Егер сіз 16-23
балл жинасаңыз – онда нашар әңгімелесу-
шісіз. Сізге көп оқып, көп жұмыс істеп, келіссөздер жүргізуді
үйрену керек.
Егер 9-15
балл жинасаңыз
–
онда сізге біраз кемшіліктер
тән. Сіз айтылған пікірлерге сын көзбен қарайсыз, сізге жақсы
әңгімешіге тән біраз қасиеттер жетіспейді; асығыс пікір түюден
аулақ болыңыз; әңгіменің қалай айтылғанына емес, мазмұнына
көбірек көңіл бөліңіз; айтылған нәрсенің астарында не сыр жат-
қанын білуге тырысыңыз; әңгіме кезінде көбірек икемділік көр-
сетіңіз, әріптесіңізбен санасуға үйреніңіз.
Егер сіз 3-8
балл жинасаңыз – онда жақсы әңгімешісіз, бірақ
кейде әріптесіңізді толық түсінгіңіз келмейді екен. Сыпайы түр-
де оның айтқанын қайталап, ойын толық және анық түсіндіруіне
мүмкіндік берсеңіз, өз ойлау екпініңізді оның сөйлеу екпініне
бейімдесеңіз, бір-біріңізді жақсы ұғынуларыңыз мүмкін, әңгіме
қорытындысы жағымды әрі тиімді болып шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |