М. А. Асимов, Д. Х. Дощанов қаралы хабарды жеткізу



бет2/35
Дата09.03.2022
өлшемі3,57 Mb.
#134874
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Қаралы хабар жеткізу. Оқулық, (1)

УДК 159.9:614 (075)
ББК 88.53:51.1я73

Оқу құралы С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ әдістемелік кеңесінде бекітілді (12 желтоқсан 2013 ж., № 2-хаттама)




ISBN 978-601-246-402-3


© Асимов М.А., 2014
© Дощанов Д.Х., 2014
© «Эверо» 2014


МАЗМҰНЫ





Кіріспе 4


I тарау. «Қаралы хабар» және «жағымсыз хабар». 6
Жалпы ұғымдар мен айырмашылығы.


II тарау. Қаралы хабарға жауаптың кезеңдері. Кюблер-Росстың бес 10
сатылы үлгісі.




III тарау. Қаралы хабарды жеткізудегі дәрігердің коммуникативтік 20 біліктілігі. Қаралы хабарды жеткізудің үлгісі мен техникалары. Қаралы хабарды жеткізудің жолдары.


IV тарау. Қаралы хабарды жеткізудегі дәрігер іс-әрекетінің алгоритмі. 41




V тарау. Қаралы хабарды жеткізуден паллиативті көмекке көшу.



VI тарау. Онкологиялық профилдегі медициналық мекемелердегі қаралы хабарды жеткізу ерекшеліктері.



VII тарау. Педиатриялық профилдегі медициналық мекемелердегі қаралы хабар жеткізудің ерекшеліктері.




VIII тарау. Психиатриялық профилдегі медициналық мекемелердегі қаралы хабарды жеткізу ерекшеліктері.




IX тарау. Шұғыл жедел медициналық көмек жағдайындағы қаралы хабарды жеткізу ерекшеліктері.




X тарау. Дәстүрлі мұсылман отбасыларына қаралы хабарды жеткізу ерекшеліктері.




Қорытынды




Қосымшалар




Пайдаланылған әдебиеттер




Ұ

сынылатын әдебиеттер


95


КІРІСПЕ
___________________________

Менің қайғыма пана бол деп жалынбаймын; маған тек олармен бетпе-бет кездесу үшін батылдық бере гөр.


Мен қасіреттен құтқар деп өтінбеймін; оларды жеңу үшін ерлік бере гөр.
Мен өмірдің қатал күресінде одақтас іздемеймін; мен өзіндік күш-қуатымды жұмылдырамын.
Мені үрей мен қорқыныштан әлсіретпей, құтқаруды еріксіз күткізбе;
маған үміт пен төзімділік бере гөр – мен еркіндікке жетемін.
Маған қорқақ болып өмір сүруге жол берме және Сенің құтқарушы рақымыңа сенемін; бірақ мен құлағанда Сенің қолыңның ыстығын сездіре гөр.
Рабиндранат Тагор, Сбор плодов


Қаралы хабар, жағымсыз хабарды жеткізу қашан да қиын іс болған, бола да бермек. Бұл мәселеде ең қиыны жақындарына туысының қайтыс болғандығы туралы ақпаратты жеткізу болып табылады. Өлім туралы хабарлау көп жағдайда, бұл хабардың адамға тигізер ауыр әсерін жұмсартуға деген ұмтылысты, осы суыт хабарды қабылдаған адам үшін қорқынышты, оған осы ауыр сәтте көмек бере алмау қабілетін білдіреді.
Мұндай ақпаратты жеткізудің адамның қайтыс болғандығы туралы хабарды жақындарына ең сыйлы, құрметтейтін адамның жеткізуі, бір емес, бірнеше адамдардың топ болып естіртуі және хабарды бірден төтесінен емес, бірте-бірте, жұмсартып естірту сияқты тәсілдері белгілі.
Медициналық тәжірибеде маманға кәсіби шебер, өз ісінің майталманы болу және қаралы хабарды жеткізуде қарым-қатынас дағдыларын игеру қажет
Бір айта кететін жайт, қаралы хабарды жеткізу кезіндегі басты мәселе адамның бұл хабарды қалай қабылдайтындығы емес, хабарды жеткізушінің өзінің табиғи қорқыныштары мен уайымдарын қаншалықты жеңе алатындығында: «менен осындай қаралы хабарды естігенде, мен бұл адамға көмектесе аламын ба?». Сондықтан да, өз саласының керемет маманы болған дәрігерлер көбінесе бұл мәселеден қашады немесе ақпаратты толық жеткізбейді: «жүргізілген ем-шараның тиімділігі», «айықпас ауруды анықтағаннан кейін өмір сүру ұзақтығы», «қажетті ем-шараның ауыр салдары» және т.б. сияқты науқастар үшін маңызды мәселені бұрмалайды, сөйтіп, науқасты өзінің ауыр жағдайымен бетпе-бет жалғыз қалдырады.
Медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне, дәрігер-интерндерге, дәрігер-резиденттерге және әр түрлі мамандықтағы дәрігерлерді қайта даярлау курстарында коммуникативті дағдыларды үйретудің қазіргі бағдарламалары бұл тақырыпты зерттеудің жалпы бағдарламасында қарастырады.
Аталған оқу құралы коммуникативті дағдылардың осы күрделі тарауын аса тереңдетілген түрде базалық және арнайы мамандырылған коммуникация дағдылары бар мамандарға бағдарлай отырып қарастырады.

І тарау




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет