215
Басқару сапаларының жалпы жиынтығы басқару қабілеттері
болып табылатын немесе қабілет функциясы ретінде болатын
бірқатар санаттарды атап көрсетеді:
1. «Менеджерлік сипаттамалар» ұғымымен белгіленетін же-
текшінің негізгі тұлғалық сипаттамалар санаты. Басқару іс-әре-
кетінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ететіндігінен олар қа-
жетті. Бұл – тұлғаның басқару іс-әрекетіне бейімділігін шарт-
тандыратын фактор. Бұл сипаттамалар екі топқа бөлінеді: жал-
пыәлеуметтік, өмірбаяндық және тиімді менеджерлердің тұлға-
лық сапаларының өзі.
2. Тар ауқымдағы басқару қабілеттері екі топқа бөлінеді: осы
іс-әрекеттің тұтастай тиімділігін анықтайтын жалпы басқару
қабілеттері және оның жекеленген функцияларын табысты ат-
қаруына көмектесетін жекелейбасқару қабілеттері.
Бұл екі санат іс-әрекеттік-функционалдық көрсеткіш бойын-
ша атап көрсетіледі, бірақ басқару психологиясында қабілет-
терді атап көрсетудің тағы бір құрылымдық-психологиялық көр-
сеткіші бар. Оның негізі – психика құрылымы. Бұл көрсеткіш
бойынша басқару іс-әрекеті жалпы және арнайы қабілеттерді
ажыратады. Құрылымдар психикалық процестердің негізгі –
когнитивтік, коммуникативтік, реттеулік, еріктік, мотивтік клас-
тары бойынша құрылымданады.
Достарыңызбен бөлісу: