5.5 Өзін-өзі тексеру сұрақтары 5.4.1 Кіріспеден:
1.Жануарлар әлемін оқытуда хордалылар қай сатыда тұрады?
2.Хордалылар тіршілік кеңістігінде қандай ерекшелігемен көзге түседі?
3.Хордалылардың табиғат ортасында таралу кеңістіктерін атаңыз?
4. Хордалылардың қазіргі ғылымға белгілі түрлер саны?
5.Хордалылы жануарлардың табиғат ортасына жетілген қабілеттіліктерін, бейімділіктерін адамның пайдалануы қашаннан бері?
6.Ит адамға серік болғанына қанша мыңдаған жылдар болды?
7.Қойды адамдар қанша мыңдаған жылдардан бері қолға ұстап келген?
8.Осы заманда жануарларды қолға үйретуде қандай түрлерін (құс,аң т.б.) атар едеің?
9.Жануарлардан бастау алатын қандай негізгі ғылымдарды білесің?
10.Жануарлардан бастау алған соңғы кездерде қандай жаңа болашағы мол аралық ғылымдарды білесің?
11.Медицинада жануарлардың қандай заттарынан бағалы дәрі-дәрмек жасап келген?
12.Адам тарихын зерттеуде жануарлар тарихының әсері барма?
13.Адам мен жануарлар тарихын қандай ғылымдар зерттейді?
14.Рио-92. 27-қағида дегеніміз не?
15.Қазақстанның бірінші «Қызыл кітабы»қашан шықты? Онда неше түрлі омыртқалы жануарлар енді? (БҚО бойынша)
16.Омыртқалы жануарлар қандай жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын сақтап, таратады?
17.Жұқпалы ауру қоздырғыштары бар жануарларды атаңыз?
18. Қазақстан (БҚО) территориясында қанша омыртқалы жануарлардың түрлері бар?
19.Хордалылар типіне жатқызу үшін оларға ортақ неше белгі бар?
20.Екіжақты немесе билатериалды симметирия деген не?
21.Хордалылар типінде неше тип тармағы бар? Оларды атаңыз.
22.Погонофор және тікенділер дегеніміз қандай ауызды теңіз жануарлары?
23.Хордалыларды қандай ауызды жануарларға жатқызамыз?
24.Жануарлардың нерв жүйке жүйесі қандай эмбриональды қабаттан пайда болған?
25.Жануарлардың хордасы қандай эмбриональды қабаттан пайда болған?
26.Жануарлардың асқорыту түтігі қалай орналасып, эмбриональды қабаттың қайсысында пайда болған?
27.Асқорыту жолының қай бөлігі екі жақты қызмет атқарады?
28.Желбезекпен тыныс алатын су жануарлар топтарын атаңыз.
29.Өкпе мен тыныс алатындар қай ккеңістіктің жануарлары?
30.Су мен құрлық арасында қалған аралық формадағы жануарлар тобын атаңыз?
31.Қан тамырларының орталық мүшесі қай жерде орналасқан?
32.Хордалылардың шығу тегі жағынан қай тақырып?
33.Хордалылар жүйесін жүйелеуде үлкен еңбек қалдырған ғалым кім? Осы еңбегіне дейін бассүйексіздер мен қабықтылар қалай орналасқан?
5.6 әдебиеттер: 1.В.М.Константинов и др. Зоология позвоночных. Москва «Академия» 2000 стр.4-8
2.Н.П.Наумов,Н.Н.Карташов Зоология позвоночных М.«Высшая школа»1979 т1 стр.5-30
3.С.П.Наумов Зоология позвоночных М., «Просвещение» 1982 стр.8-11
4.К.Б. Олжабекова, Б.Е.Есжанов Омыртқалылар зоологиясы. Алматы «Қазақ университеті» 1-2 том 2007ж. 3-8 бет.
№2 Дәріс