Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 8 Қатысқандар: Қатыспағандар



бет20/25
Дата03.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#108270
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
БИОЛОГИЯ 8 СЫНЫП ҚМЖ

Жанартаулар атқылау. Жер қабаттарында магмалық жыныстардың жер бетіне қарай жылжуы, өзімен бірге газ бен су буларын сыртқа шығарады. Табиғат құбылысы жолындағы биоценозды, шарушылықтарды қиратып, ауаға зиянды газдарды шығарады.жанартаулар атқылау кезінде өрт, топырақ көшкіндері, су тасқындары болуы мүмкін. 
Су тасу апаты. Су тасу — теңіз, көл және өзен жағалауларында болатын табиғат құбылысы. Су тасудан мұхиттар мен теңіз жағалауларындағы елді мекендер жиі зардап шегеді. Біздің республикамызда су тасу жағдайлары Іле, Жайық , Сырдария, Нұра, Тобыл, т.б. өзендер бойында көктемде жиі байқалады. Оның себебі, көктемде қар сулары қосылып, жағаны су басып кетеді. Су басқан жерлер бұзылып, ластанып, жарамсыз жерлерге айналады. 
Дауылдар ауа қысымының әсерінен пайда болып, жер бетіне күшті желдер тудырады. Ал борандар қарлы, шаңды, жауын-шашынды болып ауыл шаруашылығына ( бау-бақшаға, егістікке), ғимараттарға, табиғи биоценоздарға көп шығын келтіреді. Дауылдар мен борандар қазақстанның оңтүстік , оңтүстік – шығыс, орталық аймақтарында жиі болып тұрады. 
Құйындар – ауа ағысының үйіріліп, күшті соғуы. Құйындар соққан кезде жолындағы заттарды ұшырып, қиратып, бір жерден екінші жерге апарып тастайды. Тарихта аспаннан балық, бақа жауған деген деретер бар. Ол-құйынның әрекеті. 
Өрттер. Жер шарында қуаңшылық жылдары Африка, Аустралия, Орта Азия, т.б. жерлерде жиі болып тұратын өрт — өте қауіпті табиғат апаты. Ол көбінесе адамның әрекетінен болады. Табиғи өрттердің көзі – найзағай. 
Орманда болатын өрттер өте қауіпті. Соңғы жылдары Қазақстан аумағында таулы ормандарда өрт жиі болуда оның себебі, демалушылардың жауапсыздығы. Сондықтан әрбір азамат, туристер тобы орман – тоғайларда демалғанда «Өрт қауіпсіздігі» ережесін бұлжытпай орындауға міндетті. Арнай өрт қоюшылар біздің елімізде және басқа елдерде де қатаң жауапқа тартылады.

Қазақстан аумағының табиғи ресурстары түгел дерліктей әр түрлі деңгейде барынша пайдаланылған. Әсіресе қазба байлықтарды өндіру мен өңдеу және тасымалдау барысында ысырапшылдыққа жол берілген. Ашық кен өндірісі көмірді игеру барысында табиғат орасан зор зардап шекті. Оның үстіне сынақ палигондары, тың игеру, ірі құрылыстарды салу, т.б экологиялық тұрғыда ерекше зардаптарын тигізді. Мысалы, Семей өңірінің радиоактивті заттармен ластануы өте жоғары. Осы жерде шоғырланған 154 өнеркәсіп орындарынан жылына 294 мың тонна улы химиялық заттар қоршаған ортаға таралады.

Қазіргі кезде Қазақстан аумағының шамамен 33,6 млн га жері сынақ полигондарының салдарынан бұзылғаны анықталды. Сол сияқты республика аумағында барлығы 16 млрд-тай радиоактивті қалдықтар жинақталған. Қазақстанның құрғақ климатты жағдайында радионуклидтер топырақта баяу қозғалып, ұзақ сақталып, экожүйелерді бұзады. Осылайша топырақ негізгі ластану көзі ретінде радионуклидтерді өсімдіктерге, одан жан-жануарларға, адамға жеткізіп отырады. Ал адам баласы өз кезегінде генетикалық, соматикалық, онкологиялық ауруларға ұшырап, зардап шегеді. Қазірдің өзінде Қазақстанда шамамен 2,6 млн адам мутагенез ауруымен есепте тұрады.

Экологиялық апатты аймақтағы тұрғындарды әлеуметтік және материалдық жағынан қорғау барынша жұмыстар атқарылып жатыр. Соның бастылары – тұрғындарға тікелей дәрігерлік көмек көрсету және көптеген әлеуметтік жеңілдіктер беру. Экологиялық апат аймақтарына өкімет тарапынан қаржы бөлініп, оның зардаптарын жою, өңдеу, техникалық жағынан қауіпсіздендіру жұмыстарын жоғары ғылыми-техникалық прогресс деңгейінде іске асырылу көзделуде. Ең бастысы өндіріске аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияны енгізу бүгінгі күннің талабы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет