5. Негізгі құралдардың кейінгі есебі: тарихи құны бойынша есепке алу, негізгі құралдарды қайта бағалау.
Негізгі құралдарды бағалау-бұл негізгі құралдарды қабылдау, пайдалану және есептен шығару кезінде өлшенетін ақшалай немесе баламалық баға.
Негізгі құралдардың әділ бағасы болып олардың нарық бағасы табылады. Бұл құн кәсіби бағалау мамандарымен анықталады.
Негізгі құралдар объектісінің өзіндік құны:сатып алуға саудалық жеңілдіктер мен түсірулерді алып тастағаннан кейін, импорттқы баждар мен қайтарылмайтын салықтарды (акциздер, қосылған құн салығы, кедендік баждар мен басқа салықтар) қосқанда, оның сатып алынған бағасы кіреді;
учаскеге активті жеткізуге және мақсатына қарай жұмыс қалпына келтіру үшін жағдай дайындауға тура жататын кез келген шығындар;
ол орналасқан учаскені қалпына келтіруге, объектіні қайта жөндеуге және ауыстыруға арналған есептік шығындар. Тікелей сипатты шығындарға мыналар жатады:учаскені дайындауға жұмсалатын іс жүзіндегі шығындар; жеткізу мен түсіруге жұмсалатын алғашқы шығындар; орнату мен монтаждауға жұмсалатын шығындар; осы орынға активті тасымалдаған уақытта жасалған объектілер мен жағдайлардың кірісін (мысалы, жабдықты сынау кезінде үлгілерді тексеретін өндіріс) алып тастағанда, активті сынауға және оның тиесілі қызмет етуін сынауға жұмсалатын шығындар;кәсіби қызметтерге жұмсалатын шығындар;өзге шығындар.Негізгі құралдардың өзіндік құнына енгізілетін шығындар болып табылмайтын іс жүзіндегі шығындарға мыналар жатады:жаңа ғимаратты ашуға жұмсалатын шығындар;
қызметтер немесе жаңа өнім өндірісін енгізуге жұмсалатын шығындар (тауарды жылжыту бойынша шараларға және жарнамаға жұмсалатын шығындар); әкімшілік немесе өзге жалпы жүкқұжат шығындары.
Негізгі құралдар объектісінің баланстық құнына енгізілетін шығындарды тану объект тікелей мақсаты бойынша қолдануға дайын болғанда тоқтатылады. Мынадай шығындар негізгі құралдардың баланстық құнына енгізілмейді:
объект жұмыс істейтін қалпында қолданысқа енуі тиіс немесе толық емес қуаттылыққа жұмыс істейді деген жағдайлармен туындаған шығындар;
объекті өндірісіне сұраныс артқан уақытта шегілген алғашқы операциялық шығын; және мемлекеттік мекемелердің барлық лперацияларының бір бөлігін немесе барлығын ауыстыруға немес қайта ұйымдастыруға жұмсалатын шығындар.
Егер актив айырбасталмайтын операция жолымен, яғни қайтарусыз негізде сатып алынса, оның өзіндік құны деп сатып алу мерзіміндегі әділ бағасы танылады. Бұл ретте нөлдік немесе атаулы баға бойынша сатып алынған және әділ құны бойынша танылатын негізгі құралдар объектілерін таныған кезде баға қайта есептеу болып табылмайды. Негізгі құралдар объектісі басқа активке айырбасқа сатып алынса, алынған объектінің іс жүзіндегі құны оның әділ құны тең баға бойынша қабылданады, ол тапсырылған активтің ақша қаражаты мен олардың баламаларының төленген сомасына түзетілген әділ құнына тең келеді. Жаңа активтің анықталған әділ құны мен оған айырбасқа берілген активтің баланстық құны арасындағы айырма айырбастау операциясынан кіріс немесе шығысты құрайды. Алынған активтің де, жіберілген активтің де әділ құны сенімді бағалана алмаса, онда негізгі құралдардың сатып алынған объектісінің құны жіберілген активтің баланстық құны бойынша бағаланады. Бұл ретте алынған объектіні құнсыздану тұрғысынан тексеру қажет.
Негізгі құралдарды кейіннен есепке алу үшін мемлекеттік мекеме іс жүзіндегі шығындар бойынша есепке алу моделін не қайта бағалау бойынша есепке алу моделін қолданады және негізгі құралдардың барлық сыныбына (тобына) осы модельді қолданады.Негізгі құралдардың сыныбы сипаты және мемлекеттік мекеме қызметінде қолданылуы жағынан ұқсас активтер тобы.
Іс жүзіндегі шығындар бойынша есепке алу моделі: актив ретінде танығаннан кейін негізгі құралдар объектісін есепке алу кез келген жиналған амортизация мен шығындардың құнсыздануы нәтижесінде жиналған кез келген амортизацияны алып тастағанда, оның өзіндік құны бойынша жүргізіледі.
Ұйымның операцияларында оларды пайдалану мазмұны мен сипаты бойынша бірдей активтер тобы жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар тобы деп аталады. Төменде жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың жекелеген топтарына мысалдар келтірілген: жер учаскелері; жер учаскелері және ғимараттар; машиналар мен жабдықтар; су кемелері; әуе кемелері; автокөлік құралдары; жиһаз және инженерлік жабдықтың салынатын элементтері; және кеңсе жабдығы. Объектілерді жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың бір тобының ішінде қайта бағалау активтерді таңдап қайта бағалауды, сондай-ақ қаржы есептілігіне шығындар мен әр күнгі құндардың қосындысы болып табылатын сомалардың қаржы есептілігіне енуін болғызбау мақсатымен бір мезгілде жүргізіледі. Алайда, егер қайта бағалау қысқа уақыт ішінде жүргізілетін болса, және нәтижелер ұдайы жаңартылып отыратын болса, активтер тобы сырғымалы кесте бойынша қайта бағалануы мүмкін.
Егер активтің баланстық құны қайта бағалау нәтижесінде ұлғаятын болса, осы ұлғаю «қайта бағалаудан болған өсім» деген тақырыппен капиталдың өзінде көрсетілуге тиіс. Алайда бұл ұлғаю пайдада немесе залалда бұрын пайдада немесе залалда танылған сол активті қайта бағалаудан залалды реверстейтін дәрежеде танылуға тиіс. Егер активтің баланстық құны қайта бағалау нәтижесінде кемитін болса, бұл кему пайдада немесе залалда танылуға тиіс. Алайда, қайта бағалаудан болған кему тап сол активке қатысты қайта бағалаудан болған өсімде кез келген кредиттік сальдо болған жағдайда «қайта бағалаудан болған өсім» деген тақырыппен тікелей капиталға дебеттелуге тиіс.
Активті тану тоқтатылған жағдайда жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісіне қатысты капиталға енгізілген, оны қайта бағалаудан болған өсім тікелей бөлінбеген пайдаға аударылуы мүмкін. Актив пайдаланудан шығарылған немесе істен шығып қалған кезде барлық өсім толық көлемінде аудару мәні болуы мүмкін. Алайда, егер активті ұйым пайдаланатын болса, қайта бағалаудан болған өсімнің бір бөлігі ғана аударылуы мүмкін. Ондай жағдайда аударылған өсім сомасы активтің қайта бағаланған баланстық құны негізінде есептелген амортизация сомасы мен оның бастапқы құны негізінде есептелген амортизация сомасының арасындағы айырманы құрайды. Қайта бағалаудан бөлінбеген пайдаға өсімді аудару пайда немесе залал арқылы жүргізілмейді. Негізгі қордың толық бастапқы құны тасымалдау мен монтажға жасалған шығындарды қосқандағы әрбір түрін сату немесе иемдену процесінде төленген нақты сомамен анықталады. Оған пайдалану процесінде еңбек құралдарының кеңейтілуі мен жаңартылу шығындары кіреді. Егер негізгі құралдар қаржы төлемін кейін төлеу арқылы немесе несиеге алынса, онда бастапқы құнға жабдықталуға төленетін пайыз сомасы да кіреді. Толық бастапқы құн бойынша негізгі қор кәсіпорының негізгі іс-әрекетінің балансына жатқызылады. Оның шамасы негізгі қордың кезекті қайта бағалау сәтіне дейін өзгермейді. Бағалаудың бұл түрі меншікке салынатын салықтың шамасына және амортизациялық төлемдерді анықтауға қолданылады.
Еңбек құралдарын жасауға және иеленуге кететін шығындар әр түрлі уақыттарды жүзеге асырылады және бұл өздерінің тұтыну қасиеттеріне байланысты зерзаттардың бастапқы құнын түрлендіруге әкеледі. Толық бастапқы құн бойынша ескерілген негізгі қорды сатып алу бағасы инфляция кезінде уақыт өткен сайын өзгеріп отыратын ағымдағы бағамен сәйкес теңестіріледі. Бұл негізгі қордың динамикасын, өндірісін зерттеуді қиындатады, негізгі қорлардың өнім көлеміне немесе алынған табысқа қатысты алынған көрсеткіштерді сәйкессіздендіреді.
Осылайша, бастапқы құнның бағалар тұрғысынан сәйкессіздігі, бағалаудың бұл түрін негізгі қорлардың көлемдерін салыстыруға жарамсыз етеді.
Толық қалпына келтіру құны бағалауды қайта орындау процесінде негізгі қорларды жаңа түрде қайта өндіруге қажетті шығындарын анықтайды. Бұл жағдайда амортизация сомасын анықтау амортизациялық төлемдердің мөлшерін дәл анықтау, негізгі қорлардың көлемдерін және динамкасын зерттеу барысында барлық кәсіпорындарды тұтас экономикалық жағдай жасауға мүмкіншілік беретін бағалардың сәйкессіздігі жойылады.
Қалпына келтіру құны негізгі қордың іс-әрекетке келу уақытындағы бастапқы құнымен сәйкес келеді. Бұдан әрі бастапқы және қалпына келтіру құндарының айырмашылықтары негізгі қордың және элементтердің өзгеруіне байланысты болады.
Әдетте іс-әрекетке келумен негізі қорды қалпына келтіру құнының алшақтығы неғұрлым айқын болған сайын, олардың баға шамаларының айырмашылығы да соғұрлым көп болады. Тозуды алып тастағандағы бастапқы құн дәл сол кезеңде пайда болған тозудың сомасын алып тастағандағы толық бастапқы құнға сәйкес келеді, яғни негізгі қордың қызмет ету процесінде өнімге аударылған құнының бөлігіне тең. Ол қалдық құны деп аталады, оны анықтауға қажетті тозудың сомасы бухгалтерлік баланстың пассивінде көрсетіледі, негізгі қордың қалдық құны жылдық есепке енгізіледі. Негізгі құралдарды қайта бағалау №16 ХҚЕС сәйкес, негізгі құралдардың бастапқа құнын белгілі бір күнге әрекет етіп тұрған бағасымен сәйкес келтіру үшін объектілерге қайта бағалау жүргізіледі,содан соң ол есепте және есеп беруде көрініс табады.Оның барысында негізгі құрал-жабдықтардың нақты бары және құрылымы, олардың нақты қалпына келтіру құны мен тозу дәрежесі туралы дәл де толық мәлімет алынады. Негізгі құралдарды қайта бағалау кәсіпорынға өнімнің өзіндік құнын, рентабельділігін анықтаудың экономикалық тиімді жағдайларын тудырады, сондай-ақ нарықтық қатынастар жағдайында ете маңызды болып табылады. Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау техникалық прогрестің дамуын есепке ала отырып амортизация нормаларын нақтылауға негіз бола алады, қазіргі заманғы ұдайы өндірісті жетілдіруде қажетті жағдайларды жасап, негізгі құрал-жабдықтарды сақтау мен тиімді пайдалануға жол ашады.
Инфляция (ақшаның құнсыздануы) жағдайында негізгі құралдарды қайта бағалау негізгі құрал-жабдықтарды бағалауды реттеу мақсатын және де өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнындағы амортизация үлесін реттеуді көздейді.Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалауды өткізу үшін мүліктік түгелдеудегідей комиссия құрылады. Негізгі құралдарды қайта бағалауды өткізердің алдында мүліктік түгелдеу жүреді. Негізгі құраларды қайта бағалауда олардың бастапқы (ағымдағы) құны негізгі мәлімет болып табылады. Қайта бағалау меншік түріне, қызметіне және жұмыс істеу жүйесіне қарамастан барлық кәсіпорындарда жылына бір рет негізгі құралдардың жыл басындағы күйі бойынша жүргізіледі. Қайта бағалау өз меншігінде және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құрал-жабдықтарға жүргізіледі. Сондай-ақ әлі орнатылмаған, қоймадағы құрал-жабдық, бітпеген күрделі құрылыс та қайта бағаланады. Қайта бағалау өнеркәсіптік өнімді шығарушы кәсіпорындардың көтерме бағасына белгіленген салалық индекстер бойынша негізгі құралдардың құнын өсіру коэффиценттері бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасы үкіметінің тапсыруы бойынша коэффиценттерді Статистика Агенттігі тағайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |