Лекция тезистері 1-Тақырып. Спорттың мәні мен әлеуметтік қызметі. Спорттық жарыстар жүйесі



бет10/26
Дата08.02.2022
өлшемі148,5 Kb.
#98409
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Байланысты:
866467047058 7 Лекция тезистер

Жалпы дайындық жаттығулары спортшының айналысатын спорт түрінің жаттығуларына көп ұқсамайды, спортшының қимыл-қозғалыс қорын көбейтуге, жалпы жаттыққандығын жоғарылатуға арналады. Дайындық кезеңдеріне байланысты жалпы дайындық және арнайы дайындық жаттығуларының көлемі өзгеріп отырады.


5-Тақырып. Спорттық жаттығулардың қағидалары мен әдістері
Дәріс мақсаты: спортшыны дайындау жүйесінің қағидалары мен әдістерімен таныстыру
Тақырып сұрақтары:

  1. Спорттық жаттықтырудың қағидалары, заңдылықтары

  2. Спорт жаттығуларының әдістері

Спорт жаттықтыруының өзіндік ерекшелігі өзіне тән қағидаларын тудырады. Айналысқан спорт түрін терең меңгеру, өз жеке бас мүмкін-шіліктерін пайдалана білу, жоғары көрсеткіштерге жету қағидасы. Егер дене тәрбиесі жаттығуларын жаттығуларды үйрену, жетілдіру, өмірге қажет қозғалыс шеберлігі мен дағдысын дамыту, денсаулықты нығайту мақсаттарында орындасақ, спорт түрлерінің жаттықтырулары, жоғарғы жетістіктерге жету мақсатында орындалады. Жаттықтыру кездерінде жаттығулар адам ағзасының мүмкіншіліктерін шегіне жақын немесе шегіне жете жоғары деңгейлерде қолданылып, орындалады. Спорттық жаттықтырулардың сипаты - жүктеменің жоғары деңгейі, жүктеме мен тынығу алмасуының алдыңғы қатарлы жүйесі, циклдіктің айқын білінуі т.с.с. Бұл қағиданың негізгі мақсаты - спортшының санасында жоғары спорттық шеберлікке жету мақсатын қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет