Ахмет Байтұрсыновтың атын қазақ баласының естімегені жоқ шығар. Оның әліпбиі мен оқу құралдарын оқып, сол ғылыми еңбектерінің арқасында қаншама адам сауатын ашты
Ахмет Байтұрсыновтың атын қазақ баласының естімегені жоқ шығар. Оның әліпбиі мен оқу құралдарын оқып, сол ғылыми еңбектерінің арқасында қаншама адам сауатын ашты.
Ол Қазақстанның әр түрлі облыстарынан мектептер ашып, ұстаздық жұмыспен айналысты, жарғақ құлағы жастыққа тимей, масаша ызылдап, туған халқын оқуға, өнер- білімге шақырды, өркениетті елдерден кейін қалып, көрінгенге жем болып жүргеніміз біліміміздің, өнеріміздің жеткіліксіздігінен, оқыса, ілгері кеткен елдер қатарына қосылуға талпынса, қазақ халқы да ешкімге есесін жібермейді, әңгіме талаптануда, намыстануда дейді.