Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»


Күтім: дұрыс күн тәртібін ұйымдастыру маңызды. Таза ауада болу, жеткілікті ұйықтау. Алдын –алу



бет37/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Күтім: дұрыс күн тәртібін ұйымдастыру маңызды. Таза ауада болу, жеткілікті ұйықтау.
Алдын –алу: антинатальды кезеңде басталуы керек. Жүктіліктің 2 жартысында темір препараттары және витаминдар беріледі. Постнатальды кезеңде табиғи тамақтану, қосымша тамақтарды уақытылы қосу, тамақтануды коррекция жасау, басқа аурулардың алдын-алу, ерте жастағы балалрды үнемі диспансерлік бақылауда болу қажет. Қауіптілік тобына жататын балаларға (шала туған бала, көп ұрықты жүктіліктен туған бала, ірі салмақты бала, лимфатико-гипопластикалық диатезбен ауыратын бала) профилактикалық дозада темір препаратттарын беріледі.

Шала туған балалар анемиясы. Шала туған балаларда «ерте» және «кеш» анемия түрлері бар. Ерте түрі бұл «физиологиялық анемия» деп аталады, терісінің, кілегей қабығының бозаруы, нормохромды анемия болады. Емдеуді қажет етпейді, 2 айдан соң кеш түрінің алдын-алу мақсатында темір препараттары тағайындалады. Кеш түрінің клиниалық белгілері ерте жастағы балалардағыдай болады. Темір препараттарымен емделеді.

Витамин В12 және фолий жетіспеушілік анемия. Этиологиясы: Кастл факторының тапшылығы, В12 витамин және фоль қышқылының жеткіліксіз түсуі (бір жақты тамақтану) немесе ас қорыту жолдарында нашар сіңуі (целакия, диарея, бауыр, бүйрек жетіспеушілік), тұқым қуалаушылық аурулар, метаболизмнің бұзылуы.
Клиникасы: әлсіздік, терінің лимон тәрізді сарғаю, көздің сарғаюы, стоматит, деспепсия, дене қызуының жоғарлауы, бауыр мен талақтың ұлғаюы. ОНЖ-нің бұзылыстары: атаксия, парастезиялар, гипорефлексия, галлюцинациялар, миокардтың өзгерістердің болуы. ЖҚА- мегабластар, мегалоциттар, эритроциттерде Жоли денешіктері, Кэбот сақинасы табылады, нейтрофильдің азаюы, тромбоцитопения.
Фоль қышқылы жетіспеушілігі кезіндегі анемияның клиникасы бірдей, тек ОНЖ-нде бұзылыстар болмайды.
Емі: 1. витамин В12 – 1 жасқа дейін 10мг/кг, ересек балаларға 200-500 мг тәулігіне беріледі. Фоль қышқылын 10-20-50мг-ға 2-3 аптаға тағайындалады.
Алдын-алу: тамақтануды дұрыс ұйымдастыру, витамин жеспеушілігін туғызатын жағдайлардың алдын-алу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет