Клиникалық өлімнің ұзақтығы – қан айналымы жоқ жағдайда толық оттегі жетіспеушілігінде бас миы жасушаларының қабілеттілігімен анықталады. Жүрек тоқтаған соң 5-6 минут аралығында бұл жасушалар өледіде, кенеттен есінен айырылады.
Клиникалық өлімнің белгілері:
Реанимация – бұл организмді тірілту, тіршілік маңызды қызметін қалпына келтіруге, алдымен тыныс алу және қан айналуын, ұлпаларды жеткілікті мөлшерде оттегімен қамтамасыз етуге бағытталған.
Тірілту бойынша шаралар кешіктірілмей басталуы қажет.
Оқиға болған жерге қарамай бастапқы іс-әрекет аман алып қалу бойынша бірдей жүргізіледі, бұл жерде маңызды 2 міндетті әдісті орындау:
зардап шегушіні көлденең қатты жерге жатқызыңыз. Осы әдісті жұмсақ бетке орындау күткен әсерді бермейді, өйткені жұмсақ бет құтқарушының қимылдауымен серпіліп, жүректі қажетті қысуға мүмкіндік бермейді;
кеуде торының алдыңғы бетін жалаңаштаңыз, белдігін босатыңыз.
Әрі қарай Питер Сафардың басшылығына сәйкес тірілту келесі кезеңдерден тұрады:
А ережесі. Жоғарғы тыныс жолдарының ерікті өткізгіштігін қамтамасыз ету.
В ережесі. «Ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» әдістері өкпенің жасанды вентиляциясы арқылы тыныс алуды жасанды қолдау.
С ережесі. Жүрекке массаж жасау арқылы қан айналымын жасанды қолдау.
Достарыңызбен бөлісу: |