Психолингвистиканың әдістері мен тәсілдері Тіл білімінде сыртқы лингвистика – шекаралас ғылымдардың – психолингвистиканың, социолингвистиканың, социологияның тағы сол сияқты ғылымдардың әдіс-тәсілдерін қолданатын ішкі лингвистика деген қате пікір бар.
Сыртқы лингвистиканың пәні мен тәсілдері туралы бұл сияқты түсінік бір шама қара-дүрсін пікір. Мысалы: Психолингвистика – психолингвистиканың әдіс-тәсілдерін қолданады, бірақ оның мақсаты – ішкі лингвистика мен психологияның мақсаттарынан мүлдем басқа. Психолингвистка – «тіл – адам» қатынастарының мәнін ашып қарастыруға тырысады. Психолингвистиканың жеке ғылым саласы болып қалыптасуы 1953 жыл болып есептеледі. Осы жылы АҚШ-та Индиана Университетінің әлеуметтік ғылымдарды зерттеу кеңесі мен тіл білімі және психология комитетінің ұйымдастыруымен университетаралық семинар өткізілді. Семинар жұмысын психологтар Чарльз Осгуд пен Джон Кэролл басқарды. Семинар жұмысының нәтижесі «Psycholinguistics//A Syrvey of Theory and Research Problems». Кітапта жаңа ғылымның теориялық ережелері мен негізгі бағыттары белгіленді. Ч. Осгуд психолингвистиканы адамның сөйлеу қызметімен байланыстырады.
КСРО-да психолингвистика адамның сөйлеу қызметінің теориясы ретінде ХХ ғ. 60-жылдарының ортасында пайда болды. Жаңа ғылым А. Н. Леонтьевтің, А. С. Лурия, С. Л. Рубинштейн есімдерімен байланысты. Сол сияяқты психолингвистканың қалыптасуына А.Хомскийдің, Ж. Пиаженің зерттеулері де елеулі үлес қосты.
Психолингвистиканыңмақсаттарытөмендегідей:
1) Адамның сөйлеу қызметін зерттеу, яғни сөйлеудің тууын және оны түсінуді зерттеу;
2) Ана тілі мен шетел тілдерін балалар мен ересектердің үйрену үрдісін зерттеу;
3) Ішкі лингвистиканың әдістері арқылы алынған мәліметтердің шыншылдығын анықтау (Верификация лат.verus – шындық ).