Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың



Pdf көрінісі
бет108/250
Дата24.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#129702
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   250
4-мәтін 
 
1.  Он  жеті  жасқа  қараған  кезде  Ибн  Сина  дәрігер  ретінде  Бұхарада  үлкен  атаққа  ие  болып, 
Бұхарадағы әмір сарайына шақырылды, Нух ибн Мансұр ұзақ уақыт бойы ауырды, оны емдеген 
сарай маңындағы дәрігерлер оған көмектесе алмады. Ибн Сина аз уақыт ішінде басқарушыны 
емдеп  шығарып,  әмірдің  жеке  дәрігері  болып  сайланады.  Сөйтіп  Таяу  Шығыстағы  ең  жақсы 
және бай кітапхананы пайдалануға рұқсат алды. Мүмкін дәл сол Бұхара кітапханасында оның 
медицина  бойынша  қорытынды  еңбегін  жасау  идеясы  туындаған  шығар.  Бірақ  ол  кезде 
ғалымның ойлағанының бәрі орындала бермейтін. 900-ші жылдардың соңында Бұхара соңғы 
тыныш күндерін бастан өткізеді. Мемлекет жан-жаққа бөлініп, қарахандықтар, түрік көшпелі 
тайпалары астананы жаулап алды. Қала тоналып, кітапхана жанып кетті... 
1002  жылы  әкесі  қайтыс  болған  соң,  Ибн  Сина  Хорезмнің  астанасы  Гурганджыға  (қазір 
Үргеніш)  көшіп  келеді.  Жергілікті  басқарушы  шах  сарайындағы  Мамун  Академиясына  пікір 
таластыру  үшін  келген  ғалымдарға  қолдау  көрсетті.  Ибн  Синаның  соңынан  Хорезмге  Бируни 
мен Масихи келді. Біраз жыл ғалымдар тыныштық тауып, ғылыммен шұғылдануға мүмкіндік 
алды. 
2.  Көрші  Газна  мемлекетінің  сұлтаны  Махмуд  басқарушы  Хорезмнің  бай  жерін  басып  алғысы 
келді,  1008  жылы  ғалымдардан  оның  астанасына  қоныс  аударуын  талап  етті.  Ибн  Сина  мен 
дәрігер  Масихи  сұлтанға  барудан  бас  тартып,  түнде  Қарақұм  арқылы  қашып  кетеді.  Аңыз 
бойынша  үшінші  күн  жол  жүріп  келе  жатқанда,  дауылға  тап  болып,  адасып,  сусыз  және 
тамақсыз  қалған.  Масихи  шөл  далада  жантәсілім  етеді.  Ибн  Сина  әзер  дегенде  аман  қалады. 
Сұлтан  Махмуд  Газневи  барлық  қалаларға  Ибн  Синаның  сыртқы  түрін  суреттеп  адамдар 
жібереді.  Кімде-кім  данышпан  дәрігердің  тұрақтаған  жерін  көрсетсе,  үлкен  сый  алатын 
болады. 
3.  Сол  кезден  бастап  Ибн  Синаның  өмірі  Иранның  түрлі  қалаларын  аралаумен  етті.  Ғалым 
Хамада  және  Исфаханда  өмір  сүрді,  онда  ғылыми  шығармашылықпен  айналысты,  нысана 
қызметімен  шұғылданып,  сондағы  әмірлердің  сарай  дәрігері  болды.  Ибн  Сина  басынан  қиын 
жағдайлар өтеді. Бірнеше рет қуғынға ұшырап, абақтыға жабылды. Сол кезеңдерде ғалымның 
көптеген  еңбектері  жоғалып  кетті.  Кейбір  жұмыстарын  Ибн  Сина  ұзақ  жол  жүрген  кезде,  ат 
үстінде отырып жазды. 
4.  Өзінің  күш-жігері  және  ғажап  жадысы  арқылы,  қажетті  әдебиетті  пайдалану  мүмкіндігінен 
айрылса  да,  Ибн  Сина  ғылыми,  әдеби  және  дәрігерлік  қызметін  тоқтатпады.  Өмірдің  қиын 
соқпақтары денсаулығына әсер етіп, 1037 жылы 18 маусымда қайтыс болады. 
5.  «Өлімнің  түйінін  анықтауға»  талаптану,  кұпияны  ашу,  ауруды  жеңіп  шығу,  адамдардың 
өмірін жеңілдету үшін барлық мүмкін болатын нәрселерді жасау Ибн Синамен алға басты, ол 
өзінің медицина бойынша «Китабуль-Канун фит-тыбб» (Дәрігерлік ғылымның ережесі) басты 
еңбегін жазып шықты. Бес томдық энциклопедия «Дәрігерлік ғылымның ережесі»Ибн Синаға 
дүниежүзілік  атақ  әперді,  медицина  тарихында  атағы  жайылған  кітап  болды.  Еңбек  оның 
мазмұны мен дәл құрылымымен ерекшеленді. «Дәрігерлік ғылымның ережесі» грек, үнді және 
орта азиялық медицина білімін және тәжірибесін талдау және жүйелеуді ғана көрсеткен жоқ, 
Ибн Синаның қызметі дәрігерлік тактикаға жаңалық болып енгізілді. 
6.  Бұрын  медицина  ғылымына  белгісіз  жаңа  мәліметгерді  «Ереженің»  әрбір  бетінен 
кездестіруге  болатын.  Ибн  Сина  ауа  және  су  арқылы  тарайтын  көрінбейтін  жұқпалы 
аурулардың  қоздырушысы  туралы  ғылыми  болжамды  алға  тартты.  800  жыл  өткеннен  соң 
француз ғалымы Пастер қоздырушы микроб туралы ғалымның бұл болжамын дәлелдеді. 
13. Мәтіннің мазмұнына лайықты тақырып 
A) Ибн Сина еңбектері                                  D) Танымал Ибн Сина 
B) Сарай дәрігері Ибн Сина                          E) Жас дәрігер Ибн Сина 


 
C) Ибн Сина әмір сарайында 
14. «Дәрігерлік ғылымның ережесі» кітабы Ибн Синаға дүниежүзілік атақ әперуінің себебі 
A) Ибн Синаның дәрігерлік тәжірибесі жаңа тактика болып енгізілгендіктен 
B) Европа медицинасының тәжірбиесі талданғандықтан 
C) Дәрігерлік тәжірибесіндегі оқиғаларды суреттегендіктен 
D) Сол кездегі мықты дәрігерлермен бірлесіп жазғандықтан 
E) Ибн Синаның бірнеше елдердің медицинасын зерттегенінен 
15. Ибн Сина Гурганджыға қашан көшіп келді? 
A) 900 жылы Бұхарада жүргенде           D) 1008 жылы қоныс аударғанда 
B) 1010 жылы қуғынға ұшырағанда      E) 1002 жылы әкесі қайтыс болған соң 
C) Өзінің басты еңбегін аяқтаған соң 
16. Мәтін мазмұнынан алшақ сөйлемдер 
1. Ибн Сина ауруына себепті дәрігерлік қызметін тоқтатады. 
2. Кейбір еңбектерін ат үстінде жүріп жазды. 
3. Ибн Сина Иранның түрлі қалаларында болады. 
4. Ибн Сина Хорезмде өмір сүрмеген. 
A) Бірінші мен үшінші                               D) Бірінші мен төртінші 
B) Екінші мен үшінші                                E) Екінші мен төртінші 
C) Бірінші мен екінші 
17. Ибн Сина мен дәрігер Масихидің Хорезмнен қашып шығу себебі 
A) Басқа қалаларға барып ғылыммен айналысқылары келеді 
B) Махмуд сұлтанның ғалымдардың қоныс аударуын талап етуі 
C) Білімдерін әрі қарай жалғастырғысы келеді 
D) Жат жұрттық сұлтанға бағынғысы келмейді 
E) Газна мемлекетінің сұлтаны Махмуд сұлтаннан қорқады 
18. Мәтін мазмұнын түйіндейтін даналық ой 
A) Білім қымбат, білу қиын.                                        D) Өнерлінің өзегі талмас. 
B) Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді.             E) Ақыл ойдан туады. 
C) Өнерлінің қолы алтын. 
19. Мәтіннің үшінші бөліміндегі айтылған ой 
A) Ибн Синаның қуғынға ұшырауы 
B) Ибн Синаның Хорезмге келуі туралы 
C) Ибн Синаның шөл далада қалғаны туралы 
D) Ибн Синаның ғылыми еңбектері туралы 
E) Ибн Синаның Масихимен танысуы туралы 
20. Ибн Синаның кейбір еңбектерін ат үстінде жүріп жазуының себебі 
A) Шел далада ат үсті ыңғайлы болғандықтан 
B) Уақыттың тығыз болғандығынан 
C) Еңбектерін ешкімге көрсеткісі келмегендіктен 
D) Қуғын-сүргінге ұшырап жүргендіктен 
E) Ат үстінде жаңа идеялар туатындықтан 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   250




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет