Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері



бет49/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства

Еқ Т/Np + Eақт · Т/Np + Eд T/Np = (Еқ + Еақт + Ед) Т/Np = ET/Np = L

Сонымен әрбір кәсіпорындардың көрсеткіштер уақытының қосындысы сала бойынша айналым капиталының жалпы айналымдылығына тең.


Айналым капиталының айналымдылығының үдеуі және оларды ұтымды пайдаланудың маңызды халықшаруашылық мәні бар: өндіріс жоспарын орындау және өнімді сату үшін өнеркәсіптің айналым капиталына деген мұқтаждық төмендейді, иеліктегі айналым капиталын қосымша өнім шығаруға немесе олардың бір бөлігін өндірісті дамыту үшін жұмсауға мүмкіндік береді.
Өнеркәсіптік кәсіпорынның және жалпы өнеркәсіптегі айналым капиталының көлеміне мыналар әсер етеді:
- өнімнің өзіндік құны және шығындардың өсу коэффициенті;
- өндіріс циклының және өнім айналымдылығының ұзақтығы.
Бір жағынан алғанда, өнімнің өзіндік құны төмен болған сайын және өндіріс пен айналым циклдарының ұзақтығы азайған сайын айналым капиталының көлемі соғұрлым төмендей түседі. Сонымен қатар, неғұрлым шығындар үлесі өндірістік үдеріс басында арта түскен сайын кәсіпорынның айналым капиталының көлемі де арта береді. Екінші жағынан, айналым капиталының көлемі өндіріс және айналыс үдерістерінің қозғалысының жылдамдығына (материалдар сатып алудан өнімді өткізуге дейінгі уақыт) тәуелді. Сондықтан айналым капиталы көлемінің кемуіне, демек қаражаттардың айналымнан босатылуына келесі әрекеттер есебінен қол жеткізіледі:
- өнім бірлігіне жұмсалатын еңбек және материалдық құндылықтар шығынын төмендету (өндіріс көлемін қысқартпай), яғни өнімнің өзіндік құнын азайту арқыл;
- өндіріс және айналым үдерістеріне қажет уақытты қысқарту арқылы.
Айналым капиталының айналым жылдамдығы - өнеркәсіп сала- сының және кәсіпорынның ұйымдастыру-техникалық деңгейін сипаттайтын кешенді көрсеткіш. Айналым капиталы айналым- дылығының жеделдеуі көбінесе қолданылатын техникаға, технологияға, еңбекті және өндірісті ұйымдастыруға тәуелді болып келеді.
Айналымдылықтың үдеуінен, өндіріс және айналым циклдарының қысқаруынан болатын экономикалық тиімділігі өндірістік қорлар және аяқталмаған өндірістің кемуінен, қоймалар мен жөнелтілген тауарлардың қалдық өнімдерінің төмендеуінен көрінеді. Айналым капиталының айналымдылығын жеделдету және оларды пайдалануды жақсартуға келесі іс-шараларды жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады:
- шоғырландыру, мамандандыру және күрделендіруді дамыту;
- өндірісті кешенді механикаландыру және автоматтандыру, озық техника мен технология ендіру;
- өнім бірлігіне жұмсалатын шикізат пен материалдар шығынын қысқарту;
- жұмыс уақытын толыққанды пайдалану және еңбек өнімділігін арттыру;
- шығарылған және сатылған өнімнің әрбір теңгесіне қатысты аяқталмаған өндіріс қорын және дайын өнім қалдығын, өндірістік қорларды төмендету;
- кәсіпорынның бір қалыпты жұмысын ұйымдастыру;
- өнім сапасын арттыру және өнімнің әр алуан тауар жинағын жетілдіру.
Өнеркәсіп кәсіпорындарында айналым капиталын пайдалануды жақсарту жолдары әр алуан. Олардың кейбіреуі өнімді сату көлеміне, келесісі – айналым капиталының қалдық сомасына ықпал етеді. Айналымдылық сатылған өнім көлемі мен айналымдағы айналым капиталының көлеміне тәуелді болғандықтан, айналым капиталын пайдалануды жақсарта түсудің негізгі бағыттары сатылым көлемін ұлғайту және тауарлық-материалдық құндылықтар қалдығын азайту болып табылмақ.
Сатылған өнім көлеміне тауарлық өнім көлемі тікелей әсер етеді. Сондықтан да оны аяқталмаған өндіріс қалдықтарын азайту есебінен ұлғайту – сатылым көлемін өсірудің маңызды алғышарттарының бірі. Сатылым көлемі де өнімнің сапасына, дайын өнімдердің қалдық мөлшеріне (қоймадағы және жөнелтетін) тәуелді. Егер жыл ішінде дайын өнімдер қалдығы төмендейтін болса, сатылым көлемі де көбейеді.
Дайын өнім қалдықтарын азайтуға оларды мөлшерлеуді жетілдіру арқылы, өнімді қоймаға біркелкі ырғақта тапсырып отыру, оны өз мерзімінде жөнелтуге даярлау, құжаттарды мерзімінде рәсімдеу, өнімді орау және жөнелту жұмыстарын механикаландыру жолымен қол жеткізеді.
Тауарлық-материалдық құндылықтар қалдығының азаюы кәсіпорында өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс және дайын өнімдер түрінде болатын айналым капиталының азаю есебінен қол жеткізіледі.
Өндірістік қорларды қысқартудың және оларды кәсіпорында пайдалануды жақсартудың басты жолдары мыналар:

  • шикізат пен материалдарды, сатып алынатын жартылай фабрикаттарды, қосалқы бөлшектерді, ыдысты үнемдеп жұмсау;

  • нормативтен жоғары материалдық құндылықтар қорын шаруашылық айналымға тарту;

  • кәсіпорындағы материалдық ресурстар қоры мен өткен кезең ішінде қол жеткен айналымдылық деңгейін ескере отырып, айналым капиталының айналымдылығын үдету жөнінде тапсырмаларды белгілеу;

  • озық кәсіпорындар тәжірибесін ескере отырып, қорлардың ғылыми негізделген нормативін бекіту арқылы айналым капиталын мөлшерлеудің қолданыстағы тәртібін жетілдіру, материалдық құндылықтарды жеткізу келісім-шарты мен кестелерін қатаң ұстау негізінде осы қорларды азайту, оларды сапалы түрде қабылдап, шикізат пен материалдарды өндіріске жіберуге дайындықты тездету;

  • материалдық-техникалық жабдықтаудың қойма жүйесін (елдегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың 80 пайыз транзиттік мөлшерден төмен шикізат пен материалдар көлемін тұтынатындығын ескере отырып) және материалдық құндылықтарды жеткізу жөніндегі тікелей келісім-шарт байланыстарын кеңейту, кәсіпорындарды кепілді түрде кешенді жабдықтау жүйесін енгізу, комиссиялық тұрғыда материалдық жабдықтауды ұштастыра жоспарлау.

Аяқталмаған өндіріс пен жартылай фабрикаттар құрамындағы айналым капиталын пайдалануды өнім дайындау үдерісін жеделдету арқылы және өндірісті ұйымдастыруды жақсарту, автоматтандыру есебінен өзіндік құнды төмендету жолымен, ағымдық жұмыс әдісін ендіру, мамандандыру, ұжымдандыруды тереңдету арқылы жақсартуға болады.
Тауарды өткізуді ұйымдастыру және есеп-төлемдік тәртіпті сақтау арқылы дайын өнім қалдығын қысқартуға болады.
Айналым капиталын пайдалану тиімділігін талдау кезінде олардың айналым сатыларында орналасу орыны, мақсатқа сай пайдаланылуы, бүкіл айналым капиталының кәсіпорында бекітілген сомасының түгелдігі, қор нормативтерін сақтау туралы мәліметтер анықталады.
Тауарлы-материалдық құндылықтар қорының күйі кәсіпорынның осымен айналысатын бөлімдер қызметкерлерінің ұдайы назарында болуы тиіс. Бұл мәселені бір сәтке де назардан тыс қалдырмау керек, тауарбастылық себептерін білу және нормативтен тыс қорларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары даяр тұруы қажет.
Кәсіпорынның қорлар ахуалына ықпал ететін бөлім жетекшілерінің жауапкершілігін арттыру қажет, олардың айналымдылықты үдету және нормативтен тыс тауарлы-материалдық құндылықтар қорын жою жөніндегі шаралар мен тапсырмаларды орындауын қадағалап отыруы керек.
Кәсіпорындағы қаржы қызметін әрі қарай ұйымдастыру келесілерді қамтамасыз етуі тиіс:
а) барлық зауытішілік бөлімдерде жалпызауыттық нормативке сай қорлар нормативі болуын;
б) барлық жабдықтау бөлімдеріне тоқсандық ішінде материалдар мен сатып алынатын жартылай фабрикаттарға шек қойылуын;
в) зауыттарда шектен тыс материалдар енгізуге бөгет жасау үшін нәтижелі, шұғыл бақылау ұйымдастырылуын;
г) қаржы қызметкерлері негізсіз, тәртіпті бұзып әкелінген материалдары үшін нақты бөгет қоюын.
Жабдықтаушыларға да талапты күшейту қажет: материалдарға алдын-ала ақы төлеуге жол бермеу; әкелінген материалдарды жауапты сақтауға қабылдап, оны жеткізу мерзімі басталған соң ғана есеп-айырысу.
Өндірістік бағдарламаны орындаумен, ырғақты жұмыспен, сапасы төмен болудың әсерінен сұранысқа ие бола алмайтын өнімді өндіруді тоқтатумен және өнімнің материалсыйымдылығын төмендетумен қатар қолданған бұл іс-шаралар тауарлық-материалдық қорлардың төмендеуі мен айналым капиталының айналымдылығын артыруды қамтамасыз етеді.
Айналымдылық нәтижелері бойынша айналым капиталын үнемдеу сомасын немесе олардың қосымша алынатын сомасын есептейді. Айналымдылықты үдету нәтижесінде айналым капиталының үнемделуі салыстармалы және абсолютті болады. Бірінші жағдайда қаражаттар кәсіпорынның (саланың) айналымдылығында үрдіс өндіріс және сатылым көлемін ұлғайтуға пайдаланады. Екінші жағдайда қаражаттар айналымнан босатылады. Айналым капиталының абсолюттік те, салыстырмалы да үнемделуінің маңызы зор.
Айналым капиталының үнемделу сомасын анықтау үшін (олардың айналымдылығының үдеуі салдарынан) есеп беру кезеңіндегі іс жүзіндегі сатылым пен бастапқы кезең ішіндегі күндік айналымдылықты пайдалана отырып, есеп беру кезеңіндегі айналым капиталының қажетті мөлшерін есептейді. Айналым капиталының шартты мөлшері мен есептік кезеңде айналым капиталының үнемделу сомасын көрсетеді.
Есептеу жылын бұрынғы жылмен салыстырғанда айналымдылықтың үдеуінен болған үнемділікті есептеу мысалын қарастырайық.
6.1 кесте бойынша өткен жыл ішінде олардың айналымдылығы бойынша, есептеу жылында қажетті айналым капиталы келесіні құрайды:
а) барлық қаражаттар бойынша: 10 800 мың теңге х 54 күн / 360 күн = 1620 млн теңге;
б) мөлшерленетін қаражаттар бойынша: 10 800 млн. теңге х 45 күн / 360 күн = 1350 млн.теңге
Өткен жылмен салыстырғанда айналымдылықтың үдеуі нәтижесінде үнемделген айналым капитал (үнем «-», қосымша қаражат іздеу «+») мөлшері:
а) барлық қаражаттар бойынша: 1400 млн. теңге – 1620 млн.теңге = - 220 млн теңге;
б) мөлшерленетін қаражаттар бойынша: 1200 млн теңге – 1350 млн теңге = -150 млн теңге.
Егер біркүндік сатылым көлемін 30 млн теңге (10800 млн теңге : 360 күн) күндік айналымдылықтың үдеу шамасына көбейтетін болсақ дәл осы нәтижелерді аламыз:
барлық қаражаттар бойынша: 30 млн теңге (-7,3) = - 220 млн теңге.
Кәсіпорынның қалыпты жұмысын қамтамасыз етуде, өндірістің табыстылығын арттыруда айналым капиталын тиімді пайдаланудың рөлі зор. Өкінішке орай, қазіргі кезде кәсіпорындар иелігіндегі меншікті қаржы ресурстары ұдайы дамыту өндірісі тұрмақ, қарапайым қайта жаңғырту үдерісін де толыққанды қамтамасыз ете алмайды. Кәсіпорындарда қажетті қаржылық ресурстардың болмауы, төлемақы тәртібінің нашар болуы өзара төлемеудің пайда болуына әкеп соқтырады.
Кәсіпорындардың өзара қарызы - өткелі кезең экономикасына тән сипат. Кәсіпорындардың айтарлықтай үлкен бөлігі қалыптасып жатқан нарықтық қатынастарға жылдам бейімделе алмады, олар иелігіндегі айналым капиталын тиімді пайдалана алмай, қаржылық үнемдеу жолдарын құруға шамасы келмейді. Осылармен қатар, шаруашылық заңнаманың тұрақсыздығы, құнсыздану жағдайында төлем жүргізбеу бірқатар кәсіпорындардың коммерциялық мүддесіне айналып, олар тауар жеткізушілер төлемақысын әдейілеп кідіртеді, кейінге қалдырады.

Тақырып 4 Өндіріс шығындары, өнімнің өзіндік құны
1.Өндіріс шығындарының түсінігі және түрлері.
2.Өнімнің өзіндік құнының түрлері мен құрылымы.
3.Кәсіпорынның өнімді өндіруге жұмсайтын шығындары: элементтер бойынша өнімнің өзіндік құнына қосылатын, аралас, қаржылық нәтиже-лерге жатқызылатын, таза пайданың арқасында жүзеге асырылатын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет