СеппеНІ қолдану
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: баздануда, тершеңдікте теріні құрғату.
Дайындаңыз: сеппені, сүлгіні немесе сүрткіні, суды, қолғапты, қауіпсіз жинауғажәне жоюға арналған контейнерді,дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі:
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, сепппенің жарамдылығын тексеріңіз. (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Науқасқа ұнтақ дәрі туралы мәліметті беріңіз.
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
Науқастың ұнтақ себетін терісі аймағын жылы сумен жуып, сүлгімен (сүрткімен) сүртіп құрғатыңыз.
Сеппесі бар ыдыстың түбін жоғары қаратып төңкеріп, сілкіген қозғалыспен бір қалыпта терінің қажетті бетіне ұнтақты себіңіз (теріге «опа» жаққандай).
Қолғапты шешіп,қауіпсіз жинауғажәне жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |