Диакинез. Хроматидтердің ширатылуының нәтижесінен хромосомалар жуандап, қысқарады,ядро қабықшасы толығымен жойылады. Хромосома ұштарындағы хиазмдарда ажырай бастайды. Хроматидтерде хиазмдар болмайды. Генетикалық материалдың мөлшері сақталады. (2n 4с).
Профаза соңында ядрошық және ядро қабығы еріп, хромосомалар цитоплазмаға шығады және жасушаның экватор жазықтығына қарай жылжиды.
Пахитена және диплотена сатысында өтетін транскрипцияның белсенділігі жыныс жасушаларының дамуының, әсіресе ооциттердің өсу сатысынада айқын байқалады. Бұл кезде ұрықтың дамуының ерте сатысына қажетті ақуыздар белсенді синтезделіп жинақталады.
Диплотена сатысында өсіп жатқан ооциттарда хромосомалар «лампалық щетка» түріне ие болады. Хромосомалардың белгілі бір бөліктері де жұп ілмектер түзеді. Ілмектер хроматиннің активті деконденсацияланған бөліктері, сол жерде м РНҚ көп мөлшерде синтезделіп жинақталады.