2.4.Бағалы кәсіби балықтарды жерсіндіру 60-шы жылдары ХХ ғ. азық-түлік мәселесі күн тәртібінде болды. Сол кезде балық аулау, тоған шаруашылығы, бағалы кәсіби балықтарды жерсіндіріп, тез өнім алу үшін үлкен күрес басталды. Осы азық-түлік программасының бір мәселесі жаңадан тың тыңайған жерлерге егістікті молайту, мал басын тез көбейту т.б. қалай дегенде де сол кездегі 180 млн. кеңістік адамдары азық-түлік пен қамтамасыз ету мәселесі өте қатаң тұрды.
Қазақстанда өндірістік жерсіндіру бекеті (ҚазӨЖБ) немесе Казахстанская Прооизводственно-акклиматизационная станция-КазПАС.
Орал тоған шаруашылығы (ОТШ) бастап іске қосылған жыл 1965, ал КАЗПАС 1950 ж. өмірге келді. (Рыбы Казахстана т.1 стр. 12) яғни 60 жыл ішінде 65 балық түрлерін жерсіндірілуге жіберілген. Бұның 32 түрі республикамызға жаңа әкелгендер. Осылардың 14 түрі Республика су қоймаларында жерсінгендер. 1969-1970 ж. Өзбекстаннан әкелінген өсімдік қоректі Қытайлық балықтар; ақамур, ақ және сұр дөңмаңдай балықтар дернәсілдерінен өсірілген шабақша , екі жаздық шабақтарынан Орал өзеніне жіберілген. (15000,10000) екі мәрте, жерсінгенін 1998 ж. бастап білдік. 2001 ж. бастап ақдөңмаңдай жөнінде материалдар жинадық. Жіберген үш түрлі өсімдікқоректі балықтардың ақдөңмаңдайы жерсінген белгісін айқын көрсетіп келеді. Бұл еті дәмді де майлы тез өсетін балық. Ол 30 кг дейін өсе алады. Қоректігінен ешбір Жайық өзені балығына бақталас емес.