Науқасты және медициналық құрал-саймандарды ІШті тесуге (лапароцентезге) ДАЙЫНДАУ
Мақсаты: диагностикалық: асциттік сұйықтықты лабораториялық зерттеу; емдік: іш шеменінде іш қуысына жиналған сұйықтықты алу.
Қолданукөрсетілімдері: іш шемені, іш қуысының қатерлі ісігі, созылмалы гепатит және бауыр циррозы, созылмалы жүрек-қан тамырлары жетіспеушілігі.
Қарсы көрсетілімдері: қан қысымы өте төмендегенде, іш қуысындағы жабыспалық процесінде, іш қатты кепкенде.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: мақта шариктерін, қолғапты, троакарды, 5, 10, 20 мл шприцтерді, салфеткаларды, қақпағы бар банкіні 0,5 новокаин ерітіндісін, 5 йод ерітіндісін, тері антисептигін, шығарылған сұйықтықты құюға арналған ыдысты, шылапшынды, пробиркаларды, еңді ақ жайма немесе сүлгіні, лейкопластырьді, анафилактикалық шокта көмек көрсетуге арналған жиынтықты, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, зерттеуге жіберетін жолдаманы, таңғыш материалдарды, пинцетті, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Достарыңызбен бөлісу: |