Лекциялар курсы Редакциясын басқарған



Pdf көрінісі
бет3/78
Дата04.01.2022
өлшемі1,82 Mb.
#109053
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Байланысты:
тарих тарих

 
 
 
 


 

2. Қазақстан аумағындағы қола дәуірі 
 
Қазақстандағы  қола  дәуірінің  зерттелуі  Кеңес  өкіметінің  кезінде  ғылыми  жағынан 
жүйелі  жолға  қойылады.  1933  жылы  КСРО  Ғылым  академиясы  Орталық  Қазақстанды 
зерттеу  үшін  ұйымдастырған  «Нұра  экспедициясының»  көрнекті  мүшелері  П.С.Рыков, 
М.И.Артамонов,  М.П.Грязнов,  К.Арзютов,  И.В.Синицин  сияқты  ғалымдардың  сіңірген 
еңбектері айтарлықтай. Қола дәуірін зерттеуде бұлардың ашқан басты жаңалықтарының бірі 
Шерубай-Нұра  өзенінің  аңғарынан  қола  дәуірінің  атақты  Дандыбай  ескерткіштерін  табуы. 
Қазақстанның  батыс  бөлігінде  қола  дәуірін  зерттеуде  ғалым  О.А.Кривцова-Грекованың 
еңбегі  зор.  Әсіресе,  Тарих,  археология  және  этнография  институтының  жанынан 
ұйымдастырылған  Орталық  Қазақстан  археологиялық  экспедициясының  меңгерушісі  Ә. 
Марғұланның жүргізген жұмыстары орасан зор. Ғалым Атасу, Бұғылы, Беғазы, Ақсу-Аюлы, 
Дандыбай  сияқты  ескерткіштерге  қазба  жұмыстарын  жүргізді.  Зерттеу  жұмыстарының 
нәтижесінде Ә.Марғұланның қола дәуірі туралы екі үлкен монографиясы, көптеген ғылыми 
мақалалары  жарық  көрген.  Шығыс  Қазақстанның  жерінде  қола  дәуірінің  ескерткіштерін 
зерттеуде  жемісті  жұмыс  жүргізген  көрнекті  ғалым  С.С.Черников.  ХХ  ғ.  50-жылдары  қола 
дәуірін зерттеуде үлкен еңбек сіңірген археолог ғалымдар К.А. Ақышев, А.М. Оразбаев, А.Р. 
Максимовалар болды.  
Қола дәуірі б.з. дейінгі 2 мыңжылдық пен 1 мыңжылдықтың басы аралығын қамтиды. 
Б.з.  дейінгі  2  мыңжылдықта  Евразия  даласында  қола  алу  тәсілі  шығып,  өндіргіш  күштер 
қатарында  төңкеріс  жасалды.  Ежелгі  адамдар  мысқа  қалайыны  қосу  арқылы  металл 
бұйымдардың  беріктігін  күшейтті.  Қоладан  тіршілікке  қажетті  құралдар  мен  қарулар 
жасалды.  Қазақстан  жеріндегі  қола  дәуірінің  кезіндегі  өмір  сүрген  адамдардың  негізгі 
мәдениеті  –  ғылымда  Андронов  мәдениеті  деп  аталады.  Бұл  дәуірде  Қазақстан  даласын, 
Оңтүстік  Сібірді  және  Орал  аймағын  шығу  тегі  жағынан  ұқсас,  өзіндік  мәдениеті  бар 
тайпалар  мекендеді.  Бұл  мәдениеттің  алғашқы  ескерткіші  табылған  Оңтүстік  Сібірдегі 
Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосына байланысты бұл кезең – андронов мәдениеті 
деген атау алды. Сол жердегі қазба жұмыстарын 1913 жылы Б.В. Андрианов жүргізген. 1927 
жылы  археолог  М.П.  Грязнов  осындай  қорымды  Батыс  Қазақстаннан  да  тауып,  андронов 
мәдениетінің  ескерткіштері  шығыста  Минусинскіден  бастап  батыста  Оралға  дейінгі  орасан 
зор  территорияға  тарағанын  анықтады.  Зерттеушілердің  көпшілігі  андронов  мәдениетінің 
өмір сүрген уақытын 3 кезеңге бөледі:  
1. Ерте қола кезеңі (Федоров кезеңі) – б.з.б. ХҮІІІ-ХҮІ ғғ.   
2. Орта қола кезеңі (Алакөл кезеңі) – б.з.б. ХҮ-ХІІІ ғғ.  
3. Кейінгі қола кезеңі (Замараев кезеңі) – б.з.б. ХІІ-ҮІІІ ғғ.  
Бұл  кезеңдер  алғашқы  зерттелген  ескерткіштер  атына  сәйкес  Федоров,  Алакөл, 
Замараев деп аталды.  
Қола дәуірінің атап көрсетерлік ерекшеліктері мынадай: 

 
Түсті металдардың өндірістік жолмен игерілуі (қола металлургиясы). 

 
Ең  алғашқы  қоғамдық  еңбек  бөлінісінің  жүзеге  асуы,  яғни  мал  шаруашылығының 
егіншіліктен бөлініп шығуы.  

 
Аталық отбасылық рулық қатынастың орнауы. 

 
Андроновтық  тайпалар  алғаш  болып  экономикалық  өмірдің  озық  түрі  –  көшпелі  мал 
шаруашылығына көшті. 

 
Рулық қатынастар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктер құрыла бастады. 
Андронов  тайпалары  Қазақстанның  барлық  аймағын  мекендеген.  Негізгі  қоныстанған 
ауданы – Орталық Қазақстан. Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне кен орындары, 
тастағы  суреттер-петроглифтер,  30-дан  аса  қоныстар  мен  150-ден  аса  қабір  табылып 
зерттелген.  Ертедегі  Нұра  кезеңінде    жерлеу  салтында  кремация  (мәйітті  өртеу)  басым 
болған.  Келесі  –  Атасу  кезеңінде  жерді  игеру,  оның  ішінде  шөлейт  аудандарды  да  игеру 
кеңінен  жүргізіледі.  Тау-кен  жұмыстарының  көлемі  күрт  өседі,  оны  көптеген  тау  кендерін 
өңдеу  орындарының  болуынан  байқаймыз.  Қорымдар  мен  қоныстардың  үлкен  бір  тобы 


 
10 
Атасу  өзенінің  бойында.  Қоныстар  мен  қорымдарды  қазған  кезде  қола  құралдары,  қару-
жарақтары,  сәндік  заттар  шықты.  Мәйіттерді  бір  жамбасына  бүк  түсіріп  жатқызып  жерлеу 
жиірек ұшырасады.  
Қоланың  кейінгі  кезеңі  Орталық  Қазақстанда  жаңа  мәдениет  –  Беғазы-Дәндібай 
мәдениетінің  құрылуымен  белгілі.  Орталық  Қазақстанда  көп  жылдар  бойы  археологиялық 
зерттеу  жұмысын  жүргізген  академик  Ә.Х.Марғұлан  қола  дәуірінің  соңғы  кезінің  өзіне  тән 
ерекшеліктерін  ескере  отырып,  оны  Беғазы-Дәндібай  мәдениеті  деп  атауға  ұйғарды.  Бұл 
мәдениетке  ғалым  Беғазы,  Бұғылы,  Саңғыру,  Айбас  дарасы,  Дәндібай  ескерткіштерін 
жатқызады.  Аталған  ескерткіштерден  алынған  материалдар  қола  дәуірінен  темір  дәуіріне 
өтетін  өтпелі  кезін  көрсететіндігін  дәлелдейді.  Бұл  мәдениетке  тән  бір  қасиет,  ол  бірінші 
жағынан, андронов дәстүрін сақтайды, екінші жағынан, онда жаңа элементтер: мазарлардың 
айрықша типі, өзіндік өзгешелігі бар жерлеу салты, қыш ыдыс-аяқтардың жаңа түрлері пайда 
болады. Мәйіттерді  бүктеп жатқызып қоюмен бірге, оларды шалқасынан жатқызып қою да 
кездеседі.  Бұл  мәдениетке  сонымен  қатар  Қарағандының  оңтүстік  бетіндегі  Ақсу-Аюлы  ІІ 
қабірі жатады. Осы кезде жер бетіне тастан қалап қабырғалы тұрғын үйлер салу рәсімі кең 
жайылады.  Тұрғын  үйлерді  салуға  ағаш  кеңінен  пайдаланылған.  Металл  өндіріп  балқыту 
орасан зор рөл атқарған.  
Солтүстік  және  Батыс  Қазақстанда  көптеген  андроновтық  мәдениет  ескерткіштері 
ашылып  зерттелген,  олардың  ішінен  Алексеев  қонысы  мен  Тастыбұтақ  қорымы  кеңінен 
мәлім  болды.  Ертедегі  қола  кезеңіне  мәйітті  өртеп  көму  рәсімі  жатады.  Сол  кездері  ежелгі 
қалалардың  прототиптері  деп  есептелетін  қоныстар  пайда  болды.  Соның  бірі  –  Арқайым 
Челябинск  және  Қостанай  облыстарының  шекарасында  орналасқан.  Кейінгі  қола  дәуірінің 
бірінші  кезеңінде  Солтүстік  Қазақстанның  тайпалары  Арал  өңірінің  Қима  мәдениетінің,  ал 
Батыс Қазақстан – Еділ бойының Қима мәдениетінің қатты ықпалына түседі.  
Шығыс Қазақстанда Андронов мәдениетінң дамуы да осы тектес жолмен жүреді. Ертіс 
пен  Бұқтарманың,  Күршімнің  көкорай  шалғынды  алқаптарынан,  Алтайдың  таулы 
аудандарынан,  Тарбағатай  мен  Сауыр  далаларынан  қола  дәуірінің  ондаған  қоныстары  мен 
қорымдары табылды. Қанай қорымы және онымен қатар орналасқан қоныс қабірлерінің дені 
кейінгі қола кезеңіне жатады.  
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қола дәуірінде халық тығыз қоныстанған аймақ болды. 
Таңбалы  мен  Қаратау  сияқты  тастағы  суреттердің  аса  үлкен  шоғыры  тек  Жетісу  мен 
Қазақстанның  оңтүстігінен  ғана  табылды.  Жетісуға  федоров  пен  алакөл  тайпаларының 
мәдениеттері  элементтерінің  араласып-құраласып  жататыны  тән  болып  келеді.  Федоров 
дәстүрінде  қоршаулары  тікбұрышты  және  дөңгелек  болып  келетін  қабірлер  көбірек 
кездеседі.  Жетісудың  орта  қола  дәуіріне  Таңбалы,  Қарақұдық  қорымдары  жатады. 
Қазақстанның оңтүстігінен, Қаратаудан Таутары қорымы қазылып  аршылды. Сырдарияның 
төменгі  жағынан,  Арал  алқабынан  қола  дәуірінің  бірегей  ескерткіші  –  Түгіскен  кесенесі 
ашылды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет