск-22, М-220, БЭСМ-3 және 4) жеке ұяшықтарын бірдей бір мезетте істей алмайтын, сондықтан бұларда бір бұйрық аяқталмай жатып екіншісі басталмайтын.
Қазіргі қолданылатын машиналар (Минск-32, ЕС типті машиналар) көп бағдарламалы режимде істей алады.
Есептеу техникалары жобалаушылардың уақытың үнемдеп, олардың басқа маңызды және талдауды талап ететін жұмыстармен шұғылдануларына мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |