Мектепте биологиядан кластан тыс жұмыстар



бет69/88
Дата05.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#16718
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   88
Методикалық нұсқау: Биология апталығы кестесінің жоспарын құру.
Сұрақтар: 1. Биология апталағы қандай кезде өткізіледі.
2. Биология апталығын кім ұйымдастырады.
3. Апталыққа қорытындыны кім жасайды.
Әдебиеттер:1. А.Н.Никишов «Внеклассная работа по биологии» М, «Просвещение».
2. К.Н.Задорожный «Предметная неделя биологии в школе» Ростов-на-Дону «Феникс»
3. «Биология в школе» журналы, №3, 1991ж.
13 апта
13 практикалық жұмыс
Тақырып: Тірі табиғат бұрышындағы жануарлардың құрлымы.
Мақсаты: Тірі табиғат бұрышындағы жануарлардың құрлымымен танысу.
Тапсырмалары: 1. Аквариум және оның құрлымы.
2. Инсектарий, террариум, вольерлер туралы түсінік.
Аквариум-ағзалардың жеке дамуын, өзара және қоршаған ортамен байланысын, жалпы тірі ағзаны жан-жақты зерттейтін жұмыс орны. Аквариумның биологиялық жиынтығы: түзуші, тұтынушы, ыдыратушы ағзалардан тұратын экологиялық жүйені құрайды. Аквариум-оқушылардың табиғаттағы зат айналымымен, қоректік тізбектегі жеке ағзалардың маңызымен танысуына мүмкіндік береді. Кез-келген сарамандық жұмыстарда су тазалығын сақтау, балық өсіру, табиғи су ресурстарын пайдалану үшін, тұщы су өсімдіктері мен жануарларының су ортасындағы тіршілік жағдайларымен таныс болу керек. Аквариум – бұл жолдағы алғашқы қадам. Аквариум - экожүйенің қарапайым моделі. Аквариум латынның «aguarium-суқойма» деген сөзінен шыққан. Ол-суда тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарларды зерттеуге, бақылауға, тамашалауға арналып дайындалған, көлемі әр-түрлі болып келетін шыны ыдыс.
Мектептегі аквариум демонстрациялық, сәндік және зертханалық болады. Демонстрациялық аквариумды сабақ өтетін биология кабинетіне орналастырады және сабаққа қажет өсімдіктер мен жануарлар өсіріледі. Сәндік аквариум мектептегі тынығуға арналған бөлмеге қойылады және эстетикалық талғамға сай жабдықталады. Зертханалық аквариум күнделікті сабақта және сыныптан тыс зерттелетін өсімдіктер мен балықтарды бақылау үшін қажет. Сондықтан зертханалық аквариум зертханалық бөлмеге,тірі табиғат бұрышына немесе биология кабинетіне орналастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет