Постдуральды (позициялық) дренаж (бронхты қақырықтан тазарту)
Мақсаты: төсектегі науқастың дене қалпын ауыстырғанда қақырық күш әсерімен ағады, қақырықтын бөлінуін қамтамасыз ету.
Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің аурулары (бронхит, бронхоэктазды ауру, өкпе абсцессі және т.б).
Даярлаңыз: түкіргішті -1/4 бөлігін зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз, егер де қақырықты зерттеуге жинауға қажеттілігі болмаса.
Іс-әрекет алгоритмі:
I. Квинке бойынша дренажды қалыпты жасаңыз.
Емшараға науқастын келісімін алыңыз.
Бас жақ деңгейден 20-30 см жоғары кереуеттін аяқ жағын көтеріңіз
Төсектегі науқастың жағдайын бақылаңыз, жөтел пайда болғанда қақырықтың бөлінуінің көбейгеніне көзіңізді жеткізіңіз.
10-15 минуттік үзіліспен емшараны бірнеше рет 20-30 минут бойы қайталаңыз.
Кереуетке әдеттегідей қалып беріңіз (науқаста дененің көтеріңкі қалпымен байланысты жағымсыз сезім шағымы пайда болғанда)
Достарыңызбен бөлісу: |