Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар сабақтың мақсаты



Pdf көрінісі
бет1/68
Дата07.02.2022
өлшемі232,06 Kb.
#91989
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68


Бірінші зертханалық-тәжірибе сабағы
МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА. МИКРОСКОПТАР
Сабақтың мақсаты.
Микробиологиялық зертхананың жұмыс істеу ережелері және қауіпсіздік
техникасымен танысу. Микроскоптардың құрылысы және олардың жұмыс істеу ерекшеліктерін меңгеру.
Жабдықтар мен материалдар.
Штативтер, шыны түтіктер, микробиологиялық ілмектер, пастер
шыны түтіктері, бояғыш заттар, зат шынылары, микроскоптар, иммерсионды май, микроорганизмдерден
дайындалған препараттар және т.б.
Микробиологиялық зертханада
студенттер микробиологиялық, серологиялық және басқа да
зерттеу тәсілдерін меңгеріп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, микробиология пәні бағдарламасының
мәселелерімен танысады.
Жарықтың мол болуы үшін зертханадағы жұмыс үстелдері терезеге жақын орналастырылуы қажет.
Үстелдердің беті пластикпен, плексигласпен немесе қалың шынымен жабылып, ортасына шыны түтіктерге
арналған штативтер, бояулар құйылған ыдыстар немесе тамызғыштар, спирт шамдары және т.б. қойылады.
Ұсақ жануарлардың өлекселерін немесе олардың мүшелерін жарып тексеруге арналған кішірек
үстелше болғаны дұрыс. Оқу барысын қамтамасыз ету үшін микроорганизмдер өсінділері, қондырғылар
және жуу, стерильдеу, қоректкі орталарды дайындау, бокс, препарат, термостат, жануарларды күтуге
арналған виварий және басқа да бөлмелер болуы керек. 
Жуу бөлмесінде
үстелдер, раковина, электр немесе газ плиталары, кептіргіш, ауа сорғыш шқаф
судың буы мен шыны ыдыстарды жууда қолданылатын реактивтердің иістерін кетіру үшін қажет. Бұл жердің
едені мен қабырғалары кафельмен қапталады.
Стерильдеу бөлмесінде
бір немесе екі бумен стерилбдейтін қондырғылар мен үстелдер болады.
Стерильдеу бөлмесінде стерилизаторларды ашқаннан кейінгі шығатын будың қалдықтарын кетіру үшін
бөлме желдеткіштері болуы қажет. Қысымның көтерілуіне дейінгі пайда болатын бу резеңке түтік арқылы
сыртқы ортаға шығарылады немесе суы бар шелекке бағытталады. Бұл бөлменің есіктері мен терезелері
сыртқа қарай ашылғаны жөн. 
Қоректік орталарды дайындау
бөлмесінің
қабырғалары плитамен қапталған немесе майлы бояумен
сырланған, ал еденіне плита немесе линолеум төселеді. Мұнда газ немесе электр плитасы, шыны түтіктерге
құйылған қоректік орталарға арналған бөліктері бар жәшіктер, үстелдер, қоректік орта компоненттерін, ет
сорпасын және басқа да сұйық орталарды сақтауға арналған мұздатқыш пен шкафтар болады. 
Термостат бөлмесінде
әр түрлі көлемдегі термостаттар орналастырылады. Зең саңырауқұлақтарды
өсіруге арналған термостаттың температурасын 20-25°С, көптеген сапрофитті микроорганизмдерге 25-30°С,
жұқпалы аурулардың қоздырғыштарына 35-37°С, ал термофилді микроорганизмдерді өсіру үшін 40-45°С-ге
реттелген термостаттар болады.
Препарат бөлмесі
– зертханалық-тәжірибе сабақтарына қажетті құралдарды дайындауға арналған
жұмыс орны. Бұл жерде оқу барысына керекті барлық жабдықтардың болуы тиіс (мұздатқыш, дистиллятор,
таразылар, центрифуга, микроскоп және т.б.).
Бокс бөлмесі
– стерильді жағдайда микроорганизмдер дақылдарын себу және қайта себу, сонымен
қатар, кейбір ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде қолданылатын бөлме. Бокстың жылжымалы есігі бар
тамбуры болады. Бокстың терезесі сыртқы ортадан ауа кірмейтіндей әйнектеліп, қабырғалары плиткамен
қапталады немесе майлы бояумен сырланады. Еденіне линолеум төселеді. Боксты натрий гидрокарбонатын
(ас содасын 2-3%-ы), 3-5%-ды карбол қышқылы және басқа да дезинфекциялағыш заттардың ерітінділерімен
ылғалдандырып, жуып тұрады. Бөлмені толқын ұзындығы 254 нм улбтракүлгін сәулелерін тарататын
бактерицидті лампалармен (БУВ-15, БУВ-30, т.б.) 30 минуттан бірнеше сағат аралығында стерилдейді.
Бактерицидтік лампа іске қосылып тұрған уақытта бөлмеге кірмеген дұрыс, өйткені ультракүлгін сәулелері
көздің қасаң қабығын қабындырады.
Вивари
– ақ тышқандарды, ақ егеуқұйрықтарды, теңіз шошқаларын, үй қояндарын және басқа
зертханалық жануарларды күтуге арналған бөлме. Жануарлар ғылыми-зерттеу жұмыстарында және сабақ
өткізу ұшін қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет