«Құлаққа ұрған танадай»
деген тұрақты тіркес бар. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде бұл
тұрақты тіркес тып-тыныш, жым-жырт деген мағынаны береді делінеді.
Мысалы:
•
Төреші Асан ұйықтап кеткен адамдай көзін жұмып ойға шома
түскен. Ұлы сыншы ойын ешкім бұзар емес,
құлаққа ұрған тана-
дай
бəрі бірдей тына қалған.
(І.Есенберлин. Алмас қылыш.).
•
Хан үндемегеннен кейін тірі жан аузын ашқан жоқ, барлық
жұрт
құлаққа ұрған танадай
үн түнсіз
. (Алмас қылыш).
Осы тұрақты тіркестің қалыптасу мотивіне үңілсек, неге басқа емес
тана жəне оның құлаққа қандай қатысы бар деген сұрақтар туары сөзсіз.
Бірақ тұрақты тіркестердің көпшілігінің қалыптасуында белгілі бір мо-
тив болатынын ескерсек, мұның да бір негізі болуға тиіс. Ол негізді біз
халық тұрмысымен, халық тіршілігімен байланыстыра қарастырдық.
Сиырдың жас төлінде (бұзау, тана, баспақ)
«айналшық»
деген дерт
кездеседі. Оны ғылыми түрде «
ценуроз»
деп атайды. Бұлай ауырған мал
сенделіп, тұрған жерінде айнала береді. Қазақтарда осыған байланысты
Достарыңызбен бөлісу: |