М = N/ qip Р
мұндағы: qip – салыстырмалы бағамен өндірілген өнім көлемі.
Өнеркәсіптің әрбір саласындағы кәсіпорындар жұмысын сараптау және өндірістік бағдарлама жасау үшін материалдық ресурстардың өндірісте пайдалану жағдайын толық бейнелейтін, өндірістік тұтынудың барлық кезеңдерін қамтитын және материалдық ресурстарды тиімді пайдалану деңгейін көрсететін әр түрлі көрсеткіштерді қолданады.
Шикізатты бастапқы өңдеу салаларында келесі көрсеткіштер қолданылады:
бастапқы шикізаттағы пайдалы зат құрамы (рудадағы темір, қант қызылшасында қант мөлшері және т.с.с.);
бастапқы шикізат құрамындағы пайдалы затты пайдалану дәрежесі және шикізатты қайта өңдеу үдерісінде пайда болатын шығын үлесі;
жарамды дайын өнімнің шығуы - дайын өнім көлемін бастапқы шикізаттың пайыздық көлеміне бөлу арқылы есептеледі (шыққан нәтижені 100-ге көбейту керек).
Дайын өнім шығарылуының көрсеткіші – оны шектік мәнін бағалауда пайдаланады. Мысалы, рудада мыс 20 пайыз құрайды дейік, бірақ бұл жоспарлық көлемінің 100 пайызы дегенді білдірмейді. Жоспарлық шығым шамасы 23 пайыз болуы мүмкін, бұл шама рудадағы нақты мыс мөлшерін көрсететін болады.
Қорыта айтқанда өндірістік айналым қорды пайдалануды жақсарту және үнемдеудің экономикалық тиімділігі аса үлкен, өйткені олар кәсіпорынның өндірістік және шаруашылық қызметінің барлық тараптарына оң әсер етеді.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында әрбір кәсіпорын алдында тұратын аса маңызы міндеттердің бірі – материалдық ресурстарды үнемдеу болып табылады, себебі материалдық шығындар кәсіпорынның пайда табу шамасына тікелей байланысты өндіріс шығындарының қомақты бөлігін құрайды. Ал пайда болса – нарықтық экономика жағдайында – кәсіпорынның қызмет етуінің негізгі көзі.
Материалдық ресурстарды үнемдеудің әртүрлі көздері мен жолдары болады. Үнемдеу көздері үнемдеуді қандай жолдардың есебінен жүзеге асыруға болатындығын көрсетеді. Ал үнемдеу жолдары (немесе бағыттары) үнемдеуді қандай жолмен, қандай шаралар көмегімен жүргізуге болатындығын көрсетеді.
әрбір кәсіпорында материалдық ресурстардың резервтері болады. резерв деп пайда болған немесе туындап жатқан, бірақ әлі пайдаланылмаған (толық немесе ішінара) материалдық ресурстарды пайдалануды жақсарту мүмкіндіктері деп түсінуге болады.
Материалдық ресурстарды үнемдеу резервтері пайда болу және пайдалану тарапынан алғанда оларды үш топқа бөлуге болады:
халық шаруашылық;
жалпыөнеркәсіптік-салааралық;
өндірісішілік (цех, зауыттық, салалық).
Материалдық ресурстарды үнемдеудің негізгі ұйымдастыру экономикалық бағыттарына мыналар жатады: өнеркәсіптік өнімнің материалсыйымдылығын мөлшерлеу мен жоспарлаудың ғылыми деңгейін арттырумен байланысты іс-шаралар кешені, материалдық ресурстарды жұмсау мөлшері мен техникалық негізделген нормативтерін түзіп, оны енгізу шаралары; жаңа, неғұрлым тиімді шикізат пен материал түрлерін, отын-энергетикалық ресурстарды жеделдетіп дамытуға, елдің отындық қорын жетілдіруге бағытталған озық арақатынас бекітумен байланысты іс-шаралар кешені.
Әрбір кәсіпорындағы материалдық ресурстарды үнемдеу жөніндегі басты бағыт – жұмыс орындарында (бригада, телімдер мен цехтарда) бірдей мөлшердегі шикізат пен материалдардан дайындалатын соңғы өнім көлемін ұлғайту. Ол өндірістің техникалық жабдықталуына, жұмыскерлердің шеберлік деңгейіне, материалдық-техникалық қамтуды шебер ұйымдастыруға, материалдық ресурстар шығыны мен қор мөлшеріне, олардың негізделген деңгейіне байланысты.
Өндірістік үдерістегі шығындарды қысқартудың да маңызы зор, себебі оның есебінен материалдық ресурстардың 15-20 пайызын үнемдеуге болады. Ол үшін өнімді сақтау және тасымалдау ережеле- рін қатаң сақтауды қамтамасыз ету керек, өндіріс үдерісінде отын, шикізат және материалдарды одан әрі өңдеуге дайындау қажет, сондай-ақ еңбек ұжымының жұмыс сапасы мен шығарылатын өнім сапасына деген қызығушылығын арттыру қажет. Бұл міндетті шешуге акционерлік қоғам түрінде дамыту және кәсіпорынды жекешелендіру көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |