«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Атиптік жасушаларға қақырықты жинау



бет182/254
Дата22.04.2020
өлшемі499,1 Kb.
#63800
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   254
Байланысты:
Кәсіби стандарт МІ

Атиптік жасушаларға қақырықты жинау
Мақсаты: қақырықтағы қатерлі ісік жасушаларын анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: тынысалу мүшелерінің аурулары, қатерлі ісік ауруларына күдік болған жағдайда.

Дайындаңыз:

  • сыйымдылығы 50 мл бір рет қолданылатын контейнерді, контейнердің сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімін, палата нөмірін, науқастың аты-жөнін, жасын, зерттеу мақсатын, күнін).


Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы мәліметті айтып, оның келісімін алыңыз.

  2. Қақырық ерте таңертең (ашқарында) асқа дейін жиналады.

  3. Науқастан сұраңыз:

  • таңертең, қақырықты жинауға 2 сағаттай қалғанда тісін тазалауды;

  • тұп-тура қақырық жинар алдында ауыз қуысы мен жұтқыншақты қайнатылған сумен шаюды;

  • тік тұруын немесе тік отыруын;

  • қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында контейнерді ұстауды;

  • бірінші рет терең дем алуды және дем шығаруды жасауды, сосын жөтелуді.

  1. Жаңа бөлініп шыққан 3-5 мл мөлшеріндегі қақырықты контейнерге жинап, оны қақпақпен жабыңыз.

  2. Жиналған қақырықты қарап, бір сағаттан кешіктірмей лабораторияға жіберіңіз, себебі атиптік жасушалар жылдам бұзылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   254




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет