Эндогенді, яғни ішкі экономикалық айнымалыларды модельді шешу нәтижесінде мәні анықталып құрылады.Оған жататындар: жұмыспен қамту, өндіріс пен инфляция деңгейі, валюта курсы және т.б.
Экзогенді (сыртқы) айнымалыларға мәні модельдерден тыс анықталған айнымалыларды жатқызамыз. Оларға үкіметтің жүргізген фискальды(бюджет-салық) саясаты және ұлтық банкінің монетарлы(ақша- несие) саясатарының құралдары жатады: мемлекеттік бюджет және салық, ақша массасының өзгерісі және т.б. Макроэкономикадағы қолданылатын модельдер мыналар: айналым моделі, АD-AS,IS-LM,Филипс қисығының моделі,Кейнс кресті,Лаффер қисығы,Солоу моделі және т.б.
Макроэкономикалық талдау кезінде қарапайым модель пайдаланылады,яғни жабық экономикада мемлекеттің араласуынсыз тек үй шаруашылықтарының және фирма қызметінің байланысы көрсетілген.
Макроэкономикада бұл модельге үкімет және сыртқы қалған әлем қосылады.Бұл модельді түсіндіру үшін Джон Кейнс экономиканы 4 нарыққа бөлді.
Мұнда тек бір ғана тауар- нан өндірілсін, яғни бір ғана фактор – еңбек пайдаланылады.
суретте үй шаруашылығы мен фирмалар арасындағы барлық экономикалық мәмілелер көрсетілген. Суреттегі ішкі шеңбер нан мен еңбек ағынын көрсетеді. Фирма өз жұмыскерлерінің еңбектерін нан өндіруге пайдаланады, және фирма сол өнімді – нанды өз кезегінде үй шаруашылығына сатады. Осыған байланысты еңбек үй шаруашылығынан фирмаларға қарай қозғалады. Ал нан фирмадан нан сатып алады. Фирма сатудан түскен төлемдердің бір бөлігін жұмысшылардың еңбекақысы ретінде пайдаланады, ал қалғаны табыс болады. Осы фирма басқарушылары үшін үй шаруасы да бір сектор бөлігі болып табылады. Сондықтан нанға кеткен шығын үй шаруашылығынан фирмаға келіп түссе, ал айлық төлем ақы табыс ретінде фирмалардан үй шаруашылығына келіп түседі. табыс (долл.)
1-сурет.Табыс пен шығынның айналым моделі.
Суреттегі фирмалар мен үй шаруашылығы арасындағы байланыс көрсетілген. Мұнда бір тауар түрі – нан өндірілді, ал пайдаланылатын фактор – еңбек. Еңбек пен нан ағындарын көрсететін ішкі шеңберде үй шаруашылығы фирмаларға еңбекті сатады, ал фирма үй шаруашылығына нан сатады. Сыртқы шеңбер ақша ағынын көрсетеді: үй шаруашылығы фирмаларға нан үшін ақша төлейді. Ал фирмалар үй шаруашылығына жалақы төлейді. Осындай экономикадағы ЖҰӨ - нанға кеткен жалпы шығын көлемі және нан өндірісінен түскен табыс жиынтығы.
ЖҰӨ - экономикада ақша ағымын сипаттайды. Біз оны екі жолмен есептеуімізге болады.
ЖҰӨ- бұл нан өндірісінің табыс жиынтығы, ол жалақы мен пайдаға тең, яғни суреттегі ақша айналымының жоғарғы жартысы. Сонымен қатар ЖҰӨ-бұл нан алуға кеткен жалпы шығын көлемі, яғни ақша айналымының төменгі жартысы. Осыған байланысты біз фирмалардан үй шаруашылығына баратын ақша ағынын біле аламыз. Шығындар мен табыстардың теңдігі мына есеп ережесінен шығады: өнімді өндіруге кеткен барлық шығын осы өнімді өндірушілердің табысы болып табылады. Осы ережеге байланысты кез келген мәселенің нәтижесінде шығын көлемі өзгеріске ұшыраса, онда табыс та өзгереді және кез келген мәселе нәтижесінде табыс өзгерсе, онда шығын көлемі де өзгереді.
Мысалы, фирма нанды өндіріп, үй шаруашылығына бір нанды артық сатты делік. Әрине, мұндай жағдайда, нанға деген жалпы көлемін өзгертеді және жалпы табыс та өзгереді. Егер фирмаға қосымша нан өндіру үшін қосымша жұмысшы қабылдау қажет болса, онда жалақының жалпы көлемі көтеріледі. Егер фирма жұмыскерлердің көмегінсіз өндірсе (яғни өндіріс үрдісін тиімдірек әрі ұтымды етіп жасайды), онда пайда көбейеді. Осы екі жағдайда шығын мен табыс бірдей өлшемге көбейеді.
Ауыспалы көлем 2 түрге бөлінеді – қор және ағын.
Ваннадағы судың көлемі – бұл қор, ол әдетте нақты уақыт мерзімімен өлшенеді, кран арқылы құйылатын су көлемі – бұл ағын, ол әдетте бірлік уақыт көлемімен өлшенеді.
Кран арқылы келетін су – ағын, ваннаға уақыт бір бөлігінде келетін су көлемі. Сондықтан, қор мен агынды өлшеу үшін әртүрлі бірліктер қолданылады. Ваннада 50 литр су бар, ал ваннаға әр минутта 5 литр су құйылады. Кейбір айнымалыларға теориялық талдау жасаған сәтте біз қор мен ағын арасындағы тәуелділікті жиі кездестіреміз. Ваннадағы жағдай бұл әдеттегі тәуелділік. Қордағы су, кран арқылы құйылатын ағынның жиналуы нәтижесінде ванна толады. Қордың өзгеру үрдісі ағында көрсетілген. Экономикалық көрсеткіштерді зерттеу кезінде, көбінесе қай санатқа жататындығын анықтау қажет болады – қор ма, әлде ағын ба, олардың арасында тәуелділік бар ма? Төменде біз келесі тарауларда оқитын бірнеше бір-бірімен байланысты қордағы ағын түрлері мысалдары көрсетілген:
• Тұтынушы заты – қор, оның табысы мен шығыны – ағын.
Жұмыссыздар саны – қор, ал жұмысын жоғалтушылар саны – ағын.
Мемлекеттік қарыз – қор, бюджет тапшылығы – ағын.
Жоғарыда қарастырылған түсініктердің көпшілігі «ағын» түсінігіне жатады. Мысалы: ЖҰӨ (ЖІӨ), инвестиция, мемлекеттік шығын, т.б.
Қор есебі: Мәселен, фирма қосымша жұмысшылар алып, өндірісін үлкейтсе, яғни нан өндірсе, оларға жалақы төлесе, ал содан кейін жасаған тауарлары өтпей қалса, бұл ЖҰӨ өлшеміне қалай әсер етеді?
Жауап өтпей қалған нанды не істейді, соған байланысты. Егер нан керек емес деп тасталса, онда фирма пайдасы қосымша жалақы өлшемі ретінде төленеді,- сонда фирма жалақы ретінде үлкен сома төлесе, ал пайда ретінде өзіне ешқандай табыс тапқан жоқ. Бұл операция көлеміне және табыс деңгейіне әсер етпейді. Сондықтан ЖҰӨ өлшемі өзгеріссіз қалады (тек қана жалақыға тиесілі бөлігі аз). Басқаша айтқанда, егер нанды кейінірек сату үшін, қорға жинап қойса, онда ұлттық есептеу принципіне байланысты, бұл операция басқаша қаралады. Бұл жағдайда пайла қысқартылмайды, себебі, нан фирма қорында сақталуда. Сол себепті, ЖҰӨ көлемі көбейеді.
Жалпы ереже бойынша фирма тауар қорын көбейткен сайын инвестиция көлемі қорға және шығын құрамына, табыс құрамына енеді. Сол себепті, өндіріс нәтижесінде қор өсімі пайда болады., ЖҰӨ көбейеді.
Сұрақтар:
Макроэкономика түсінігі
Макроэкономиканың қарастыратын мәселелері
Макроэкономикалық модельдер
Эндогенді және экзогенді айнымалылар
Достарыңызбен бөлісу: |