Әдеби KZ
ішіндегі ескі салт- сананың кейбір ерсі қылықтарын сынап-мінеуі де осы
тілекпен қабысады. Сырт қараған кісіге жасық, жуас көрінген Ерболға автор
осындай идеялық жүк беріп, адамгершілік асыл қасиеттерін әр жүрекке
жеткізер елші міндетін жүктеген, үміт артқан еді. Сондықтан мен көптеген
оқырмандар пікіріне қосыла отырып, Ерболды «сырт қараған кісіге жуас,
момын көрінетін - соғыста батыр, еңбекте ер боп шығатын, жаны жалынды,
қарапайым қазақ жігіттерінің бірі» деп ұғамын.
Сұрақ: Кітаптың аяғында кейіпкерлердің кейіннен кім болғаны көрсетілген.
Ал Ерболдың қандай күйде екені неге айтылмаған?
Жауап: Ерболдың кім екендігі кітаптың соңында емес, басында айтылды.
Жазушы мен әдебиет сыншысына журналист Ербол өз басынан өткенді
баяндап береді. Демек, ол журналист.
Сұрақ: Роман кейіпкерлерінің прототиптері бар ма? Бар болса, олар қазір
қандай күйде, не қызметте? Жанұя жайлары қандай?
Жауап: Бірсыпырасынікі бар. Кейбіреулерінікі жоқ. Ал бірді-екілі кейіпкер
кітапқа өз атымен кірді.
Бірақ бар деген прототиптердің сырт пішіндері, кейбір басынан кешкендері
кітапқа кіргенмен, кейіпкер бейнелерін жасау үстінде олар мүлде өзгеріп
кетті. Прототиптердің өздері білмейтін, бірақ өмірде болған, басқалар
басынан кешкен жана оқиғалар қосылды.
Сондықтан кітапты оқып шыққаннан кейін мына кейіпкерлердің прототипі
менмін-ау деп ойлаған кейбір таныстарымның «мұндай оқиға менің
басымнан өткен жоқ еді ғой» деп таңданулары да, шамданулары да мүмкін.
Олай етудің қажеті жоқ. Өйткені бұл кітап деректі дүние емес, көркем
шығарма ғой.
460
Достарыңызбен бөлісу: |