Мазмұны III. Мектеп қызметі – Үрдіс 23


«Білім туралы» Заңды орындау



бет6/16
Дата04.07.2018
өлшемі2,93 Mb.
#46575
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

«Білім туралы» Заңды орындау

ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, балаға тегін білім беру құқығын жүзеге асыру мақсатымен, мектеп жасындағы балаларды оқытумен қамту жөніндегі қызмет жүзеге асырылады. Оқытуды мектепте толық қамту үшін мектеп оқушылары (1-11 сыныптар) мәліметтерінің электрондық базасы және шағын аудан бойынша (0-18 жасқа дейінгі балалар) мәліметтер базасы құрылған.

Білім бөлімінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы №2149 бұйрығы негізінде мектепте жалпы оқыту айлығы өткізілді.

Мұғалімдер жылына екі рет мектеп жасындағы балалардың санын анықтау мақсатымен шағын аудан аулаларын тексеру жұмысын жүзеге асырады.

Шағын ауданды тексеру мәліметі бойынша 18 жасқа дейін оқушылардың тізімі құрылды, шағын аудан бойынша балалар саны – 1095; басқа оқу мекемелерінде оқитын шағын ауданның оқушылар тізімі.

Үш жыл ағымында шағын аудан бойынша оқытылатын балалар саны тұрақты деңгейде: оқушылар - 50-55%, мектепалды балалар 42-44%-ды құрайды.



Шағын аудан сипаттамасы


Критерии

2014-2015ж.

2015-2016ж.

2016- 2017ж.

Шағын аудандағы балалар саны

1155

1099

1095

Оқытумен қамтылған

921

1056

918

Мектепалды

470

471

411

ЖОМ-да оқитын

610

540

644

№43 ЖОМ-да оқитын

324

305

335

ЖОО-да, КЛ және колледждерде

62

47

38

Оқуға жарамайтындар

1

1

2

Шағын аудан тексеру нәтижесі бойынша оқу орындары бойынша оқушылардың оқу орнында оқитынын және 2016-2017 оқу жылындағы негізгі мектеп түлектерінің жұмысқа орналасуын анықтау үшін тексеріс жүргізілді.

Күн сайын әлеуметтік педагог және психологтар оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау жұмысы жүзеге асырылады. Әр ай сайын сынып жетекшілер басшылық ететін оқу-тәрбие ісінің меңгерушілеріне оқушылардың сабаққа қатысу жөнінен есеп береді.

Сынып жетекшілері, әлеуметтік педагог және КІБ инспекторы сабақты, әсіресе себепсіз босататын оқушыларды әрдайым бақылауға алады. Бұл келесі оқушылар: Асаинов Р. 7 «Д» сынып, Третьяков В. 10 «Б» сынып, Медведев Н. 6 «Г» сынып, Каримов Д. 8 «А» сынып.

ДКК анықтамасы бойынша үш оқушы үшін үйде оқыту ұйымдастырылған.

Денсаулығы әлсіреген 19 оқушы үшін мектепте 1 арнайы медтоп жұмыс істейді.

Темір жол кентінен оқушылар әрдайым тасымалданып тұрады, оның ішінде 25 оқушы біздің мектепте оқиды.

Мектепте 4 жетім бала, аз қамтылған отбасынан 65 бала, 6 бала жалға алушы есебінен ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. «Забота» акциясы бойынша аз қамтылған отбасы және жетім балаларға – 550888 теңге сомасына мектеп формасы мен кеңсе тауарлары сатып алынды.




Көмек көрсетілген оқушылар

дың саны


Соның ішінде

Көмек түрі

Сома

Соның ішінде

Бюджеттік

Бюджеттен тыс

киім

Аяқ киім

Кеңсе тауары

емделу




бюджет

Бюджеттен тыс

33

23

10

27

23

15

0

550888

530888

20000






























Мектепте ата-аналар патрулі жұмыс істейді, кешке таман шағын аудан аулалары, сынып жетекшілер ұсынысы бойынша оқушылардың пәтері тексеріледі. Ата-аналар патрулімен айлық ішінде 12 рейд өткізілді.

Мектепте аптасына екі сағат денсаулығы әлсіз оқушыларға арналған 2 арнайы медициналық топ жұмыс істейді, оған 24 оқушы қатысады.

2017 жылдың 5 қаңтарында оқушылар құрамы 1133 адамды құрады, оқу жылының басында кеткендер саны – 21, келгендер – 22 оқушы.


Үш жылда мектеп оқушыларының құрамы

Оқыту деңгейі

2014-2015

2015-2016

2016-2017

Барлық сыныптар

Оқушылар саны

Барлық сыныптар

Оқушылар саны

Барлық сыныптар

Оқушылар саны

Бастауыш мектеп

22

540

25

542

26

599

Негізгі мектеп

20

495

21

521

20

475

Орта мектеп

3

72

3

61

3

58

барлығы

45

1107

49

1124

49

1132

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім ұйымдарына құжаттарды қабылдау» №651 бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік қызметі үлгі ережеге сәйкес, Стандарттар және Регламент қызмет көрсету негізінде жүзеге асырылады.




3. Әлеуметтік педагогтың жұмысы

Мектептегі әлеуметтік-педагогикалық қызмет оқушыға білім беру немесе әлеуметтік қиыншылықтарды жеңу барысында оның жеке жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, көмек көрсетеді, бала құқығын толығымен жүзеге асыру үшін жағымды жағдай жасайды.

Бұл жағдайды жүзеге асыру үшін мектепте 2016-2017 жылы келесі басты бағыттар бойынша жұмыс жүргізілді:


  • Анықтама-ақпараттық;

  • әлеуметтік-профилактикалық;

  • кеңес беру-түзету.


Анықтама-ақпараттық бағыт. Қосымша әлеуметтік-педагогикалық көмекке мұқтаж оқушылар санын анықтау мақсатымен, оқу жылының басында мектептің әлеуметтік картасы құрылды. Сонымен, 2016-2017 оқу жылында мектепте 1138 оқушы 53 кабинетте білім алды. Баланың тәрбиесімен айналысатын, әрі жұмыс істейтін жалғыз басты аналар немесе жалғыз басты әкелер қатарының саны 248. Қолайсыз отбасы – 1, (3 «е» сынып оқушысы А. Бердугажиновтың отбасы). Оны жасөспірімдер жұмысы жөнінде бөлім есебіне қою себебі - ата-аналардың кәмелеттік жасқа толмаған балаларын тәрбиелеуден бас тарту болып табылады. Әлеуметтік жағдай бойынша аз қамтылған отбасыдан 64 оқушы болып саналады. Осы оқушылар Жалпыға міндетті оқыту қоры қаражатынан жыл бойы тегін тамақпен, кеңсе заттарымен және киіммен қамтамасыз етіледі.

Мектепте жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған – 5 бала, көп балалы отбасылардан - 23 бала білім алуда. Осы оқу жылында Жасөспірімдер жұмысы бойынша бөлім есебінде - 1 оқушы (8-а сынып оқушысы Каримов Донна) тіркелді. Мектепшілік бақылауда тұрғандар - 12 оқушы (Пунтусов Владимир, Медведев Никита, Ахметжанов Тимур, Каверин Тимофей, Руди Григорий, Пикулин Даниил, Керимов Абдулла, Исломова Севара, Жмайло Валерия, Меньшиков Даниил, Постовой Алексей, Лапаев Олег) тұр. Педагогикалық ұжым тарапынан ерекше бақылауды талап ететін оқушылар – сабақты жиі босататындар, құрбы-құрдастар немесе мұғалімдермен ортақ тіл табыса алмайтындар, үйден қашып кеткен балалар, тартып алу және т.б. құқықбұзушылық сияқты жағдайларға тап болғандар кездеседі. Осы аталған оқушыларға қоғамдық тәрбиешілері тарапынан және ата-аналары жағынан басты назар аударылады.

Оқу жылы ағымында 2 іс (Клецкова Е., Назарова Д.) ЖІК қаралуына берілді. ЖІК шешімі бойынша Клецкова Елизавета 10-шы сыныпты жалғастыру үшін «№1 жалпы орта білім беру мектебі» ММ жанындағы кешкі мектепке жіберілді.

ЖІК шешімі бойынша Назаров В.В. және Херова С.В. 3-б сынып оқушысы кәмелеттік жасқа толмаған Назарова Дарьяға қатысты ата-аналар құқығынан айырылды. Әжесі Херова Надежда Павловна қызды өз қамқорлығына алды.

Сонымен қатар мектептің әлеуметтік педагогымен жүйелі түрде сабаққа қатысу, сырт киімді тексеру сияқты рейдтері жүргізіліп тұрады және оқу жыл ағымында, демалыс кезінде балалардың жұмыспен, бос уақытын қамту үнемі бақыланып тұрады.

Әлеуметтік – алдын алу бағыты. Әлеуетке бейімделу және девиантты мінез-құлықтың алдын алу мақсатымен, 2016-2017 оқу жылы мектепте оқушыларға арнап, азаматтық-құқықтық және тұрмыстық өмірдегі қызмет дәрежесін арттыруға бағытталған түрлі шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Сондай-ақ ерте жүктіліктің алдын алу, жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу, құқықбұзушылықтың алдын алуға және т.б. бағытталған кездесулер болып тұрады. Мектепте есірткі бекеті жұмыс істейді.

Мектепте ата-аналарды және оқушыларды шақырумен құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесі өткізіліп тұрады.

Мектеп комитетінде және жасөспірімдер жұмысы бойынша бөлім есебінде тұрған, отбасылық жағдайы нашар оқушыларға әлеуметтік педагог, мектеп инспекторы, Ішкі істер басқармасы жалпы қауіпсіздік бөлімінің жасөспірімдер жұмысы бөлімі бойынша учаскелік полиция инспекторы, сынып жетекшілер, мектеп психологы үнемі рейдтік шараларын қолданып отырады.

Кеңес беру – түзету бағыты. Осы бағытта әлеуметтік педагогтың қатысуымен ғана шешімі табылатын отбасымен және жеке оқушылармен жұмыс жүргізіледі. Бұл оқу жылында мұндай жұмыс Каримов Донна, Тюмина Альбина, Асаинов Ратмир, Бердугажинов Акбар, Постовой Алексей, Меньшиков Даниил, Каверин Тимофей, Жмайло Валерия, Третьяков Владиславтың отбасыларымен жүргізілді.

Оқу жылы ағымында оқуға, сабаққа қатысу, сынып ұжымындағы мәселе және тұлғааралық қатынас мәселесі бойынша сынып жетекшілермен және оқушылармен жеке жұмыстар жүргізілді.

Оқушылардың әлеуметтік-педагогикалық мәселелерін шешу үшін сынып жетекшілер, мектеп әкімшілігі, ЖІБ инспекторы, Павлодар қаласы әкімдігінің түрлі өкілдері, ата-аналар қоғамдығы тартылады.

Ата-аналар 2-ші ауысымдағы оқушыларды және Темір жол кентінде тұратын оқушыларды үйіне шығарып салады (барлығы 180 рейд шаралары). Сонымен қатар сынып жетекшілігі жоқ педагогикалық қызметкерлермен аптасына 2 рет мұғалімдер рейді ұйымдастырылады. 2016-2017 оқу жылында мектеп шағын ауданы бойынша 28 жорық шаралары болды. Демалыс және мереке күндері қосымша рейдтер педагог құрамынан ұйымдастырылады, олардың бақылауына Лермонтов көшесі бойынша орналасқан ойын-сауық орындары, «Ласточка» базары және мектеп ауданына қарасты территориялар жатады.

Осыған байланысты оқу жылының жұмыс анализі мектептің әлеуметтік-педагогикалық қызметі мектептің алға қойған мақсаты мен міндеттерге сәйкес жұмыс жоспары орындайтынын көруге болады. Мектептің педагогикалық ұжымымен жалпыға міндетті оқу туралы Заңын орындау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп отырады. Әр түрлі категория қатарына жататын оқушылар қажетті көмектерін алып тұрады. Аудан және мектеп оқушыларының әрқайсысы бақылауда. 9-шы сынып түлектері үшін оқуды жалғастыру мәселесі өзекті болып қала береді. Олармен бірге мектеп әкімшілігі, әлеуметтік-психологиялық қызмет және сынып жетекшілер жеке кәсіби бейімделу жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ мектепшілік бақылауда және Жасөспірімдер жұмысы бойынша бөлімде тұрған оқушылардың сабақтан тыс уақытын өткізу мәселесі өзекті болып қала береді.


  1. «Ақпараттандыру бағдарламасын» жүзеге асыру

Қазақстанда орта білім беру жүйесін ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатымен «Павлодар қаласының №43 жалпы орта білім беру мектебі» ММ 2015-2018 оқу жылында мектепте оқыту үрдісін Ақпараттандыру бағдарламасы өңделіп және қызмет барысында қолданылады. Осы бағдарлама келесі бағыттардан тұрады:



  1. Әкімшілік қызметінің приоритеттік бағыты.

  1. Ұйымдастыру-тәртібі қызметті автоматтандыру.

  2. Оқыту сапасын өткізу мониторингі.

  3. Электронды құжаттар айналысы.

  4. Білім беру үрдісінде ақпараттық технологияны игерту бойынша семинар-практикум өткізу.

  5. Пән кабинеттеріне компьютер қою.

  6. Педагогикалық кадрлардың электронды базасы.

  7. Оқушылар мәліметі бойынша электронды базасы.

  8. Мектеп сайты

  9. Білім беру мекемесінің локальды құжаттарын мектеп сайтына орналастыру.

2.Мұғалім қызметінің приоритеттік бағыты.

1.Мұғалімнің жалпы ақпараттық мәдениеті ретінде интернет-технологияны игеру.

2.Сабақ барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын ұйымдастыруда интернет желісінің ақпараттық ресурстарын пайдалану.

3.Интернет–ресурстарды гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерде және ақпараттандыру курсын пайдалану.

4.Мектептегі орта және жоғары буындағы сыныптарда өткізілетін дәстүрлі сабақ түрлерін Интернет желісі ресурстарына және ақпараттық технологияларды енгізу.

5.Интернет-сабақтар мен интеграциялық сабақтар құру.


3.Оқушы қызметінің приоритеттік бағыты.

1. Интернет-технология – оқушының жалпы ақпараттық мәдениеті.

2. Өзін-өзі тану барысында Интернет желісінің ақпараттық ресурстарын пайдалану.

3. Интернет–технология – балаларға қосымша білім беруде.

4. Сабаққа дайындалу үшін компьютерлік технологияны пайдалану.

5. Сабақтан тыс қызметі: компьютерлік  технология негізінде үйірме және факультатив қызметтерін ұйымдастыру.

6. ҰБТ бағдарламасы бойынша жаттығу тестілеу өткізу.
4.Ата-аналар қызметінің приоритеттік бағыты.

1.Мектеп сайтында орналасқан мектептің әлеуметтік-психологиялық қызметінен ақпараттар мен ұсыныстар алу.

2.Білім үрдісінің нормативтік-құқықтық құжаттарымен Интернет арқылы танысу.

5.Мектепте бірыңғай ақпараттық орта құру қызметінің приоритеттік бағыты.

Мектепте бірыңғай ақпараттық орта құру – оқу үрдісіне атсалысатын барлық қызметкерлер: әкімшілік, мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары; басқарма саласындағы әкімшілік, оқыту үрдісі қызметін тиімділігін арттыру саласындағы оқытушылар жатады. Сонымен қатар оқыту үрдісіне атсалысатын барлық қатысушылар өзара ақпараттық хабарлар желісінде тығыз байланыста болады.




  1. Мектепте оқыту үрдісін ақпараттандыру.

Оқу үрдісінде 149 компьютер қолданылады. 9 компьютер бухгалтерияда қолданылады. 2016-2017 оқу жылында істен шыққан жарамсыз компьютерді, 2005, 2006 жылдары мектеп балансына қойылған 15 компьютерді жоққа шығару жоспарланып отыр.

Мектепте 1132 оқушы (1-11 сыныптар) оқиды, жалпы санын шаққанда бір компьютерге 7,5 оқушыдан келеді.

Оқу орнында 2 информатика кабинеті қызмет етеді. Химия, биология, физика, мультимедиялық және лингафон арнайы кабинеттері, сондай-ақ тағы да 4 (№№8,25,18,21) кабинетте мұғалімдер интерактивтік құрал-жабдықтарды қолдана отырып, сабақ өткізе алады.

Қалған кабинеттерде моноблоктар орнатылған.

TP-Link модем желісі арқылы кабинеттердегі барлық компьютерлердің Интернетке қосылу мүмкіндіктері бар.

Мектеп сайты қызмет етеді. Осы сайттан мектеп жаңалықтарымен, мектеп туралы ақпаратпен, педагогикалық құрамы, оқыту үрдісінің нормативтік базасы, Мектеп мұғалімдері ұйымдастырған шаралар жұмыстарымен танысуға болады. Сайт аптасына 1-2 рет жаңартылып отырады.

Мектеп екі информатика мұғалімі жұмыс істейді.




Мұғалімнің аты-жөні

Білімі

Диплом бойынша мамандығы

Өтілімі (ИВТ; 1.09.15; ж. ай)

Санат

Біліктілік арттыру курсы

1

Пирожникова И.А..

Жоғары, ПМУ, 2009 ж.

Информатик және математика мұғалімі

20.02

В(2012)

2017

2

Будкова О.Б.

Жоғары, ПМПИ, 1991 ж.

Информатика мұғалімі

14.08

1 (2013)

2011


Жүйе әкімшілігі Кокшаров А.В. жүйелі түрде ақпараттық орта материалдарын тексеріп отырады: антивирустық бағдарламалар базасын жаңарту, айырбастау қажеттілігіне қарай антивирустық бағдарламаларды ауыстырып отырады.

  1. Мұғалімдердің педагогикалық қызметіндегі ақпараттандыру технологиясы

Бүгінгі ақпараттық қоғамдағы жағдайға байланысты мектептегі педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыруға және даярлауға жоғары талаптар қойылады.

Мектепте ақпараттық технология саласы жағынан мұғалімдердің біліктілігін артыру мәселесіне басты назар салынады. Мұғалімдердің көбі АКТ қолдану, электронды оқыту және интерактивтік құрал-жабдықтарды қолданумен қайта даярлау курсынан өтті.

Информатика мұғалімдері әр демалыс сайын ақпараттандыру сабағы бойынша курстар жүргізіп отырады.

АКТ қолдану сабақ кезеңдерінің әр бөлімінде байқалады. Компьютерлік және интерактивтік құрал-жабдықтарды қолдану сабақтың келесі кезеңдерінде жиі кездеседі: жаңа материалды түсіндіру, алған білімді қорытындылау және бекіту, білімді тексеру, тестілеу.

Педагогтар журнал баспалары, Интернет сайтында өз жұмыстарын орналастыру сияқты шығармашылық жұмыстарды жалғасуда. «Коллеги», «Педагог - kz», vidiourok.net Интернет – порталы InfoUrok.RU сайтында сыныптан тыс шаралар, әдістемелік сабақтар жинағы орналастырылып отырады.

Біздің мектебіміздің оқушылары әрдайым қашықтықтан тыс Интернет-олимпиада, викториналарға, сондай-ақ түрлі қалалық және облыстық деңгейдегі байқауларға қатысады.

Осы оқу жылы жобалық зерттеу қызметі, тек қана бастауыш сынып оқушыларымен өткізілді. Оқушылар жобалық-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін қалалық байқауға ұсынды, бірақ өкінішке орай, жүлделі орынға ие болған жоқ.

Мұғалімдер www. Mediakurs. kz. лингафондық функциясын басқаратын кабинет жүйесіне басты назар салып, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым миистрлігінің JoyClass және бейне-сабақтар интернет – порталын кеңінен қолданып отырады. Оқыту пәндері бойынша электрондық кітаптар жүйесінің саны 1043 құрайды, оның ішінде: ағылшын тілінде – 203, мемлекеттік тілде – 383, орыс тілінде – 457.

2017 жылы роботты техника кабинеті ашылды. Базалық 5 жинақ, сол көлемде LEGO ресурстық жинақ кешені және 3D принтер алынды. Кабинетті жоғары санатты мұғалім Будкова Оксана Борисовна басқарады. Сондай-ақ роботты техника бойынша үйірме жұмыс жасайды.
2017-2018 оқу жылына тапсырмалар.

1. Бағдарламалық қамтамасыз ету және құрал-жабдықтарды орнату:


  • оқушылардың ақпараттық мәдениетін арттыру мақсатымен оқыту-тәрбие үрдісінде компьютерлерді пайдалану үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді үнемі жаңартып отыру;

  • мектептің (компьютерлер) материалдық-техикалық базасын сақтау үшін жаңа лицензиялық антивирустық бағдарламалар сатып алу;

  • компьютерлік техника оқыту үрдісінде жоғары деңгейде қызмет көрсету үшін ДК қосымша құралдарын жүйелі түрде жаңартып отыру;

  • мектептің компьютерлік және интерактивтік құрал-жабдықтарды сақтауды үнемі жүзеге асыру.

2. Ақпараттық ресурстар мен жүйелерді өңдеу және игеру:

  • мектеп сайтының жұмысын қолдау (ақпарат және модернизация жаңарту және толықтыру);

  • мұғалімдерге электрондық портфолио құру;

  • Мұғалімдер Интернет порталында сабақ жоспары мен дидактикалық материалдар баспаларын жүйелі түрде жүзеге асыру.

3. Ақпараттық технологияларды пайдалану:

  • оқу жылы ағымында білім сапасының компьютерлік мониторингі жүйелі түрде қолдану;

  • on-line тәртібі бойынша интерактивтік сабақтарды көруге үнемі қатысып отыру (интерактивтік сабақтарды өткізу тәртібі);

  • оқыту үрдісі кезінде дарынды балаларды іздеу және олармен АКТ мүмкіндігін пайдалану негізінде жұмыс жасау.

4. Кадрларды қамтамасыз ету:

  • білім беру жүйесіндегі барлық қызметкерлердің кәсіби қызметі үшін ақпараттық технологияларды қолдану бойынша біліктілік арттыру курстарына қатысуды (кесте бойынша) ұйымдастырып жүзеге асыру;

  • өз қызметінде интерактивтік құрал-жабдықтарды қолданғысы келетін мұғалімдермен интерактивтік құрал-жабдықтарды қолдану курстарына қатысу;

  • АКТ қолдану тәжірибесімен бөлісу бойынша семинарлар, практикумдарды жүйелі түрде өткізу және оған қатысу;

  • мұғалімдер қызметіндегі жағымды жақтарды үйрену, жалпылау және бөлісу жұмыстарын реттеу.




  1. Әдістемелік жұмыс

ҚР «Білім беру туралы» Заңы негізінде 2012-2017 жылдарға даму бағдарламасы жасалған, мақсатқа бағытталған тәсілді қамтамасыз ету талаптары негізінде, 2020 жылға дейін білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы, ҚР БжҒМ нормативтік-құқықтық құжаттар негізінде жасалған. Бағдарлама алдағы бес жылға мектеп дамуының стратегиясын анықтайды.

Жаңғыртудың бұл стратегиясы мектеп білім беруінің сатысына тұтастай жаңа талаптар қояды:


  • 12-жылдық оқуға ауысу есебі;

  • Негізгі мектепте жалпы білім берудің салыстырмалы аяқталушылығы;

  • Жоғары сыныптарда оқушылардың кәсіби өмір жолында жеке таңдау жасау мүмкіндігі.

Бағдарлама мектептің заманауи жағдайын есепке алумен жасалған және мектеп білім беру жүйесінің дамыту басқармасын анықтайтын құжат болып табылады.

Бұл бағдарламаны тағайындау белгіленген басымдықтарда мәнін, мазмұнын, ұйымын, сонымен қатар білім берудің шарттары мен факторларын жан-жақты ескеретін мектеп үлгісін қалыптастыруға өтпелі кезеңде ізденістерді үйлестіру болып табылады.

Бұдан басқа, бағдарлама дәл сондай кадрлық құрамнан, ғылыми және әдістемелік әлеуеттен бастау алып, жеке тұлғаға бағытталып оқытуды жүзеге асыру мәселесін шешуде білім беру мекемесінің мүмкіндіктерін әрі қарай үйренуге біріктіру үшін арналған.

Мектеп қызметінің шеңберінде дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру үдерісінде мәнін, мазмұнын, ұйымын, сонымен қатар оқыту мен тәрбиелеудің нәтижелі үдерісінің шарттары мен факторларын жан-жақты ескеретін мектеп үлгісін дамыту болжанады.

Өз мақсаттарына қол жеткізу үшін мектеп біліктілік білім беру мен тәрбиелеуді жүзеге асыру стратегиялық идеясын таңдады. Бұл мектептің әр оқушысы өзін-өзі жетілдіре алатын, өз тағдырын өзі шешетін, сүйікті ісімен шұғылданатын, оқу мәселелерін және проблемалық жағдайларды шешуде мектепте «сәттілік жағдайын» сезінетін білім беру кеңістігін құруды болжайды.

Біздің мектеп қандай болу керек деген түсінігімізде біз келесі ұстанымдардан бастау алдық:



  • Мектеп – микроәлеуметтің білім беру қажеттіліктерін қамтамасыз етуге тартылған білім беру мекемесі;

  • Біріншінің салдарынан оқып білу қажет, бұл қажеттіліктердің талдауы, бір жағынан, оларды қанағаттандыру бойынша мүмкіндіктерін талдау – екінші жағынан;

  • микроәлеуметтің білім беру қажеттіліктерін жоғары сапада қанағаттандыру қажет. Мектеп бәсекеге қабілетті және беделді болу керек, ал бұл тек үздіксіз даму және прогрессивті технологиялар, әдістемелерді шығармашылық іздеу, педагогикалық және басқарушылық деңгейде өсу тәртібінде мүмкін;

  • білім беру міндеттерін орындай отыра мектеп сабақтан тыс кең спектрде – үйірмелер, спорттық, клубтық, спорттық, музыкалық-эстетикалық қызметтің көп түрлерін қамтамасыз етеді.

Қойылған міндеттерді орындау мектептің педагогикалық кеңістігінің барлық деңгейлерінде тілектестік, сенім, бірлестік, жауапкершілік жағдайында шешу мүмкін.

Дамыту бағдарламасында белгіленген негізгі мақсаттарға сәйкес мектепте педагогтердің қосымша кәсіби білімі үшін, сонымен қатар олардың өзекті педагогикалық тәжірибесін тарату мен үйрену үшін тиімді және ақпараттық-әдістемелік, ұйымдастырушылық және кадрлық жағдайлар құрылады.

Әдістемелік жұмыстың мазмұны:


  • Білім беру саласында ҚР заңнамасымен, нормативтік құжаттармен, нұсқаулықтармен, ҚР БжҒМ ұсыныстарымен, мектеп дамуының бағдарламасымен;

  • Білім беру үдерісі жағдайының нәтижелерімен, оқығандық, тәрбиелік деңгейімен және оқушының дамуымен;

  • Инновациян меңгерумен, оқу қызметіне АКТ-ны енгізумен;

  • Кәсіби қызығушылықтардың бар болуымен және педагогтердің сұранысымен шартталған.

Әдістемелік жұмыстың негізгі мақсаты: педагогикалық шеберліктің өсуінде қызығушылық атмосферасын, педагогикалық құзыреттіліктің басымдылығын, ұжымның шығармашылық ізденістерін құру.

Бұл мақсатты жүзеге асыру мектепшілік басқару жүйесімен және мектептің өмірлік іс әрекетімен байланысты тапсырмалар да бағынышты болды. Білім беру мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті әдістемелер, бағдарламалар, технологиялар, жеке педагогикалық әдістер, дәстүрлі емес сабақтар және басқа ғылыми-әдістемелік зерттемелер білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының денсаулығын сақтау мен нығайтуға ықпал етуші мектепте жеке тұлғаға бағытталған оқу-тәрбие үдерісі үшін қажетті педагогикалық тәсілдерді жасауға, анықтауға және енгізуге бағытталған педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік қызметін жетілдіру.

Мектеп қызметінің кадрлық бағыты мұғалім ұжымын келесіге:


  • рефлексияға, бар педагогикалық тәжірибені талдауға;

  • жеке тұлғаға бағыттап оқыту жүйесін жетілдіруге бағытталған педагогикалық қызметтің жаңа нормалары мен үлгілерін меңгеруге; әр оқушы үшін жетістік жағдайын жасауға, оқушыларда танымдық біліктілігін дамытуға, білімді өздігінен меңгеруге; оқушылардың денсаулығын сақтауға және жақсартуға болжайды.

2016-2017 оқу жылында педагогикалық ұжым мектепті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысты аяқтады. «2012-2017 жылдарға арналған «№43 ЖОМ» ММ даму бағдарламасында» жазылған, сонымен қатар мектептің әдістемелік тақырыптарынан туындайтын мектептің негізгі тапсырмаларын шешу үшін келесі жағдайлар жасалды:

  1. негізгі пәндер бойынша білім іргетасын салуға, білім стандартына сәйкес және мектеп түлектерінің (10-11-ші сыныптарда - «Математика» және «Физика» пәндері бойынша бейінді оқыту, арнайы курсқа сағаттар бөлінді) білім алуды жалғастыру үшін мүмкіндік беретін білім деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін оқу жоспары құрылды;

  2. мектептің әдістемелік қызметі жоспарлы түрде жұмыс істеді;

  3. барлық ӘБ-де жалпы мектепшілік және қалалық жоспардан туындайтын жұмыс жоспарлары болды;

  4. денсаулықты сақтау және СӨС қалыптастыруды қамтамасыз ету бойынша мақсатқа бағытталған жұмыс дәстүрлі түрде жүргізілді;

  5. мүмкіндігіне қарай оқу кабинеттерінің материалдық-техникалық базасы жақсартылуда.

Қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес әдістемелік жұмыс келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

    1. педагогикалық кеңес жұмысы ұжымдық әдістемелік қызмет ретінде;

    2. әдістмелеік кеңестің жұмысы;

    3. кадрларды таңдау және орналастыру;

    4. кадрлардың біліктілігін, педагогикалық шеберлігін және санатын арттыру;

    5. пәндік әдістемелік бірлестіктердің жұмысын жетілдіру;

    6. оқушыларға психологиялық және әлеуметтікғ көмек;

    7. жеке-әдістемелік және инновациялық әрекет – жұмыс тәжірибесін талдап қортыу;

    8. кабинеттерді әдістемелік жабдықталумен жаңарту.

Ұжымның әдістемелік жұмысының жоғары дәрежедегі жұмысы педкеңес болып табылады.

2016-2017 оқу жылында мектептің өзекті тақырыбына сәйкес келесі педкеңестер өтті:



  1. 2016-2017 жылда білім беру үдерісін педагогикалық жобалау – мектеп педагогикалық қызметінің және педагогикалық ұжымның сәттілік белгісі.

  2. Мектептің бастауыш және негізгі орта сатысын оқытуда бейімделудің өзекті мәселелері мен бірізділігі.

  3. Оқытуда жаңа тәсілдерді енгізу – мектеп тәжірибесін өзгерту қажеттілігі.

  4. Оқушыларды патриоттық, рухани-адамгершілік тәрбиелеуде «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру.

  5. Оқу жылын аяқтау бойынша педкеңестер өткізу.

Әр оқу жылында сияқты дәстүрлі түрде кіші педагогикалық кеңестер өткізілді:

- қайта келген және жаңадан бастаушы мұғалімдерді кәсіби дайындау;

- бастауыш және негізгі мектептің бірізділігі;

- Оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру арқылы 10-шы сыныптардың оқушылар ұжымын қалыптастыру мәселелері бойынша.

(Барлық жылдар бойы үнемі «Білікті педагог – сапалы білім кепілі» әрекеттегі проблемалық-әдістемелік семинар жұмыс істейді.

Мектеп әдістемелік қызметінің негізі келесі қызметтерді атқаратын ғылыми-әдістемелік кеңес болып табылады:



    1. Мектеп дамуының мақсатқа бағытталған үдерісін ұйымдастыру.

    2. Ғылыми-зерттеу және инновациялық үдерістер, оларды басқару және бұл үдерістердің дамуын бақылау.

    3. Педагогтердің ғылыми-әдістемелік қызметін ұйымдастыру.

    4. Ғылыми-әдістемелік кеңес қызметінің жетекшілігі мен үйлестіруі.

    5. ЖОО, ПҚБАИ, білім беру мен тәбиелеуді дамытудың облыстық орталығымен ғылыми байланыс орнату.

    6. Инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізетін педагогтерге «Жыл мұғалімі» сайысына, білім беру мекемелерінің сайыстарына, үздік мұғалімдер сайыстарына және басқа кәсіби сайыстарға қатысу кезінде ғылыми-әдістемелік қолдау жасау.

    7. Әдістемелік қызметтің түрлі бағыттары бойынша деректер қорын құру.

Мектеп әдістемелік кеңесінің жұмыс мақсаты – қойылған міндеттерді орындауда мектеп әдістемелік жұмысы қызметінің нәтижелілігін шығару.

ӘК отырыстарында келесі сұрақтар қарастырылды:

  • 2016-2017 оқу жылында білім беру үдерісінің сапасы мен тиімділігін арттыру бойынша әдістемелік жұмыс міндеттері.

  • 2016-2017 оқу жылына мектептің әдістемелік жұмыс жоспарын, шығармашылық топ, әдістемелік бірлестік жұмыс жоспарларын бекіту.

  • 2015-2016 оқу жылындағы жас мамандармен жұмыс жасау анализі, 2016-2017 оқу жылына жас мамандармен жұмыс жасау жоспарын талқылау.

  • Мектеп олимпиадасын өткізу туралы, гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағытта оқушыларды қалалық олимпиадаларға дайындау туралы.

  • Мектеп олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу қорытындысы. гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағытта оқушыларды қалалық олимпиадаларға дайындау туралы.

  • 1 тоқсандағы оқыту үдерісінің мониторинг қорытындысы.

  • ӘБ-те мұғалімдердің педагогикалық озық тәжірибелерін талқылау.

  • Сертификатталған мұғалімдердің әдістемелік апталығын өткізу туралы.

  • «Білім беру мен оқытуда жаңа тәсілдерді игеру – мектеп тәжірибесін түрлендіру қажеттілігі» педкеңесіне дайындалу туралы.

  • Мұғалімдердің инновациялық қызметінің тиімділігін талдау.

  • 10-11 сыныптарда бейінді оқыту жағдайы.

  • Жас мұғалімдер мектебі жұмысын талдау.

  • Ғылым апталығын дайындау және өткізу.

  • 1 жартыжылдық оқыту үдерісі мониторингтің қорытындысы.

  • Мұғалімдердің педагогикалық озық тәжірибелерін талқылау.

  • Орыс тілі мен әдебиеті ӘБ жұмысының шығармашылық есеп беруі.

  • Екінші санатқа аттестациядан өтетін мұғалімдердің шығармашылық есеп беруі.

  • 3 тоқсандағы оқыту үрдісі мониторингі қорытындысы.

  • жоғары және 1 санатты мұғалімдердің ашық сабақ фестивалі қорытындысын шығару.

  • Мектептің әдістемелік жұмысының анализі.

  • Төртінші тоқсан, жылдық оқыту үдерісі мониторингі қорытындысы.

  • «Педагогикалық жетістік формуласы» форумы.

  • Келесі оқу жылына ӘК жұмысын жоспарлау.

Қорытынды: әдістемелік кеңестің барлық қызметі мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің өсуіне мүмкіндік берді.

Мәселе: әдістемелік кеңестің қызметі дарынды балалармен жұмыстың тиімділігін арттыра алмады (оқушылардың республикалық олимпиада қалалық кезеңінде саны жағынан аз жүлделі орындардың болуы).

Шешу жолдары:

  1. Білім беру сапасын арттыру бойынша, дарынды балалармен жұмыс бойынша жұмыс жоспарын қайта қарастыру;

  2. ӘК қызметін педагогтердің біліктілік деңгейін ескерумен және мұғалімдердің талаптарына сәйкес педагогикалық шеберлік деңгейін артуға бағыттау.

Әдістемелік бірлестіктің жұмысы

Әдістемелік қызмет құрылымында басты буындар әдістемелік бірлестіктер болып табылады. Мектепте бұл 9:



  • Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері;

  • Бастауыш сынып мұғалімдері;

  • Орыс тілі мен әдебиет мұғалімдері;

  • ЖМБ мұғалімдері;

  • Ағылшын тілі мұғалімдері;

  • Тарих мұғалімдері;

  • Өзін-өзі тану мұғалімдері;

  • Мәдениеттану бағыттағы мұғалімдер;

  • Дене тәрбиесі мұғалімдері.

ӘБ жұмысын талдау нәтижесінде тұжырымдалған негізгі тапсырмалардың бірі 2016-2017 оқу жылында педагогикалық шеберлікті жетілдіру, технология педагогтерін жобалық және зерттеу қызметіне оқыту, оқушыларды жобалық және зерттеу қызметіне жұмылдыру, бейімділік, қызығушылық және мүмкіндіктерге сәйкес әр оқушының талабын қамтамасыз ететін оқыту жүйесін құру қойылды. Мектептің әдістемелік тақырыбына сәйкес өздігінен білім алу тақырыптарымен педагогтердің жұмысы жалғасты. Әр ӘБ мектептің әдістемелік тақырыбымен байланысты өзінің әдістемелік тақырыбымен жұмыс жасайды.

ӘБ білім беру қызметін талдай отыра келесі аспектілерді атап өтуге болады:



  1. ӘБ мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру мемлекеттіік бағдарламалардың талаптарына сәйкес орындалды, білім берудің барлық деңгейінде нормативтік-құқықтық және жаолық құжаттар негізінде жүргізілді, білім алушылардың қызығушылықтары мен құқықтарын қорғауға бағытталған.

  2. Барлық пән мұғалімдері білім беру үдерісін негізін ҚР Білім және ғылым министрлігінің бағдарламалары құрайтын жұмыс бағдарламалары бойынша жүзеге асырды.

  3. Озық педагогикалық тәжірибені көрсету мен талқылау бойынша жұмыс бұрынғыдай тиімді болмай жүр. Бұл бағыт бойынша негізгі мәселе педагогтердің талдау материалдарын дайындауды қаламауы; көп педагогтердің өздерінің атқарылған жұмыс көлемін жүйеге келтіре алмауы.

  4. ӘБ жоспарында және жұмысты талдауында ӘБ білім берудің өзекті сұрақтарын, түрлі проблемаларды шешудің жолдарын іздеп табуы, мектеп жұмысының нәтижесіне оң әсерін тигізетін өз жұмысында белсенді формаларды қолданатыны айтылған. Бұл мектептегі ӘБ мұғалімнің педагогикалық шеберлігін арттыру үздіксіз үдерісін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

  5. Бірақ ӘБ жетекшілерінің жұмысты жоспарлау және талдау жүргізудегі ресмилікті атап өту керек: тапсырмалардың, отырыстар және ашық сабақтар тақырыптарының қайталануы, сайыстар мен олимпиадаларда мұғалімдер мен оқушылардың сандық деректері мен қатысуы өзгереді.

  6. Мектепте мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеруіне басты назар аударылды. Бүгінгі күні мектептің барлық мұғалімдерінде үйлерінде компьютер бар, әрине бұл осы бағыттағы жұмысты жеңілдетеді. Бірақ, барлық мұғалімдер жүйеде АКТ-ны қолданбайды. Ақпараттық технологияларды қолданбауға компьютерлік жабдықтаудың жетіспеушілігі ғана емес, мұғалімдердің бұл сұраққа деген көзқарасы да мүмкіндік бермейді.

  7. Мұғалімдер мен оқушылардың сабақтардағы қызметін байқау нәтижелері бойынша барлық мұғалімдер өз сабақтарында жеке тұлғаға бағытталған және жүйелі-қызметті тәсілді орындайды. Олар психологияның қажетті білімін меңгерген, оқушылардың жеке және шығармашылық қабілеттерін дамытуға назар аударады, қосымша әдеби деректерді өз бетінше іздеуге және оларды оқуда қолдануға үйретеді. Тапсырмаларды орындау мүмкіндігін талдауға, шешімнің тиімді жолын таңдауға, қазақ тілі, орыс тілі және әдебиет бойынша шығармашылық жұмыстарды, басқа пәндер бойынша зерттеу жұмыстарын жазуға айтарлықтай көңіл бөлінеді. 11-ші сыныптарда ЖОО-на түсу үшін мемлекеттік қорытынды аттестаттау мен ҰБТ және 9-шы сыныптарда мемлекеттік қорытынды аттестаттау тапсыру кезінде пән мұғалімдерімен айтарлықтай маңызды тестілеудің түрлері мен үлгілерін енгізу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіледі.

Мектептің материалдық жағдайы оқу-тәрбие үдерісіне заманауи білім беру, соның ішінде ақпараттық технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні жоғарыжылдамдықты ғаламторға қосылған 4 компьютерлік сынып тиімді жұмыс істейді, барлық пәндер бойынша ақпаратттық материалдарын пайдалануға мүмкіндік беретін локальды компьютерлік желі құрылған, кабинеттерде 10 интерактивті тақта белсенді қолданылады, толық қамтылумен 149 компьютер оқу кабинеттерінде мұғалімдермен де, оқушылармен де қолданылады. Мектепте әр пән бойынша тесттер базасы бар. Мектеп екінші жыл электронды оқыту жүйесін енгізу бойынша жобаға қатысуда. Ағымдағы оқу жылында оқу үдерісінде цифрлы білім беру ресурстарын дайындау мен қолдану бойынша белсенді жұмыс жүргізіледі. Мектепте 2012 жылдан бері «Пән мұғалімдерінің ақпараттық-әдістемелік қолдауы үшін ғаламтор ресурстарын қолдану» әдістемелік семинар жұмыс істейді (жетекші И.А. Пирожникова).

Қызметкерлердің сауаттылық деңгейін арттыру шеңберінде оқу үдерісінде АКТ және жаңа техникалық құралдарды қолдану саласында мектеп мұғалімдерінің 71% АКТ-ны қолдану бойынша түрлі курстар: интерактивті тақтаны оқыту курсын, жобалық қызмет, электронды оқытуды өтті. Мектепте мұғалімдерді интерактивті тақтамен жұмыс істеуге үйрету курсы өтеді, информатика мұғалімінде педұжыммен сабақ өткізу үшін бұйрық пен бағдарлама бар (кесте, мұғалімдер тізімі).
АКТ-ны қолдану бойынша курсты өткен мұғалімдер саны

Интерактивті тақта

«Intel»-технология

«PASCO»

E-learning

61

9

9

56

Жыл сайын АКТ-ны игеру деңгейін анықтау үшін тестілеу өткізіледі. Барлық санаттар бойынша оң динамика байқалады:




Мұғалімдердің АКТ-ны иеленуі

2013-2014

2014-2015

2015-2016

Үйінде компьютер бар

86%

96%

96%

Сабақтарды АКТ-ны қолданумен өткізеді

70%

80%

82%

Мұғалімдердің АКТ-ны иелену деңгейі:










Компьютерді мәтін теру үшін қолданады

100%

100%

100%

Бағдарламаларда жұмыс істейді, презентациялар жасай алады

85%

95%

97%

Ғаламторды және электронды поштаны қолдана алады

86%

100%

97%

№43 ЖОМ-да ақпараттық-компьютерлік технологияларды ішкі саясатты басқаруда кең қолданады:

1.Шағын ауданды есепке алу электронды базасы.

2.ҰБТ, ОЖСБ-ға дайындық кезінде байқау тестілеуінің нәтижелерін есепке алу электронды базасы.

3.Үлгерім мониторингінің электронды базасы.

4.Мектептің оқушылар құрамын есепке алу электронды базасы.

5.Педагогикалық кадрлардың қозғалысын және сапалы құрамын есепке алу электронды базасы.

6.Психологиялық қызметтің психологиялық зерттеу нәтижелерінің электронды базасы.

7.АКТ және басқа педагогикалық технологияларды қолданған сабақтарды есепке алу электронды базасы.

8. Кітапханалық қорларды автоматтандыру.

9. Автоматтандырылған өңдеу және нәтижелер талдауымен SAR тестілеу жүйесі.

10. Оқушылардың денсаулық жағдайы бойынша мәліметтердің электронды базасы.



Педагогтердің қосымша кәсіби білімі үшін толығымен мектеп кітапханасы қолданылады, оның қорында 7 пәндік әдістемелік журнал, 12 басқа мерзімді басылым, 828 дана әдістемелік әдебиет, түрлі пәндер бойынша 1713 дана мультимедялық қамту бар. Бұдан басқа кітапханада ҒАЛАМТОР желісі бар.
П
Педагогикалық кеңес
ЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰЖЫМНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТУ ҚҰРЫЛЫМЫ

Группа 30

Бұл құрылым оқу-әдістемелік мәселелерді икемді әрі тез шешуге және басқару шешімдерін қабылдауға, әдістемелік дайындықтарына байланысты барлық мұғалімдердің біліктілігін арттыру және кәсіби шеберліктерін жоғарлату жұмыстарына қосуға мүмкіндік береді.

Мектепте ғылыми-әдістемелік жұмыстың негізінде зерттеу қызметі жатыр. Тәжірибелік қызметте жұмыстың зерттеу әдістерін қолдану қажеттілігі заманауи мектеп мұғалімінің маңызды сипаты ретінде қарастырылады. Зерттеу жұмыс кәсіби өздігінен дамудың негіз болатын үдеріс ретінде түсініледі. Демек, мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысының басты мақсаты – зерттеп оқыту, яғни, педагогтердің өздігінен, кәсіби қызметінің жаңа тәсілдерін шығармашылық түрде игеру және қайта жасау қабілетін дамыту.Қазіргі кезде педагогтың зерттеу біліктілігі оның кәсіби құзыретінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Қазіргі кезде мектепте көптілділікті енгізу бойынша тәжірибелік қызмет жүргізілуде. 5-6-шы сыныптарында Қазақстан тарихы және география сабақтары терминологиясы қазақ тілінде оқытылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет