Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет85/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Гипогликемиялық кома
Себептері: 1. Тамақпен организмге қанттардың кем түсуі.
2.Организмге инсулиннің шамадан көп енгізу.
Айқындалуы:  Гипогликемиялық кома кенет басталады, аузынан ацетон иісі шықпайды, терісі боз дымқыл, демалысы жиі үстірт, жиі баланың денесі құрысады, есінен тез танады.
Шұғыл көмек:
1.Егер баланың есі болса оған бірнеше кесек қант,1-2 ас қасық бал, кәмпит,тәтті шай береді
2.Егер бала ессіз болса венасына 20-50 мл 40% глюкоза ерітіндісі құйылады.
3.Терісінің астына 0,1 – 1мл 10% кофейн ерітіндісі егіледі.
4.Дымқылдатылған оттегі береді.
5.Бала есін тез жинағасын тамақтандырады.
Қантты диабетті емдеу
Емдеудің мақсаты - өзгерген зат алмасу процесін реттеу.
Негізгі ем – диетотерапия және тиісті режим сақтау. Балалардың тамағы құнарлы болып, майлар мен оңай қорытылатын көмірсулардың мөлшерін азайту керек, тамақты күніне 5-6 мезгіл ішкен дұрыс. Ауру баланың рационында ет, балық, жұмыртқа, қаймақ, қанты аз көкөністер (капуста, қияр, помидор, редиска, мүк жидек, кляква), тәтті болгар бұрышы,сұлы және қарақұмық жармасы. Балалардың организмі өсіп келе жатқандықтан белок мөлшері азайтылмайды. Кәмпит,қант,варенье,ұнтақ жарма,пирожный, торт мүлдем беруге болмайды.
Баланың тәуліктік тамақтану мөлшерін «нан бірліктерімен» (НБ) есептейді. 1НБ-12 г көмірсуға тең.
Қосымша ем – организмде жетіспейтін инсулинді енгізу,себебі қант диабетімен ауыратын балаларда инсулин абсолютті жетіспейді. Инсулин ірі қара мал, шошқа, киттің асқазан асты безінен алынатын белок тәріздес белсенді зат.
Инсулиннің тәуліктік дозасы аурудың зәрмен жойылған қантына тәуелді. Инсулиннің 1әрекет единицасы 4-5гр қантты қорытады. Мысалы, бала тәулігіне зәрмен 100гр қант жоятын болса, мынадай пропорция құрамыз: 100хl
1ЕД инсулин – 5гр қант Х= ˉ5ˉˉˉˉ =20 ЕД
Х ЕД инсулин – 100 гр қант
1 мл инсулинде 40 әрекет ЕД бар. Демек балаға 0,5  мл инсулин егу керек.
Инсулиннің дозасы дәл білу үшін әдейі алынған инсулин шприцтері қолданылады. Инсулин тері астына салынады.
Инсулин препаратының 3 түрі бар:
1. Қысқа әрекетті инсулиндер – жәй инсулин, СУ-инсулин әрекет басы 15-20 минуттан кейін, әрекет максимумы – 2-3 cағаттан кейін, әрекет ұзақтығы 6-8 cағат болады.
2. Орташа әрекетті инсулиндер – суспензия цинк- инсулина аморфная, инсулин семиленте 4-6 сағаттан кейін, ұзақтығы 12-16 сағат.
3. Ұзақ әрекетті инсулиндер – суспензия цинк-инсулина кристаллическая, суспензия протамин цинк –инсулина - әрекет басы 6 сағаттан кейінғ максимумы 12-18 сағаттан кейін, әрекет ұзақтығы 24-30 сағат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет