Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет62/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

тағы  ілгері  жүрдім.  Қанша  үңілсем  де  алпыс  екінші  есікті  таппадым. 

Шорылдап  акқан  су  дыбысы  естіліп  жатқан  ең  түкпірдегі  бөлмеге  дейін 

бардым да, дәліздің қабырғасына тіреліп, кейін қайттым. «Бұл қалай болды? 

Әлде  Меңтай  бөлмесінің  номерін  қателесіп  теріс  айтты  ма?  Әлде  ол  мені 

алдады  ма?..  Неге  алдайды,  олай  болуы  мүмкін  емес...»  Осылай  ойлап, 

ұзындығы  ат  шаптырым  дерлік  жатақхананың  екінші  басын  қуалап,  ондағы 

бірінші  номерлі  есіктің  алдына  дейін  бардым.  Бірақ  еш  жерден  алпыс  екіні 

кездестірмедім.  Салым  суға  кетіп,  кейін  қайттым.  Енді  не  істеу  керек?  Қой 

жаңағы  номерсіз  есікті  анықтап  қарайыншы  деп,  алпыс  үшінші  бөлменің 

қарсысына  қайтадан  келдім.  Сөйтсем,  басқа  бөлмелердегідей  ромба 

пішіндес  қаңылтырға  жазылған  маңдайша  номері  түсіп  қалыпты  да,  оның 

орнына  бұл  есіктің  тақтайына  қарындашпен  бадырайтып,  62  деген  цифр 

жазылған  екен.  Екі  көзім  маңдайшада  боп  жүрген  мен  алдымда  оны 

аңғармаппын да, бос бейнетке түсіппін. 

Бөлме табылғанымен, менің жүрегімнен бөлмеге кірер батылдық табылмай, 

тағы біраз бөгеліп қалдым. Сағатыма қарасам, таңертеңгі сегізден жаңа асып 

барады екен. «Апырай, осы келісім не келіс? Қыз шақырды деп, қылқаңдап 

таң  атпай  жетіп  келуімнің  жөні  қалай  болады?..  Менің  бұл  елпектігімді  қыз 

қалай түсінеді?..» деп ойлап тұрдым да, шешінген судан тайынбас дегендей, 

не де болса кіруге ұйғардым. Меңтай есік дыбысынан шошымасын дедім бе, 

білмеймін,  әшейінде  темірдей  саусақтарым  киіз  боп  кеткендей,  былп-былп 

еткізіп есік қақтым. Іштен ешкім дыбыс бермеді. Тағы да қақтым, тағы да үн 

жоқ. Үш рет сөйттім. Итеріп қарасам, есіктің кілттелмей бос жабылып тұрғаны 

байқалады.  Содан  соң  «алға!»  деген  бұйрық  естілгеннен  кейін  окоптан 

қарғып  шығып,  мойныңды  ішке  алып,  мылтықты  кезене  ұстап,  шабуыл 

дүрмегіне  ілесе  тайсақтай  жүгірген  солдаттай  болып,  көзімді  шарт  жұмдым 

да, есікті ішке қарай итеріп қалдым. 




67 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет