І. МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: Артериялық қысымның күрт төмендеуі (коллапс)
ІІ. МАҚСАТЫ: артериялық қысымды біртіндеп жоғарылату (индивидуалды уақыт)
ІІІ. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:
1) дәрігерді дереу шақырту (бұл жағдай білікті дәрігерлік көмекті
қажет етеді);
2) науқасты көлденең жастықсыз қалыпта, аяқ жағы көтеріңкі етіп
жатқызу (миға қан келу жақсарады);
3) емделушіні жылыту: жылы орау, аяқтарына жылытқыш қою,
ыстык шай немесе кофе (мидың қанайналымы жақсарады,
тамырлардың тонусы жоғарылайды) беру;
4) таза ауаның келуін қамтамасыз ету немесе ылғалды оттегімен
ингаляция жүргізу (мидың қанайналымы жақсарады);
5) әр 5 минут сайын қалпына келгенге дейін манжетті алмай АҚ-мен
пульсті бақылау;
6) профилактикалық мақсатта коллапстың даму себептері туралы
науқаспен әңгімелесу.
Достарыңызбен бөлісу: |