Мақсаты: Қазақстан Республикасында тұратын өзге ұлт адамдарына, олардың мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне мейірімді және сыйластық қатынасқа тәрбиелеуге бағыттау.
Міндеттері:Қазақстан Республикасында тұратын өзге ұлт адамдарының мәдениетіне сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.
1.апта Қазақтың салттары мен дәстүрлері
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Бесік жыры».Х.Ергалиев.
тіл дамыту хрестоматия.
Бесік жырын тыңдату, сөздердегі дауыссыз дыбыстарды анық айтуға, тыңдалған бесік жырын қайталап айтуға үйрету
Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Дастарқан».әңгімелеу.
Қазақтың қонақжайлылық дәстүрімен таныстыру, жұмбақ шешкізу, жаңылпаштарды жатқа айтқызу