Мейірбикелік көмекті жоспарлау



бет12/28
Дата12.12.2021
өлшемі85,43 Kb.
#99704
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28
Байланысты:
Мейірб кезең-1

Қаңқа бөліктеріпе: бассүйек (омыртқа бағаны жөне кеуде торы) және аяқ-қол (аяқ-кол белдеулері және еркін қозғалатын қол және аяқ) сүйектері жатады. Олардың кұрамына енетін ірі сүйектерді жатқа біліп, суреттен көрсете білу кажет. Бассүйектің екі бөлімі бар, сүйектері жұп және так болып келеді.

Милық бөлімде: шүйде және маңдай сүйектері - так, ал төбе және самай сүйектері жұп орналасқан. Бет бөліміндегі бетсүйек пен үстіңгі жақ сүйектер — жұп, төменгі жақсүйек так болып келеді. Бұл сүйектердің барлығы, астыңғы жақ-сүйектен басқасы (буын), жалпақ және тігіс арқылы байланысқан.

Кеуде торы бір тәссүйектен және 12 жұп қабырғадан тұрады. Омыртқа бағаны 33-34 омыртқадан құралады. Омыртқа бағанының мынадай бөлімдері бар: 7 мойын; 12 кеуде; 5 бел; 5 сегізкөз; 4-5 құйымшақ омыртқалардан тұрады. Жалпақ сүйектердің барлығы жартылай қозғалмалы байланысқан, қабырғалар омыртқа бағанына буын арқылы байланысады.

Қол белдеуінде екі-екіден жауырын және бұғана сүйектері бар. Еркін қозғалатын қолдың тоқпан жілік және жілік пен шынтақ сүйектерінен құралған білек сүйегі; білезік, алақан және саусақтың бақайшағынан (бас бармақтан басқа саусақтардың барлығында үш-үштен бақайшақ болады) құралатын қол басы сүйегі бар.

Аяқ белдеуінде екі жамбас сүйегі болады. Олардың әрқайсысы бітісіп кеткен үш сүйектен: мықын сүйек, шонданай сүйек, қасаға сүйектерден құралған. Еркін қозғалатым аяқтың ортан жілік, сирақ сүйектері - асықты жілік және кіші жіліншік сүйектерінен; аяк ұшының сүйектері табан қоспасының сүйектерінен, табан сүйектерінен, саусақ бақайларынан құралады.

Адам қаңқасы құрылысы, химиялық құрамы және сүйектер байланысы, қаңқа бөлімдерінің бірдейлігі жағынан приматтарға ұқсас. Адам қаңқасындағы айырмашылық тік жүруге және еңбектену өрекетіне байланысты қалыптасқан. Бұл айырмашылықтарға омыртқа жотасының 8 пішінді болуы (4 иілімі бар: бірінші, үшіншісі - алға қарай; екінші және төртіншісі артқа қарай иілген), аяқ ұшының күмбезденуі, кеуде торы қабысып, жамбасы астауша тәрізденген, бассүйектің милық бөлігінің, бетсүйектен үлкен болуы, қарақұс тесігінің артқа қарай ығысуы жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет