338
Шынында тек қана жиналыстарда, жиындарда және басқа да
отырыстарда осындай болады. Кезкелген орында президиумда
отырғандай отырады. Оның барлық сөйлеміндегі негізгі екі сөз
– «нақты» және «тұрақтандыру». Бұл екі сөзді басқа сөздермен
байланыстырады.
Білімі орташа – «бизнестің қысқартылған мектебі» сияқты
қайсыбір күндізгі курспен және институттың сырттай факуль-
тетінің есте сақталмайтын ұзақ атауымен. Басшылық креслоға
түскенде көп жыл комиссияда, кеңестерде, комитеттерде, ұжым-
дарда болған соң келеді. Және «жоғарыдағы» кезкелген бұй-
рықтар, тіпті тілектерді өте жақын қабылдайды, тіпті басқа істе-
рін сол үшін ысырып қояды.
Өнеркәсіптегі ең жақсы жетістікке ол демалыста болғанда
ғана жетеді. Демалыстан кейін немесе іс-сапардан соң жина-
лыстар мен мәжілістерді қайта бастайды. Қарамағындағы ма-
мандарға жұмыс істеу уақыты қалмайды.
«
Бульдозер
»
Өзіне мойынсұндыра алмағанның барлығын жояды. Қарама-
ғындағыларды қорқытады және сонысымен олардың өнімділігін
арттырады. Махаббат пен құрметке үміттенбейді де. Өте қатаң
кезеңдерді сағынышпен еске алады.
Экономикалық тартпаларға жүгінбейді, олардың ішінен өзін-
өзі қаржыландыру мен өзін-өзі қамтамасыз етуді қалайды. Осы
тұрғыда ылғи моральдық және қылмыстық кодекстермен кикіл-
жіңге түседі, бірақ ол – әсерленгіш емес және оған көңіл бөлмейді.
Жеке кәсіпкерлер мен журналистерді жек көреді. Кезкелген
типтегі апаттарда айырбасқа келмейді. Оны осы сапалар қоғам
үшін пайдалы ететініне сенімді. Қайта тәрбиелеуге келмейді.
Урбанович А.А. Психология управления: учебное пособие. – Мн.: Хар-
вест, 2004. – 613-616 с. – (Библиотека практической психологии).
Достарыңызбен бөлісу: