АЯҚҚА ҚЫША ВАННАСЫН ЖАСАУ
Мақсаты: аяқтардың қан тамырларын рефлестік кеңейту.
Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары (пиодермия, терінің іріңді аурулары, нейродермит, экзема).
Дайындаңыз: 50 г құрғақ қыша 10 л жылы суға (400-450 С): емшарадан кейін аяқты жууға арналған жылы суды, сүлгіні, ақ жайманы, аяқты орауға арналған көрпені.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқастан қышаны көтере алатынын анықтаңыз. Егер де қышаны көтере алмаса, тек жылы су қолданылады.
Терісін қараңыз қарсы көрсетілімдері жоқтығына көзіңізді жеткізіңіз.
Жылы суда қышаны ерітіп, қыша ваннасын даярлаңыз.
Аяқты тізеге дейін 20-30 минутқа ваннаға салып,табаныныңтерісі қызығанға дейін салыңыз.
Емшарадан кейін аяқты жылы суда жуыңыз, сүлгімен сүртіңіз. Ваннадағы температура тұрақты 400 -450 С шамасында болуын қадағалаңыз.
Аяқты ақ жаймамен және көрпемен 30-60 минутқа ораңыз(қымтаңыз).
Достарыңызбен бөлісу: |